ҚМГ даму стратегиясы
Контекст
Мұнай-газ саласы бағаның үнемі құбылмалығы және өнімді тасымалдауда үзілістердің салдарынан бұрын болмаған күрделі кезеңді бастан кешуде. Соңғы жеті жыл ішінде мұнай бағасы шарықтау мен құлдырау сатысынан өтті, мәселен 2014 жылы мұнайдың бір баррелі 100 доллардан асса, 2020 жылы ол көрсеткіш -37 долларға дейін түсіп кетті.
2022 жылдағы экономикалық, геосаяси, сауда, саяси және қаржы факторлардың бір-біріне әсері салаға жеткілікті деңгейде инвестиция тарту мәселесін төмендетті. Мұнай-газ саласы инвесторлардың инвестицияны таразылау мен қаржылық тәртіп бойынша талаптарын ұстанды, бұл күрделі шығын көлемін азайтуға алып келді.
Еуропа мен Ресей арасындағы энергия тасымалдау сауда-саттығының бұзылуы, жаңартылатын отынды дамыту үшін шикізат тапшылығы және төмен көміртекті технологияларды жеткізу тізбегіндегі проблемалар энергия жеткізудің баяулауына әсер етті.
Әлемдік нарықтағы баланстың бұзылу салдары 2022 жылы энергия тасымалдау бағасы өсіп, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл өз кезегінде мұнай-газ компанияларының ақша ағындарының айтарлықтай өсуіне әкелді. Бірақ саланың инвестициялық саясаты әзірге белгісіз болып қалып отыр.
2022 жылы болған әлемдік трендтер мен оқиғаларды ескерсек, бүгінгі таңдағы мұнай-газ компанияларының теңгерімді дамуының негізгі факторлары мыналар болып отыр: энергетикалық қауіпсіздік, өнімді жеткізу мен бизнесті әртараптандыру, төмен көміртекті экономикаға өтуді одан ары жалғастыру.
Ал ҚМГ-нің қазіргі міндеті – инвестицияларды ұлғайту мен капитал тәртібін сақтау арасындағы теңгерімдік байланысты сақтау.
ҚМГ стратегиялық міндеттерді іске асыруға қажетті ақша ағынын жеткілікті мөлшерде қалыптастыратындай көмірсутекті өндіру, тасымалдау және өңдеу бойынша тұрақты өндірістік циклды жүзеге асыру бөлігінде бәсекелестік артықшылыққа ие. Компания ресурстық базаны толықтыру үшін Каспий құрлығында және қайраңында жер қойнауын пайдалану активтерін алудың өзінің басым құқығын іске асырады
Арзан шикізатқа қолжетімділік ҚМГ-нің мұнай-газ химия саласын барынша еркін дамытуға жол ашады, ол өз кезегінде компанияның қосылған құн тізбегі түрлері және сапасын кеңейтеді.
Табысты өсу тарихының негізгі факторлары – өндіріс көлемін ұлғайту есебінен тұрақты ақша қаражатын қалыптастыру және тұрақты даму стратегиясын іске асыру. ҚМГ болашақта қаржылық табысты сақтау мақсатында таза энергетикаға көшудің ұзақ мерзімді үрдістерін ескере отырып, шығарындылары нөлдік деңгейдегі төмен көміртекті жобалар портфелін жасақтап жатыр.
Компанияның өсуі ағымдағы өндірістің тиімділігі, жаңа мүмкіндіктерді дамыту, үнемді әрі заманауи технологияларды енгізу және көміртек ізін азайту есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Тұрақты даму және өндірістің көміртек сыйымдылығын жүйелі төмендету
ҚМГ өзінің экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға әсерінің маңыздылығын жете түсінеді және экономикалық, экологиялық, әлеуметтік басымдықтардың, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы міндеттердің үйлесімдігін қамтамасыз ету мақсатында Компанияның негізгі бизнес-процестерін тұрақты даму қағидаттарымен біріктіруді жалғастырады. ҚМГ ESG мақсаттарын Компания менеджментінің тиімділігін бағалау жүйесімен біріктіру жұмысын тұрақты жүргізіп келеді. 2022 жылы ҚМГ қызметін Sustainalytics халықаралық рейтинг агенттігі жақсы бағалады. Компанияның ESG тәуекел рейтингі 28,5 балл деңгейінде бағаланды. ҚМГ тәуекелдің орташа деңгейі диапазонына ауысты. ҚМГ үшін негізгі ESG сын-тегеуріндер – операциялық қызметтегі көміртегі шығарындылары, Компания өнімін пайдаланудан шығарындылар, сондай-ақ қызметін жүргізетін өңірлеріндегі жергілікті қоғамдастықтармен өзара қарым-қатынас. ҚМГ мақсаты – 2031 жылға қарай ESG тәуекел-рейтингінің орташа деңгейі диапазонындағы позицияларды нығайту. ҚМГ-де қызметкердің денсаулығын қорғау және өмір сүру сапасын көтеру мақсатында Персоналдың денсаулығын басқару жөніндегі бағдарлама жасақталатын болады, онда мына негізгі үш бағыт назарға алынады:
- пандемиямен және оның зардаптарымен күрес.
