ҚОРЛАР

PRMS халықаралық стандарты бойынша дайындалған DeGolyer & MacNaughton халықаралық тәуелсіз консалтингтік компаниясының аудитіне сүйенсек, 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген ықтимал қоры (2P) 707 млн. тонна мұнай экфивалентіне тең (5 478 млн баррель м.э.). 2021 жылмен салыстырғанда қорлардың 2Р деңгейі 9%-ға өсті. Көрсеткіштердің ұлғаюы негізінен Қаламқас кен орынның көмірсутек шикізатының қорларын қайта есептеп, көмірсутек қорларын басқару бағытындағы кешенді іс-шаралармен, Қашаған кен орны үлесінің 8,44%-дан 16,88%-ға дейін ұлғаюына (Компания 2022 жылғы 15 қыркүйекте «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК-дағы (бұдан әрі – «Қашаған Б.В.») 50% үлесін «Самұрық-Қазына» АҚ-тан сатып алды), сондай-ақ макроэкономикалық тенденцияларға (мұнай бағасының өсуі) байланысты болды.

PRMS таза қорлар Нетто қорлар басқа тараптарға тиесілі барлық үлестерді шегергеннен кейін (1) ҚМГ қатысу үлесіне, (2) ҚМГ-ге тиесілі емес, бірақ ҚМГ бақылайтын үлестерге жататын барлық қорлардың бір бөлігі ретінде айқындалады.
Көмірсутекмлн тонна м.э.млн баррель м.э.Дәлелденген (1P)Дәлелденген + ықтимал (2P)Дәлелденген + ықтимал+ болжамды (3P)3 7753 5504864774592020202120225 4784 9834 8947076456352020202120226 2945 8695 832816761757202020212022