Мұнай тасымалдау
ҚМГ көмірсутекті экспорт нарығына жеткізу бойынша мұнай тасымалдау инфрақұрылымының құрылысын аяқтады. Орта мерзімді перспективада мыналар басымдықта болады:
- ҚМГ мұнай тасымалдау жүйелері бойынша мұнай тасымалдау маршруттарының тартымдылығы
- экспорттық маршруттардың баламалы бағытын дамыту;
- операциялық шығындарды бақылау
ҚМГ мұнай тасымалын екі жолмен магистральды құбырлар және теңіз флоты арқылы жүргізеді.
Құбыр инфрақұрылымы
Қазақстанның құбыр инфрақұрылымы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық оператор — «ҚазТрансОйл» АҚ-ға, оның екі бірлескен кәсіпорнына («Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС және «МұнайТас» СБТК ЖШС), сондай-ақ «Каспий құбыр желісі консорциумына» тиесілі. Қазақстанның жұмыс істеп тұрған құбыр инфрақұрылымы болашағы зор жобалардан мұнай тасымалдау көлемін ұлғайту үшін жеткілікті әлеуетке ие.
«ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық оператор. Компания жалпы ұзындығы 5 372 км магистральдық мұнай құбырларының тармақталған желісіне ие, оған еліміздің барлық дерлік мұнай кен орындары қосылған. Компания мұнайды Қазақстанның төрт ірі МӨЗ-ге тасымалдауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ мұнайды «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы экспортқа тасымалдайды, мұнайды ҚБК және «Атасу-Алашанькоу» экспорттық мұнай құбырларына ауыстырып тиеуді, мұнайды Ақтау портындағы танкерлерге және теміржол көлігіне тиеуді жүзеге асырады. Мұнай тасымалдау магистральды мұнай құбырлары арқылы 36 мұнай айдау станцияларымен, 67 мұнай жылыту пештерімен, жалпы көлемі 1,4 млн м3 мұнай сақтауға арналған резервуарлық паркпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар ҚТО «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС, «МұнайТас» СБТК» ЖШС, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.», «Каспий құбыр желісі консорциумы-Қ» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ және «Магистральдық су құбыры» ЖШС магистральды мұнай құбырларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету қызметтерін көрсетеді.
«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС (ҚҚҚ) Атасу-Алашанькоу (ұзындығы 965 км) және КеңқияқҚұмкөл (ұзындығы 794 км) мұнай құбырларына иелік етеді. ҚҚҚ қазақстандық және транзиттік ресейлік мұнайды Қытайға, сондай-ақ Қазақстанның ішкі нарығына тасымалдауды жүзеге асырады.
«МұнайТас» СБТК» ЖШС 449 шақырымға созылған КеңқияқАтырау магистральды құбырын иеленеді. 2018 жылы Компания Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының реверсі жобасын іске асыруға кірісті. Мақсаты – Батыс Қазақстан мұнайын Қазақстан Республикасының МӨЗ-деріне жеткізуді қамтамасыз ету және Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында мұнай өндіру көлемінің төмендеуін теңдестіру, сондай-ақ Қытайға экспорт көлемін жылына 6 млн тоннаға дейін қамтамасыз ету. Жоба құны - 30,9 млрд теңге. 2021 жылғы ортасынан бастап «Аман» МАС арқылы жылына 6 млн тоннаға дейінгі көлемде кері бағытта мұнай айдау мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
«Каспий құбыр желісі консорциумы» (КҚК) – Ресей, Қазақстан, сондай-ақ саланың жетекші компаниялардың қатысуымен ұзындығы 1 510 км магистральдық құбыр (оның ішінде 452 км – қазақстандық аумақ) салу және пайдалану үшін құрылған халықаралық мұнай тасымалдау жобасы. КҚК мұнай құбыры қазақстандық мұнайды экспорттық жеткізудің басым бағыттарының бірі және Қазақстандық Теңіз мұнай кен орнын Қара теңіздегі (Новороссийск портына жақын) «Южная Озереевка» мұнай терминалымен байланыстырады. Мұнай тасымалдау КҚК мұнай құбыры бойынша 15 мұнай айдау станцияларымен, жалпы көлемі 1,3 млн м3 мұнай сақтауға арналған резервуарлық паркпен және шығарылатын үш айлақтық құрылғымен қамтамасыз етіледі.
2019 жылы Теңіз бен Қашаған кен орындарында мұнай өндірудің алдағы ұлғаюына байланысты КҚК акционерлері қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемін жылына 72,5 млн тоннаға дейін ұлғайту үшін құбыр жүйесінің тар жерлерін жою жобасын іске асыру туралы шешім қабылдады. Жобаны іске асыру мерзімі — 2019-2023 жылдар. Айдау көлемін жылына 81,5 млн тоннаға дейін (соның ішінде қазақстандық аумақта жылына 72,5 млн тоннаға дейін) ұлғайтуға дайындық қамтамасыз етілді.
