ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, ӨНЕРКӘСІПТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау

«Самұрық-Қазына» АҚ тобының барлық компаниялары үшін 2022 жыл Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жылы болып жарияланды. ҚМГ тұрақты даму қағидаттарына берік және қоршаған орта мен әлеуметтік тұрақтылық мәселелері бойынша жауапкершілігін мойындайды. Компания қызметкерлердің қауіпсіздігін бірінші кезекке қояды.

Тұрақты даму принциптері компанияның экономикалық, экологиялық және әлеуметтік дамуына әсер етеді. ҚМГ үшін негізгі ESG-сын-қатерлердің бірі – операциялық қызметте бөлінетін көміртегі шығарындылары мен компания өнімдерін пайдаланудан бөлінетін шығарындылары.

Біз өз қызметіміздің сипаты мен әсер ету ауқымын түсінеміз, оларды табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңыздылығымен, Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етумен, Компания қызметінің барлық бизнес-бағыттарында жұмыс істейтін персоналдың және қызметімізді жүргізетін аймақтарда тұратын халықтың денсаулығын қорғаумен, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны сақтаумен байланыстырамыз

Компания өз қызметінің экологиялық қауіпсіздігін арттыруда айтарлықтай жетіле түсті. Бұл тиімді ішкі стандарттарды, экологиялық мәдениетті енгізуге және менеджмент жүйесін үнемі жетілдіруге байланысты. Компания теріс экологиялық әсерді болдырмауға бағытталған «нөлдік нәтиже» мақсатын қояды.

Бастамалар мен бағдарламаларға қатысу

Дүниежүзілік банк

WORLD BANK GROUP
Дүниежүзілік Банктің 2030 жылға қарай ілеспе газды жағу тәжірибесін толығымен тоқтату бастамасы

Тұрақты даму мақсаттары

SUSTAINABLE DEVELOPMENT GOALS
БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы 17 мақсаты бастамасы

CPD

CPD
CPD климат бойынша бағдарламасы

Жаһандық метан бастамасы

Global Methane Initiative
Метан деңгейін төмендету жөніндегі жаһандық бастама

Жаһандық метан бастамасы

Caspian Environmental Protection Initiative - CEPI

Негізгі көрсеткіштер

Әлеуметтік көрсеткіштер
Көрсеткіш 2020 2021 2022
Жоғалған уақыт жарақатының деңгейі (LTIR) 0,29 Деректер «ҚазТрансГаз» АҚ жұмыс сағаттарын есепке алмай көрсетілген 0,31 0,36
Өлім-жітім коэффициенті (FAR) 0,00 2,93 1,00
Өлім-жітім саны 0 1 1
Экологиялық көрсеткіштер
Көрсеткіш 2020 2021 2022
NOx шығарындылары, көмірсутек шикізатын өндірудің 1 мың тоннасына, тонна 0,22 0,24 0,31
SOx шығарындылары, көмірсутек шикізатын өндірудің 1 мың тоннасына, тонна 0,23 0,22 0,21
Мұнай құрамындағы ілеспе газды жағу қарқындылығы, көмірсутек шикізатын өндірудің 1 мың тоннасына, тонна 2,2 2,1 1,5

Денсаулық сақтау, өнеркәсіптегі қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі менеджмент жүйесі

Денсаулық сақтау, өнеркәсіптегі қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі менеджмент жүйесі Қазақстан Республикасы заңнамасының, ISO 14001 және ISO 45001 салалық және халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленген, үздік әлемдік тәжірибелер мен тәсілдерді, Халықаралық Мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (әрі қарай – IOGP) ұсынымдарын пайдалана отырып, көшбасшылық, мақсатқа жету, тәуекелдерді басқару және үздіксіз жетілдіру сияқты іргелі принциптерге негізделетін 10 негізгі элементтен тұрады.

2006 жылдан бастап ҚМГ-де ISO 9001, ISO 14001 және ISO 45001 талаптарына сәйкес сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында басқарудың интеграцияланған жүйесі енгізілді. Едәуір деңгейде энергия тұтынатын еншілес және тәуелді ұйымдар ISO 50001 стандартына сәйкес сертификатталған. Интеграцияланған басқару жүйесінің тиімділігін тәуелсіз аудиторлар бағалап отырады

Менеджмент жүйесін жетілдіру мақсатында ҚМГ Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі бойынша ISO 45001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификатталады.

