Нарыққа шолу

Жаһандық үрдістер және олардың ҚМГ стратегиясын жүзеге асыруға әсері

Ресей-Украина қақтығысының мұнай-газ саласына әсері

Қытай экономикасының белсенділігі төмендеуінің əлемдік энергия нарығына тигізетін əсері

Климаттың өзгеруіне қарсы күресті күшейту қажеттілігі

Жаһандық инфляцияның жоғары өсу қарқыны және әлемдік экономикалық өсудің төмендеуі

Экологиялық таза энергияға көшу үшін инвестицияларды ұлғайту

Мұнай-газ ұйымдарында технологиялық инновацияларды дамыту және киберқауіпсіздік тәуекелдерін басқару

Мұнай-газ саласында білікті кадрлар тапшылығының ұзақ мерзімді үрдісі

1. Ресей-Украин қақтығысының мұнай-газ саласына әсері
2. Қытай экономикасының белсенділігі төмендеуінің әлемдік энергия нарығына тигізетін әсері
3. Климаттың өзгеруімен күресті күшейту қажеттілігі
4. Жаһандық инфляция өсімінің жоғарылауы және әлем экономикасы өсімінің бәсеңдеуі
5. Экологиялық таза энергияға көшу үшін инвестицияларды ұлғайту
6. Мұнай-газ ұйымдарында технологиялық инновацияларды дамыту және киберқауіпсіздік тәуекелдерін басқару
7. Мұнай-газ саласындағы білікті мамандар тапшылығының ұзақ мерзімді тренді

Мұнай-газ саласы жылдар бойы жұмыс күшінің қартаюына, салаға келетін жаңа/жас таланттардың шектеулі болуына және технологиялық саланың таланттары үшін бәсекелестіктің артуына байланысты кадр тапшылығына тап болып келеді.

Саланың болашағы үшін маңызды дарынды жастарды табу мен сақтап қалудағы бұл қиындықтар бірнеше факторларға байланысты болуы мүмкін:

Жұмыс орнындағы жаңа динамика

Мұнай-газ саласы салыстырмалы түрде тұрақты және консервативті сала болып саналады. Талантты қызметкерлер үшін таласқа компаниялар барған сайын икемді болып, заманауи жұмыс күшінің жаңа реалийлеріне бейімделуі керек. COVID-19 пандемиясына байланысты көптеген компаниялар мүмкіндігінше өз қызметкерлеріне қашықтан жұмыс істеуін жеделдетті және икемді жұмыс кестесіне рұқсат берді. Бұл өзгеріс энергетикалық компанияларға болашақ буынның құндылықтарын жақсы түсінуге көмектесуі мүмкін.

Сонымен қатар жұмыс күші әртараптандырылған сайын, басшылар әртүрлі ортадағы адамдармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы түсініктерін кеңейтуге тырысады. Бұның ішінде ESGдің маңызы өсіп келе жатқанын, сондай-ақ демографияның нәсіл, жыныс, сексуалды бағдар сияқты деректер мен құндылықтарды мойындап, қабылдау да бар.

Мұнай-газ саласындағы персоналдың болашақ буыны
Дереккөз: 2021-2022 жылдардағы энергетиканың болашағы туралы есеп

Сала туралы теріс түсініктер

Бұқаралық ақпарат құралдары көбінесе саланы теріс жағынан көрсетеді. Салдарынан көптеген талантты адамдар бұл саладан аулақ болуға бейім. Бірақ бүкіл жерде олай емес. Көптеген мұнай-газ компаниялары зейнетке шыққаннан кейін де мердігер болып қайта оралатын тәжірибелі бригадаларға сенім артуды жалғастырып отыр. Сонымен қатар тапшы орындарды толтыру үшін Үндістаннан, Қытайдан және Ресейден кадр «импорттау» қажеттілігі туындамақ. Бірақ бұл көптеген саяси, иммиграциялық және қауіпсіздік тәуекелдеріне әкелуі мүмкін.

ҚазМұнайГазға әсері

ҚМГ ғылыми қауымдастықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, ғылыми әзірлемелердің практикалық тиімділігін, оның ішінде отандық кадрлардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетуін арттырады.ҚМГ ғылыми-зерттеу қоғамдағылыми әзірлемелердің практика лық әсерін, оның ішінде отандық кадрлардың зерттеу жұмыстарын жүргізуін қолдауды арттырады.

Компания жоғары білікті кадрларды ұстап қалу және оларды өз қатарына тарту үшін ашық және икемді ынталандыру жүйесін құру бағытында жұмыс жүргізеді.

Ішкі драйверлер және олардың стратегияның іске асырылуына әсері

1. 2022 жылы Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуы
2. Қазақстанда мұнай-газ химиясы саласын дамыту
3. Қазақстан Республикасының Экология кодексі
4. Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу доктринасы (стратегиясы)
5. Геология саласының 2021- 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы
6. Қазақстанның экономикасы