ҚМГ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚТК

Атқарушылық деңгейде орнықты даму жөніндегі стратегиялық міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында, Басқарма төрағасының орнықты даму жүйесін енгізуге байланысты 2022 жылға арналған мынадай мотивациялық ҚТК (корпоративтік ҚТК) бекітілді:

Инвестициялық жобаларды іске асыру, оның ішінде «TAZALYQ», «Кендірлі кентінде теңіз суын тұщыландыру зауытын салу», «Жаңаөзен қаласында жаңа МӨЗ салу», «Астрахань-Маңғыстау» су құбырын реконструкциялау және жаңғырту» жобалары

  • Еңбек етумен байланысты жазатайым оқиғалар коэффициенті (LTIR)
  • ESG рейтингі бойынша көрсеткіш

Бұл ретте, ҚМГ-нің 2023 жылға арналған корпоративтік ҚТҚ-сына 2021 жылмен салыстырғанда тұрақты даму саласында аса амбициялық міндеттер белгіленді

  • Жазатайым оқиғалар коэффициентін төмендетуге, сондай-ақ ҚМГ бүкіл тобы бойынша қауіпті жағдайларды, қауіпті факторларды және т. б. анықтауға және хабарлауға бағытталған өндірістік қауіпсіздік бойынша кешенді көрсеткіш;
  • Есепті жылы базалық 2021 жылға қатысты ҚМГ парник газдары шығарындылары көлемінің өзгеруін көрсететін көміртегі ізі.

Басқарма төрағасының орынбасарлары деңгейіндегі функционалдық ҚТК ішінде 2023 жылға төмендегі ҚТК жоспарланған:

  • Тұрақты даму бойынша бірқатар жобаны қоса алғанда инвестициялық жобаларды іске асыру;
  • ҚМГ-нің Төмен көміртекті дамытудың 2022-2031 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын жетекшілік ететін бағыттары бойынша орындау
  • ESG рейтингін 29 балл деңгейіне жеткізу
ҚМГ тұрақты даму саласындағы басқару тиімділігі