Экологиялық жауапкершілік және қауіпсіздік

2022 жылғы негізгі көрсеткіштер

SOx шығарындыларының қарқындылығы
0,21
(IOGP — 0,20)
NOx шығарындыларының қарқындылығы
0,31
(IOGP — 0,33)
Ілеспе мұнай газының жану қарқындылығы
1,5
(IOGP — 9,4)
ІМГ пайдалану коэффициенті
98,8 %
Жиналған қалдықтар мен мұнаймен ластанған жерлерді қалпына келтіру
693,7 мың тонна
(2021 ж. – 540,5 мың тонна)
Энергия тұтынудың артуы
4 %
(2021 жылмен салыстырғанда)
CDP климаттық рейтингі
C
CDP су қауіпсіздігі рейтингі
C
Рейтингтік диплом

ӨҚ, ЕжҚОҚ мәселелерін басқару жөніндегі мақсаттар ҚМГ компаниялар тобының даму стратегиясымен тікелей байланысты. ҚМГ-нің 2031 жылға дейінгі Даму стратегиясы экологиялық жауапкершілікті арттыру жөніндегі стратегиялық бастамаларды көздейді. ҚМГ компанияларының тобы үшін қоршаған ортаны қорғау бөлігіндегі басым бағыттар атмосфералық ауаға бөлінетін шығарындыларды басқаруды және газды алау етіп жағуды қысқартуды, су ресурстарын, өндіріс қалдықтарын басқаруды және жерді қалпына келтіруді қамтиды.

ӨҚ, ЕжҚОҚ мәселелерін басқару жөніндегі мақсаттар ҚМГ компаниялар тобының даму стратегиясымен тікелей байланысты. ҚМГ-нің 2031 жылға дейінгі Даму стратегиясы экологиялық жауапкершілікті арттыру жөніндегі стратегиялық бастамаларды көздейді. ҚМГ компанияларының тобы үшін қоршаған ортаны қорғау бөлігіндегі басым бағыттар атмосфералық ауаға бөлінетін шығарындыларды басқаруды және газды алау етіп жағуды қысқартуды, су ресурстарын, өндіріс қалдықтарын басқаруды және жерді қалпына келтіруді қамтиды.

Шикі газды жағу көлемін барынша азайту мақсатында, Компания 2015 жылы Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын толық кәдеге жарату» бастамасын қолдады. Атмосфералық ауаға бөлінетін шығарындыларын азайту жөніндегі біздің маңызды міндеттеріміздің бірі – ілеспе мұнай газын пайдалы пайдалануды және утилизациялауды арттыру, алауда жағуды барынша азайту. Осы бастама шеңберінде шикі газды жағу көлемдері бойынша есептілік жыл сайын Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасындағы өкілдігіне тапсырылады.

Экологиялық көрсеткіштерді жақсарту және осы саладағы ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ҚМГ Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF), Creon Group және Сараптамалық кредиттік рейтинг агенттігінің тәуелсіз сарапшыларының бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының мұнай-газ компанияларының экологиялық ақпараттарының ашықтығы рейтингінде алтыншы жыл қатарынан бірінші орын алып кледі

Компания экологиялық жауапты бизнес жолымен жүруді жалғастырады, қоршаған ортаның қорғалуын басқару жүйесін дамытады, осы мәселе бойынша барлық мүдделі тараптармен диалог жүргізеді,

Экологиялық көрсеткіштер, КСШ өндірудің м. э. 1 мың тоннасына шаққанда, тонна
Жыл 2020 2021 2022
SOx шығарындыларының қарқындылығы 0,23 0,22 0,21
NOx шығарындыларының қарқындылығы 0,22 0,24 0,31
Шикі газды жағу қарқындылығы 2,2 2,1 1,5
Шикі газды кәдеге жарату деңгейі, % 98 98 98,8
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басым жобалар
  • Бұрыннан жиналған ластануларды жою

    Бұрыннан жиналған ластануларды жою, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсер ету көздерін жою (жұмыс істемейтін ұңғымалар, сарқынды су жинағыштар, полигондар және өзге де өндірістік объектілер)

  • Қоршаған ортаға бөлінетін шығарындыларды азайту

    Технологиялық шешімдерді жетілдіру жолымен қоршаған ортаға бөлінетін шығарындыларды азайту, мысалы, технологиялық пештерде отын ретінде пайдаланылатын отын мазутын отын/табиғи газға ауыстыру, жаңа буын қоспаларын пайдалану, өндірістік объектілердің аумағын көгалдандыру және абаттандыру, жабдықтарды ауыстыру жөніндегі іс-шаралар, газды өңдеу жөніндегі өндірістік қуаттарды кеңейту, газды өңдеу жөніндегі қондырғыларды салу және т.б.

  • TAZALYQ жобасы

    TAZALYQ жобасы «АМӨЗ» ЖШС ағынды суларды тазарту құрылыстарын жаңғыртуды, сондай-ақ «Тухлая балка» алаңын рекультивациялауды көздейді.

  • Қаражанбас кен орнындағы қабат суын тұщыту зауыты

    Қабат суын тұщыту зауыты осы өңірде стратегиялық маңызды рөл атқарады, оның іске қосылуы кен орнын өзін-өзі сумен қамтамасыз етуге және өңір халқының мұқтаждықтары үшін судың едәуір көлемін бағыттауға мүмкіндік береді.

