ҚМГ кредиттік рейтингтерді инвестициялық деңгейде ұстап тұруға, жоғары кредиттік бейінді сақтауға және адал қарыз алушы ретінде компанияның іскерлік имиджін қолдауды қамтамасыз етуге ниетті. 2022 жылы қаржылық тұрақтылық бойынша өткізілетін іс-шаралардың, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ-тан ҚМГ Қашаған Б. В.-дағы үлесін кері сатып алудың нәтижесінде ҚМГ кредиттік рейтингтердің сақталуын қамтамасыз ете алды.
ҚМГ рейтингтерінің динамикасы
2021 жылғы 28 қаңтарда мұнай мен газды барлау, өндіру және өңдеу секторының тәуекелдерін бағалауды қайта қараудан кейін S&P рейтингтік агенттігі ҚМГ-нің кредиттік рейтингтерін «теріс» болжаммен «BB» деңгейінде растады.
2021 жылғы 30 сәуірде S&P халықаралық рейтингтік агент- тігі ҚМГ кредиттік рейтингін «BB» деңгейінде «теріс» болжаммен растады.
2021 жылғы 12 тамызда Moody’s халықаралық рейтингтік агент- тігі Қазақстанның егеменді рейтингінің жоғарылауына бай- ланысты ҚМГ кредиттік рейтин- гін «Baa3»-тен «Baa2»-ге дейін көтерді. Рейтинг бойынша бол- жам «позитивтен» «тұрақты» болып өзгерді.
2021 жылғы 20 қыркүйекте Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі ҚМГ дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BBB – » дең- гейінде (тәуелсіз рейтингтен бір тармақ төмен) растады, болжам «тұрақты».
2022 жылғы 27 қыркүйекте S&P халықаралық рейтингтік агенттігі «Самұрық-Қазына» АҚ-тан ҚМГ Қашаған Б.В.-дағы үлесін кері сатып алу бойынша колл-опци- онды іске асыру қорытындысы бойынша компанияның рейтин- гін «ВВ+» деңгейіне көтерді, бол- жамы «теріс».
2023 жылғы 9 наурызда Standard&Poor’s халықаралық рейтингтік агенттігі компания- ның рейтингін «ВВ+» деңгейінде растады, болжамды «негативтен» «тұрақтыға» қайта қарады, бұл агенттіктің Қазақстанға қаты- сты рейтингтік әсерін көрсе- теді (рейтинг «ВВВ –« деңгейінде расталды, болжам «негативтен» «тұрақтыға» қайта қаралды).