КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
ҚЫЗМЕТ АЯСЫ
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, ҚМГ, Компания) Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы.
ҚМГ көмірсутекті барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайды
ГЕОГРАФИЯ
КАПИТАЛ ҚҰРЫЛЫМЫ
«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» РММ арасында жасалған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акцияларын сенімгерлік басқаруға беру туралы 2015 жылғы 12 қазандағы № 505 НБ/529-и шартына сәйкес Қор ҚМГ-нің барлық дауыс беретін акцияларына иелік етеді.
«Самұрық-Қазына» АҚ – тәуелсіз қор, оның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі. «Самұрық-Қазына» қорының миссиясы – Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету. Қордың портфеліне мұнайгаз және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.