КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТІ
ҚМГ бизнесті жүргізудегі ізгілік, адалдық және ашықтық қағидаттарын ұстанады және әріптестері бен серіктестерінің осы қағидаларды сақтауына ерекше назар аударады. Компанияда Іскерлік этика кодексі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, Құпия ақпараттандыру саясаты, Мүдделер қақтығысын реттеу саласындағы саясат, Контрагенттердің сенімділігін тексеру саясаты және Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату және инсайдерлердің ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігін болдырмау үшін ішкі бақылау қағидалары бекітілді. Ішкі құжаттарды әзірлеуден басқа, ҚМГ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңа директивалары мен нормативтік актілерін сақтау бойынша уақытылы шараларды енгізеді және жүргізеді. 2022 жылы комплаенс-рәсімдер трендтерін түсіну және осы мәдениетті арттыру ҚМГ қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі болды
Әдепті мінез-құлық және бизнесті адал жүргізу стандарттарына сәйкес болу мақсатында ҚМГ-де комплаенс мәселелері бойынша қолданыстағы ішкі құжаттарды жаңарту және жаңа ішкі құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді. 2022 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына және Құпия ақпараттандыру саясатына түзетулер енгізілді. Өзгерістер олардың тікелей бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Басқарма Төрағасы мен Төраға орынбасарларының жеке жауапкершілігі бөлігінде және келіп түскен қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар өтініштер бойынша тексеру материалдарын уәкілетті құқық қорғау органдарына жіберу бөлігінде қатысты болды.
Корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, компания тұрақты негізде қолданыстағы корпоративтік стандарттарды жақсартуға ұмтылады. Мәселен, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу бойынша саясаты бекітілді
Ақпарат құралдары
Қызметкерлердің құқығын сақтау мақсатында қызметкерлер, үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа қайшы әрекеттердің барлық фактілері туралы нақты уақыт режимінде құпия және қолжетімді хабар беру жолдары ұйымдастырылды. Барлық хабарламаны, оның ішінде анонимді хабарламаларды операторлар қабылдап, өңдейді, бұдан әрі оларды кәсіби және құпия қарастыратын ҚМГ комплаенс қызметіне береді. 2022 жылы жедел желіге 109 өтініш түсті, оның ішінде 68 өтініш - парақорлық, сыбайлас жемқорлық немесе қаражатты тиімсіз пайдалану мәселелері бойынша, сатып алу және жабдықтау саласын қоса алғанда, ұрлау немесе жымқыру, қызметкердің сыйлықтарды немесе өзгесін заңсыз алуы; 41 өтініш – еңбек пен жұмысқа алуда теңсіздік мәселелері бойынша, оның ішінде заңсыз жұмысқа алу, қызметте көтеру, жұмыстан шығару, еңбек жанжалдары, этикалық емес мінез-құлық. Келіп түскен өтініштердің 22-сі немесе 21%-ы расталды. Комплаенс қызметі тоқсан сайын келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ аудит жөніндегі комитетке және ҚМГ Директорлар кеңесіне бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі менеджмент қабылдаған шаралар туралы ақпаратты жеткізіп отырады. Компания 2021 жылмен салыстырғанда шағымдар санының 43,4%-ға өскенін байқады. «Сенім телефонына» келіп түскен хабарламалардың өсе түсуі мүдделі тараптар тарапынан осы құралға деген сенімнің артып келе жатқанын көрсетеді. Компания қызметкерлер мен өзге де тұлғалардың жедел желі мүмкіндіктерін пайдалануына ықпал ететін жедел алдын алу шараларын тұрақты негізде жүргізеді.
Комплаенс саласында оқыту және біліктілікті арттыру
Бизнесті жүргізудің жоғары этикалық стандарттарын ілгерілету, оның кез келген көрінісінде сыбайлас жемқорлықты жою шеңберінде және уәкілетті органмен (Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі) өзара іс-қимыл шеңберінде «Қазақстанның бизнес-секторында іскерлік парасатты арттыру» конференциясына және шет елдер өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың халықаралық стандарттары мен шаралар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Осындай іс-шаралар өңірлерде де өткізілді. Шілде және қазан айларында Қазақстан Республикасының іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдын алу қызметі «Қазақтүрікмұнай» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. Қараша айында «ПМХЗ» ЖШС қызметкерлері үшін Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті превенция және парасаттылық басқармасының басшысымен кездесу ұйымдастырылды. Қазан айында KPI және АМӨЗ Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұйымдастырған мемлекеттік құрылымдар мен ірі компаниялардың іскерлік беделін қорғаудағы комплаенс-қызметтердің рөліне арналған форумға қатысты, форумды аяқтау үшін АМӨЗ, С.Өтебаев атындағы АтМГУ және Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылары Атырау облысында комплаенс-қызметтерді жетілдіру бойынша өзара іс-қимыл туралы үшжақты келісімге қол қойды.
ҚМГ комплаенс қызметі мен оның ЕТҰ қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ компанияның бақылауын және сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында 2022 жылы Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығының қолдауымен ҚМГ компаниялар тобының комплаенс мамандары үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» «Санкциялық комплаенс» тақырыбы бойынша вебинарлар, Compliance and Security Forum өткізілді.
Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату және инсайдерлердің мұндай ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігіне жол бермеу мақсатында ҚМГ қызметкерлері үшін «Инсайдерлік ақпарат: құқықтық реттеу және қоғамның, оның инсайдер-қызметкерлерінің жауапкершілігі мәселелері» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.
Мүдделер қақтығысын басқарудың тиімді жүйесін құру, сондай-ақ қызметкерлердің мінез-құлқына қойылатын талаптарды айқындау шеңберінде, оларды сақтау жеке мүдделер мен байланыстардың ықпалымен шешімдер қабылдау тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді, 2020 жылдан бастап компанияда ҚМГ компаниялар тобының барлық қызметкерлері бойынша мүдделер қақтығысын жалпыға бірдей декларациялау жүргізілуде.
Комплаенс қызметі ҚМГ компаниялар тобы мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамытуды және біліктілігін арттыруды қолдайды. Бүгінгі таңда комплаенс командаларында Association of Certified Fraud Examiners және International Compliance Association секілді мамандандырылған беделді халықаралық сертификаттары бар мамандар бар және олардың саны өсіп келеді.
Сонымен қатар, ҚМГ комплаенс қызметінің командасы 2022 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ комплаенс қызметінің басшысынан арнайы марапатқа ие болғанын атап өтуге болады.
Компанияның осы бағыттағы қызметін қорытындылай келе, компания менеджменті 2022 жылы шешім қабылдау жылдамдығы, өзгерістер мен инновацияларды енгізу жылдамдығы қазіргі уақыттағы компанияның табысы мен дамуының басты факторы екенін түсінді деп сеніммен айтуға болады. Бұған халықаралық Sustainalytics агенттігі экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару саласындағы компанияның ESG рейтингін бағалау кезінде парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың жоғары деңгейін атап өтіп, ҚМГ-нің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару бағытына барынша (100 мүмкіндіктің ішінен) баға беру арқылы растады
Осылайша, комплаенс саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ беделді Sustainalytics агенттігінен жоғары баға алу компания қызметінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы қойған талаптарға сәйкестігін және комплаенс тәуекелдерді бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы жеделдігін растайды.