Мұнайды магистралды құбырлармен тасымалдау
Компания | 2020 | 2021 | 2022 |
---|---|---|---|
ҚТО (100 %) | 42 298 | 41 224 | 40 656 |
экспорт | 16 699 | 14 296 | 12 762 |
транзит | 9 989 | 9 989 | 9 989 |
ішкі нарық | 15 610 | 16 939 | 17 905 |
ҚҚҚ (100 %) | 15 883 | 17 412 | 19 236 |
экспорт | 571 | 967 | 1 290 |
транзит | 9 979 | 9 979 | 9 980 |
ішкі нарық | 5 333 | 6 465 | 7 966 |
MT (100 %) | 3 321 | 4 273 | 5606 |
экспорт | 1 595 | 1 572 | 1 188 |
ішкі нарық | 1 726 | 2701 | 4418 |
ҚҚҚ (100 %), экспорт | 59 027 | 60 728 | 58 711 |
2020 | 2021 | 2022 | |
---|---|---|---|
Барлығы, соның ішінде: | 22 034 | 21 661 | 22 128 |
Экспорт бағыттары | 15 176 | 13 744 | 13 713 |
«Атырау-Самара» мұнай құбыры | 6 508 | 5074 | 3 842 |
КҚК мұнай құбыр | 7 898 | 7 888 | 8 864 |
«Атасу – Алашанькоу» мұнай құбыры | 101 | 166 | 223 |
Ақтау порты | 669 | 616 | 723 |
Өзге де бағыттар (Батуми т/ж, Өзбекстан, Әзербайжан) | 0 | 0 | 60 |
Ортақ ішкі бағыттар | 6 858 | 7 917 | 8415 |
2022 жылы ҚМГ үлесіне магистралды құбырлар арқылы мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемі 0,9%-ға шамалы ұлғайды және 65 316 мың тоннаны құрады. Өсім ішкі нарықта қажетті өңдеу көлемін қамтамасыз ету үшін қазақстандық МӨЗ бағытында ішкі тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты. Бұл ретте жетілген кен орындарында өндіру деңгейінің табиғи төмендеуіне байланысты мұнайды экспорттық тасымалдау көлемі төмендеді.
Бұл ретте жетілген кен орындарында мұнай өндірудің табиғи азаюы салдарынан және жүк жөнелтушілердің ішкі нарыққа мұнайды қайта бөлуіне және жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен Қашағандағы өндіру көлемінің азаюына байланысты мұнай тасымалдаудың экспорттық көлемі төмендеді. Есепті жылдың қорытындысы бойынша Каспий Құбыр консорциумының (КҚК) тасымалдау көлемі 3,3%-ға төмендегенін атап өткен жөн. Бұл төмендеу негізінен Қашағанда және КҚК теңіз терминалынан шығатын айлақ құрылғыларындағы жөндеу жұмыстарына байланысты болды. Бүгінгі таңда КҚК штаттық режимде жұмыс істеп тұр
«ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесі бойынша бөлек мұнай тасымалдау көлемі 40 656 мың тонна мұнайды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 568 мың тоннаға аз
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесіне мұнайды қабылдаудың төмендеуінің негізгі себептері мұнайды өндіру және тапсыру көлемінің төмендеуімен байланысты («Өзенмұнайгаз» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, Құмкөл аймағындағы кен орындарынан мұнай өндірушілер). Сонымен қатар бірқатар жүк жөнелтушілер өз ресурстарын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына «ҚазТрансОйл»АҚ МҚ жүйесінен тыс жеткізу жолдарын таңдады.
2021 жылмен салыстырғанда ҚҚҚ-мен тасымалдау көлемінің ұлғаюы Қытай бағытындағы экспортқа және ішкі нарықтағы МӨЗ-дерге тасымалдау көлемінің өсуімен байланысты.
2021 жылмен салыстырғанда МТ-мен ішкі нарыққа тасымалдау көлемінің өсуі МӨЗ-дерге (ПХМЗ, ПҚОП) тиеудің «реверстік» тасымалдау көлемінің өсуімен байланысты
2021 жылмен салыстырғанда МТ-мен экспортқа тасымалдау көлемінің төмендеуі МӨЗ-ді жүктеу үшін тасымалдау көлемін ішкі нарыққа қайта бағытталуына байланысты болды.