- кәсіби ауруларға қарсы профилактика.
- қызметкерлерді салауатты өмір салтын сақтауға үндеу мен ынталандыру
Қызметкерлердің денсаулығын қорғаудың бірыңғай тәсілдері енгізу және денсаулық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында ҚМГ компаниялар тобында Корпоративтік денсаулық бағдарламасы әзірленді.
Компания климаттық жай-күйінің стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, Төмен көміртекті дамытудың 2022-2031 жылдарға арналған бағдарламасын әзірледі. Бұл құжат Компанияның климаттық амбицияларын, көміртек ізін төмендету бойынша негізгі тәсілдер мен шараларын айқындайды.
ҚМГ көміртегі ізін төмендетуге сараланған тәсілді таңдайды және 2031 жылы парник газ шығарындыларын 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 15%-ға төмендетуді өзіне мақсат етіп қойды. Сондай-ақ Компанияда жалпы қуаты кемінде 300 МВт ЖЭК жобаларын іске асыруды жоспарлап отыр
2022 жылы Компания парник газ шығарындыларын басқару процестерін жетілдіру аясында Ішкі көміртек бағасын белгілеу бағдарламасы мен Парник газ шығарындыларының мониторингісі мен есептілігі әдістемесін бекітті. Парник газ шығарындыларының мониторингісі мен есептілігі әдістемесі ҚМГ-нің ұқсас ЕТҰ арасындағы парник газ шығарындыларын мониторингілеу және оның есебін жүргізу тәсілдерін жасау мақсатында әзірленді.
Ішкі көміртек бағасын белгілеу бағдарламасы энергетикалық көшу аясында ҚМГ-нің тұрақтылығын талдау үшін парник газ шығарындыларын ақшалай негізде есептеудің негізгі тәсілдерін ашып көрсетеді. Сонымен бірге аталған бағдарлама ЕТҰ-дағы парник газ шығарындыларын төмендетуді қосымша ынталандыруға, сондай-ақ көміртекті реттеумен байланысты жобалардың қаржы тәуекелдерін бағалауға мүмкіндік береді.
Парник газ шығарындыларының мониторингісі мен есептілігі әдістемесі ҚМГ-нің ұқсас ЕТҰ арасындағы парник газ шығарындыларын мониторингілеу және оның есебін жүргізу тәсілдерін жасау мақсатында әзірленді.
Стратегиялық мақсаттарды іске асыру активтерді басқарудың холдингтік моделін ескере отырып, бизнес-процестерді оңтайландыру, жобалық басқару, технологиялық даму, цифрландыру, IT, HR және тәуекелдерді басқару саласындағы толассыз міндеттерді шешуге негізделеді.
Компания инвестициялық жобаларды мұқият іріктеп, басымдық береді және тек жоғары тиімді әрі стратегиялық маңызды жобаларға инвестиция салады. ҚМГ акционерлер үшін барынша көп пайданы қамтамасыз етуге және мұнай-газ секторында мемлекеттің мүдделерін сақтауға назар аудара отырып, капиталды бөлу- дің орынды саясатын жүргізеді. Компания қарыздың теңгерімді деңгейін ұстап тұру және өтімділіктің мықты позициясын қамтамасыз ету мақсатында консервативті қаржы саясатын ұстануға тырысады
Белгіленген төрт стратегиялық мақсатты іске асыру нәтижесінде ҚМГ ұлттық экономиканы әртараптандыруға және Қазақстан Республикасының көміртегі ізін азайтуға үлес қосады, осылайша Компанияның өсіміне және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ болашақ ұрпақ үшін экологияның сақталуына ықпал етеді
Есепті жыл ішінде мақсатқа жету жолында атқарылған іс-шаралар/оқиғалар
- 16 наурызда климаттың өзгеруіне байланысты қаржылық есепті жария ету (TCFD) бойынша жүйе мен рәсімдерді енгізу саласында ЕҚҚДБ тарапынан техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол жеткізілді.
- 8 маусымда ҚМГ және өз филиалы «Шеврон Мұнайгаз Инк.» арқылы «Шеврон» корпорациясы Қазақстанда көміртегі шығарындыларын азайту саласында әлеуетті жобаларды зерттеу үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғанын мәлімдеді.
- 9 маусымда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, ҚМГ және Total Eren S.A компаниясы Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр стансасын (ЖЭС) салу жобасы бойынша қағидаттар туралы келісім жасасты. ЖЭС құрылысы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жоба 2024-2026 жылдары толық салынып бітеді деп жоспарлануда.
- 24 қарашада ҚМГ ЖЭК дамытуды ынталандыру мақсатында I-REC (International Renewable Energy Certificate) халықаралық жаңартылатын энергия сертификаттарын сатып алып, 8,5 млн кВтсағ энергия құнын төледі. Бұл ҚМГ орталық аппараты 2022 жылы тұтынады деген электр энергиясына тең.
- 30 қарашада Париж қаласында (Франция) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Франция Республикасының Үкіметі арасында «Жаһандық жылынумен күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы» арнайы келісімге қол қойылды