  • «Автоматтандырылған экологиялық мониторинг ақпараттық жүйесі» жобасы (АЭМАЖ)

    Қоршаған ортаны қорғау саласында бірыңғай ақпараттық кеңістік құруға арналған. Жобаның мақсаты: қоршаған ортаны қорғау саласында бірыңғай ақпараттық кеңістік құру; әлеуетті экологиялық айыппұлдарды болдырмау үшін ашықтықты, жеделдікті және адами қателіктерді барынша азайту.

    АЭМАЖ негізгі міндеттері:

    • Мемлекеттік органдарға қоршаған ортаны қорғау саласындағы есептілікті қалыптастыру процестерін автоматтандыру;
    • Нормативтік рұқсаттардың дерекқорын жүргізу және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдерді есептеу;
    • Технологиялық процестердегі ақауларды өндірістік құрылымдармен уақтылы түзету арқылы ықтимал артық шығарындыларға жедел ден қою;
    • Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша қоршаған ортаның жай-күйіне жедел мониторинг жүргізу;
    • KMG HSE жүйесімен синхрондау арқылы корпоративтік есептілікті қалыптастыру

  • KMG HSE жүйесімен синхрондау арқылы корпоративтік есептілікті қалыптастыру

    2024 жылға дейін «бұрыннан жиналған» мұнай қалдықтарын толық утилизациялау және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту

ҚМГ өзінің экологияға әсерінің маңызын түсінеді және қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға ұмтылады.

2022 жылы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар іс-шара іске асырылды, мысалы, бұрыннан жиналған мұнай қалдықтарын утилизациялау және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту жөніндегі жұмыстар, қызметкерлер арасында қоршаған ортаны қорғау мәселелерін насихаттау жөніндегі жұмыстарды күшейту, ағаш отырғызу акцияларына қатысу, атмосфера ауаға бөлінетін шығарындыларды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру және т. б іс-шаралар

2022 жылы маусымда ҚМГ еліміздің 180-ден астам өнеркәсіп кәсіпорындары мен халықаралық ұйымдарының экологтарының қатысуымен «Орнықты даму үшін жауапты бизнес» тақырыбындағы конференцияға қатысты. Аталған іс-шара қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі және заңнамалық реттеудің өзекті мәселелері бойынша кәсіпорындардың, халықаралық ұйымдардың ынтымақтастығын нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған. Конференция 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеуге орайластырылды

Компанияның бірқатар еншілес және тәуелді ұйымында санитарлық-қорғау аймағында, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратты көрсететін шығарындылар көздерінде атмосфералық ауаның сапасын автоматты бақылау жүйелері орнатылған.

Персоналды экологиялық менеджмент мәселелері бойынша оқыту

Персонал – маңызды актив, сондықтан ҚМГ компаниялар тобында ӨҚ, ЕжҚОҚ мәселелерін оқытудағы қажеттілік сұранысқа ие болып қала береді. Осыған байланысты персоналды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша міндетті оқыту, даярлау және біліктілігін арттыру – басым бағыттардың бірі.

2021 жылдан бастап ҚМГ Корпоративтік орталығының қызметкерлерін қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өрт-техникалық минимум бойынша міндетті оқыту «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС платформасында жүргізілуде.

ҚМГ КТ қызметкерлерін оқыту үшін
504 мың теңге
жұмсалды

Оның ішінде ӨҚ, ЕжҚОҚ саласында мынадай негізгі бизнес-бағыттар: «Өндіру» — 243 410,7 мың теңге, «Тасымалдау» — 40 642,6 мың теңге, «Өңдеу» — 100 115, 4 мың теңге, «Сервис» — 116 316,4 мың теңге, ҚМГ корпоративтік орталығы — 4 063,5 мың теңге.

«Өзенмұнайгаз» АҚ (Жаңаөзен қ.), «ҚазТрансОйл» АҚ (Ақтау қ.), «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (Павлодар қ.) және Oil Services Company ЖШС (Ақтау қ.) меншікті оқу-курстық комбинаттары/орталықтарына ие.

Қызметкерлерді оқытуға жұмсалған шығыстар
Көрсеткіш 2020 2021 2022
Оқытылған қызметкерлер саны 89 715 61 678 79 071
Сомасы, мың теңге 578 891 498 714 504 548,6
Негізгі бизнес-бағыттарға бөле отырып, ӨҚ, ЕжҚОҚ бойынша оқыту
Бизнес бағыт Қызметкерлер саны Сомасы, мың теңге
Өндіру 35 370 243 410,7
Тасымалдау 7488 40 642,6
Өңдеу 16 075 100 115,4
Сервис 19 919 116 316,4
KMG Корпоративтік орталығы 219 4 063,5
Энергия үнемдеу және тиімділікті арттыру бағдарламалары
Климаттың өзгеруі және парник газдарының шығарындылары
Шикі газды тиімді пайдалану
Қалдықтарды утилизациялау
Су ресурстарын қорғау
Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы