ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ

Басқарма мүшелерінің қорытынды қызмет нәтижесінде корпоративтік және функционалдық ҚТК үлестерін бөлу

Корпоративтік
ПредседательПравленияЧленыПравления100 %70%

Функционалдық
ЧленыПравления30%

ҚМГ-нің бизнес-процестерінің тиімділігін бағалау жүйесі компанияның стратегиялық мақсаттарымен үйлесімділігін қамтамасыз ететін стратегиялық және жедел басқару құралдарының бірі болып саналады.

Тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі келесі қағидаттарды сақтауға негізделеді:

  • өндірістік және қаржы-экономикалық көрсеткіштерімен қатар тұрақты даму, корпоративтік басқару, әлеуметтік және экологиялық даму салаларындағы көрсеткіштерді қамтитын қызметтің түйінді көрсеткіштерінің (ҚТК)балансы;
  • стратегиялық ҚТК-ны операциялық ҚТК-ға декомпозициялау, сондай-ақ стратегиялық ҚТК-ны ұйымдық құрылымы мен қызмет түрлері бойынша төмен жіктеуді қамтитын ҚТГ-ны жоғарыдан төмен қарай белгілеу.

Корпоративтік ҚТК ҚМГ-нің барлық қызметкеріне ортақ және компанияның есепті кезеңдегі даму басымдықтарын ескере отырып жасақталады. Функционалдық ҚТК – ҚМГ Басқарма мүшелеріне тиесілі жеке ҚТК және олар нақты басшының алдында тұрған стратегиялық мақсаттарға негізделген.

2022 жылы қызметтің корпоративтік көрсеткіштерінің орындалуы
Атауы Өлшем бірлігі Факт ҚМГ Директорлар кеңесі 2022 жылдың көрсеткіштің нақты мәндерін 2023 жылдың шілде айында түпкілікті бекітеді деп жоспарланып отыр.
1 Мұнай және газ өндіру көлемі ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясында мұнай-газ өндіру көлемі 2022 жылдың 15 қыркүйегіне дейін 50% мөлшерінде және2022 жылдың 15 қыркүйегінен кейін 100% мөлшерінде енгізілді. мың тонна 22012
2 Бос ақша ағымы (FCF)Бос ақша ағымы = операциялық қызметтен түскен ақша ағымы минус негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, инвестициялық жылдымайтын мүлікті және барлау мен бағалау активтерін сатып алу. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд операциялық қызметтен түскен ақша ағымына қосылған млрд теңге 1116
3 Жұмыс уақытын жоғалтқан жазатайым оқиғалардың коэффициенті (LTIR) коэф. 0,36
4 ESG тәуекел рейтингі рейтингі 28.4
5 IPO-ға дайындық % 100
6 Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру % 60
2021 жылы қызметтің корпоративтік көрсеткіштерінің орындалуы
Атауы Өлшем бірлігі Факт
1 Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру % 43
2 Операциялық тиімділікті арттыру % 98
3 Даму және дивидендтер үшін бос ақша ағымы Операциялық қызметтен түскен ақша ағымы (бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларды қоспағанда) – өндірісті сақтап тұруға күрделі салымдар. млрд теңге -31
4 NAV (таза активтердің құны) 2021 жылғы 9 қарашада ҚМГ «QazaqGaz» ҰК» АҚ-тың 100% акцияларды «Самұрық-Қазына» АҚ-тың пайдасына берді, тиісінше, «QazaqGaz» ҰК» АҚ шоғырландыру периметрінен алынып тасталды. Алайда нақты көрсеткіш «QazaqGaz» ҰК» АҚ есепке алы нып берілді. млрд теңге 10 255
5 Қарыз/EBITDA«Самұрық-Қазына» АҚ-тың бекітілген әдістемесіне сәйкес коэф. 2.4
6 ESG рейтингтері рейтингі 72
7 ҚМГ компаниялар тобының тауарлары, жұмыстары мен қызметтеріндегі жергілікті қамту үлесіҚМГ компаниялар тобының тауарлары, жұмыстары мен қызметтеріндегі жергілікті қамту үлесі бойынша индикаторлардың орындалуын көрсететін композиттік көрсеткіші. % 78

ҚМГ Басқарма мүшелерінің ҚТК тізілімі мен оның мақсаттық мәндерін жыл сайын ҚМГ директорлар кеңесі бекітеді. ҚТК-ны бағалау Компанияның есепті жылдағы қаржы-экономикалық қызметінің қорытындысын шығарғаннан кейін сыйақы тағайындау үшін жүргізіледі.

2022 жылға арналған корпоративтік ҚТК менеджментті операциялық тиімділікті арттыруға, сондай-ақ ҚМГ қызметінің экологиялық, әлеуметтік аспектілері мен корпоративтік басқаруға шоғырландыру қажеттілігін ескере отырып әзірленді.