Мұнайды магистральмен тасымалдау тарифтері
Қазақстанның ішкі нарығына мұнай тасымалдау тарифтерін мемлекет реттейді.
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №204-VI Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит және Қазақстан Республикасынан тыс жерге экспорттау мақсатында мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтер табиғи монополиялар саласына кірмейді.
2022 жылы энергетикалық тиімділікті жоғарылату үшін мынадай негізгі іс-шаралар атқарылды:
- «Павлодар» БМАС, «Екібастұз» МАС, «Степное» МАС-та және Б. Жұмағалиев атындағы БМАС-та 5 бірлікті сорғы агрегаттары пайдалы коэффициенті жоғары сорғы агрегаттарына ауыстырылды. Бұл жұмыстар «Павлодар – Атасу» технологиялық учаскесі бойынша мұнай айдауға электр энергиясының үлестік шығынын 11%-ға, «Жұмағалиев-Атасу» учаскесі бойынша 16%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Жалпы есептелген үнемдеу көлемі – жылына 2 465 000 кВт*сағ құрады;
- «Өзен» БМАС-те жиілікті реттейтік жетек құрылғысын қою «ӨзенАтырау» технологиялық участігін мұнай айдауға жұмсалатын электр энергиясының шығынын 11%-ға қысқартты. Жалпы есептелген үнемдеу көлемі – жылына 2 071 000 кВт*сағ құрады;
- Жаз мезгілінде мұнай қоспасының реологиясын жақсарту (Маңғыстау мұнайын қайта бөлу) арқылы «Атырау – Самара» мұнай құбырының ыстық температуралық жұмыс режимін оңтайландыру осы мұнай құбырын 2022 жылдың маусым-қыркүйек аралығында қыздыру пештерінен ажыратуға мүмкіндік берді. Жалпы есептелген үнемдеу көлемі – жылына 4 896 585 м3 құрады.
- HAZOP әдісімен тәуекелдерге талдау жүргізу аясында «А.Құлтумиев атындағы» МАС пен «Опорная» СПН пештерін авариялық қызудан қорғайтын электр жетектерін ауыстыра отырып, мұнайды қыздыратын пунктерді электрмен жабдықтау жүйесін жаңғырту жүргізілді.
2023 жылы жоспар бойынша мынадай іс-шаралар қолға алынады
- «Жетыбай» МАС-ның магистралды сорғысын жаңғырту. Жоспарлы шараны іске асыру нәтижесінде үнемделетін электр энергия көлемі жылына -2 032 000 кВт*сағ құрайды;
- «Павлодар-Шымкент» магистралды мұнай құбырының 1 499,9 - 1 572,1 км учаскесіндегі электрмен жабдықтау жүйесін ЭХҚ құралымен қайта жаңғырту, бақылаудың желілік пунктерін жаңғырту және басқару. Жаңартылатын энергия көздерін қолдану.
ҚКК үлескерлерінің Арал МАС құрылысын жүргізу арқылы Кеңқияқ-Құмкөл МҚ жылдық қуатын 15 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспары бар. Осы мәселе бойынша ҚҚҚ үлескерлерінің шешімі қажет. Мәселе талқылау сатысында.
Транскаспий машруты бойынша (Каспий теңіз әлеуетін пайдаланып Баку-Тбилиси-Джейхан жүйесі халықаралық нарықтарға экспорттық жол ашу) мұнай тасымалын қарастыру. 2023 жылдан бастап ТШО ресурстарынан жылына 1,5 млн тонна мұнай тасымалдау болжанып отыр
2022 жылы Каспий құбыр желісі консорциумынада жылжымалы айлақ құрылғысының (ЖАҚ) істен шығуымен байланысты оқиғалар
2022 жыл ішінде КҚК теңіз терминалында бірнеше рет жылжымалы айлақ құрылғыларын (ЖПҚ) пайдалану бойынша шектеулер енгізілді. КҚК үш жылжымаы айлақ құрылғысында жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2022 жылы КҚК мұнай тасымалдау құбырында туындаған штаттан тыс жағдайлар салдарынан мұнай құбыры арқылы экспортталатын мұнай көлемі 3% азайып, тұрақты деңгейде сақталып қалды.
Мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыру
Мемлекет басшысының көмірсутек шикізатын экспорттау бағыттарын әртараптандыру мәселесі бойынша берген тапсырмаларын орындау аясында ҚМГ қазақстандық мұнай өнімдерін экспортқа шығарудың балама маршруттарын пысықтауды жалғастыруда.
Мұнайды Ақтау порты арқылы Әзірбайжан бағытында жеткізу
2022 жылғы қарашада ҚМГ Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясымен (SOCAR) Ақтау-БакуДжейхан маршруты арқылы жылына 1,5 млн тонна көлемінде қазақстандық мұнайды тасымалдауға мұнай транзиті туралы 5 жылдық келісімге қол қойды.
«Ақтау-Баку-Джейхан» бағыты бойынша жылына 1,5 млн тонна көлемінде мұнай тасымалдау қазақстандық мұнай компанияларына маршрутты сынақтан өткізуге және оның тиімділігін, оның ішінде БТД мұнай сапасы банкін қолдануға, сондай-ақ БТД бағытының мұнай қоспасы құнының өзгеруіне әсерін бағалауға мүмкіндіктер береді.
Осыған байланысты Әзербайжан тарапымен «Баку-Джейхан» мұнай құбыры бойынша транзит көлемін ұлғайту жөнінде, сондай-ақ Бакуден басқа бағыттар бойынша (мәселен, Батуми бағытына теміржолмен жеткізу, «Баку-Супса» құбыры, Әзербайжан МӨЗ-деріне жеткізу) келіссөз жалғасуда.
Мұнайды Теңіз-Батуми маршруты бойынша теміржолмен жеткізу
2022 жылдан бері Теңіз кен орнынан Теңіз-Самур-БакуБатуми (РФ арқылы транзитпен) бағыты бойынша Батуми мұнай терминалы арқылы 243 мың тонна мұнай жөнелтілді.
ҚХР бағыты
ҚМГ 2022 жылдың тамыз-қараша айларында CNPC компаниясының өкілдерімен кездесіп, Қытай бағытында жеткізілетін мұнай көлемін ұлғайту және мұнай құбырын кеңейту мәселелері бойынша бірқатар келіссөз жүргізді
Атыраудан Қытайға бағытына қарай мұнай экспортын ұлғайту үшін өткізу қабілетін кеңейту нұсқалары қарастырып жатыр: Атасу-Кеңқияқ құбырын жылына 12 млн тоннаға (+2 МАС) және Кеңқияқ-Құмкөл құбырын жылына 15 млн тоннаға (+1МАС) кеңейту.
Тараптар жоғарыда аталған мәселелерді талқылауды жалғастыруда.
Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау
Тасымалдау активтері
Компанияның негізгі қызмет түрлері:
- Каспий және ашық теңіздер арқылы мұнай өнімдері жүктерін тасымалдау;
- контейнерлік және құрқақ жүктерді тасымалдау;
- мұнай жобаларына қызмет көрсету бойынша қосымша сервистік флот қызметтерін ұсыну.
ҚТКФ активтерінің құрамы:
- сауда флоты: жеке мұнай құю танкерлері — «Астана», «Алматы» және «Ақтау» (әрқайсының дедвейті 12 мың тонна); сондай-ақ «Афрамакс» - «Алатау» және «Алтай» үлгісінде мұнай құю танкерлері (әрқайсының дедвейті 115 мың тонна);
- «Бекет Ата», «Түркістан» құрлық флоты (әрқайсының жүк көтергіштігі 5 мың тонна);
- теңіз операцияларын қолдау флоты — ҚМГ сериясының төрт баржа-алаңы (әрқайсының жүк көтергіштігі 3,6 мың тонна);
- контейнерлік флот: «Барыс» және «Сұңқар», (әрқайсының жүк көтергіштігі 5,2 мың тонна немесе 350 ЖФЭ).
- MCV класты – «Бүркіт» кемесі, жүк көтергіштігі 5,2 мың тонна, үш буксир — «Талас», «Ембі» және «Ырғыз» (гактағы тартым 40 тонна).
Мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың негізгі бағыттары:
- Каспий теңізі акваториясындағы бағыттар
- Қара және Жерорта теңіздеріндегі бағыттар
Тасымалдау көлемі
2022 жылы теңіз арқылы мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 512 мың тоннаға азайып, 9 343 мың тоннаны құрады. Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау көлемінің төмендеуі мұнайды Петромидия зауынанан ҚМГ Трейдингтің тиеу көлемінің азаюымен байланысты.
2022 жылы қыркүйек айында «Сұңқар» көпфункционалды қосалқы кемесі контейнерлік кеме ретінде жаңғыртылып, қайта жабдықталды. Контейнерлік жүктерді тасымалдау «АқтауБаку-Ақтау» фидерлік желісінде жүзеге асырылады.
2022 жылы қараша айында «Бүркіт» кемесін контейнерлік кеме етіп қайта жабдықтау жұмыстары бастады.
2022 жылы желтоқсан айында ҚМГ-нің инвестициялық комитеті «Дедвейт көлемі 8 000 тонна екі мұнай құятын танкерлерді сатып алу» жобасын іске асыруды мақұлдады.