Басқарманың қызметі Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңында, ҚМГ Жарғысында және Басқарма туралы ережеде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында регламенттелген. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және ҚМГ Жарғысымен Компанияның басқа да органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған Компания қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы. ҚМГ Басқармасын Акционерлердің жалпы жиналысы тағайындайтын (сайлайтын) Басқарманың төрағасы басқарады. Өз кезегінде, Басқарманың қалған мүшелерін тағайындау ҚМГ Директорлар кеңесінің құзыретіне кіреді.
Басқарма құзыретінің аса маңызды мәселелеріне келесілер жатады:
ҚМГ даму стратегиясы мен даму жоспарын іске асыру;
бизнес-жоспарды орындауды және инвестициялық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, Компанияның ағымдағы қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру
ҚМГ мен ЕТҰ-ның орнықты дамуы бойынша іс-шараларды іске асыру;
мүдделер қақтығысы мен корпоративтік қақтығыстарды реттеуге қатысу және олардың мониторингін жүргізу;
осы Жарғымен Компания Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, ҚМГ ЕТҰ қызметінің мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
ҚМГ міндеттемелерін ұлғайту және материалдық шегіне сәйкес мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару
ҚМГ Басқармасын Директорлар кеңесі Басқарма Төрағасының ұсыныстары негізінде қалыптастырады.
2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Басқарманың құрамына ҚМГ-нің негізгі сегіз басшысы кірді. Басқарманың отырыстары бетпе-бет және сырттай өтеді және қажеттілі- гіне қарай шақырылады. 2022 жыл ішінде қабылданған Басқарманың нақты шешімдерінің жалпы санынан белгіленген тәртіппен 153 мәселе ҚМГ Директорлар кеңесінің қарауына шығарылды
ҚМГ ішкі қызметі бойынша түйінді мәселелер ҚМГ-нің 2021 жылғы шоғырландырылған және жекелеген жылдық қаржылық есебін алдын ала бекітуге және кейіннен ҚМГ-нің 2021 жылғы таза кірісін бөлу тәртібі туралы мәселені шығаруға, ҚМГ-нің стратегиялық емес активтерін шығару жөніндегі Жол картасын, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың санкциялық саясатын бекітуге және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдігі туралы ережені бекітуге қатысты болды, Ақтау қаласында көмірсутектерді барлауға және өндіруге келісімшарттар жасасу, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2023-2027 жылдарға арналған шоғырландырылған даму жоспары және т. б. мәселелерге қатысты болды.
Тәуекелдер бойынша есептер; мүдделі мәмілелер, Басқарма қабылдаған шешімдер; 2028 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру; тұрақты даму және т.б.
2022 жылы
68 отырыс өткізілді
654 шешім
қаралып, қабылданды
2022 жылы Басқарма компания мүддесі бар ҚМГ мәмілелері бойынша 24 шешім қабылдады ҚМГ Жарғысына сәйкес, ДК және Басқарма мәселелерін қарауды бөлу бойынша материалдылық шек көрсетілген.
2022 жылы қаңтар-желтоқсан аралығында Басқарма шешімімен келесі құжаттар бекітілді:
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сапа саласындағы саясаты
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ энергетикалық саясаты
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы персоналдың денсаулығын басқару бағдарламасы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі көміртекті баға белгілеу бағдарламасы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының кейбір ұйымдарының 2023 жылға арналған Базалық тарифтік ставкасы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ дағдарыстық жағдайларды басқару жөніндегі регламенті
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарушы және әкімшілік қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының схемасы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2022 жылға арналған түзетілген бюджеті
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2023 жылға арналған бюджеті
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға меншік немесе сенімгерлік басқару, әлеуметтік жағдайдың тұрақтылығын сақтау және (немесе) қалпына келтіру жөніндегі шараларды қабылдау шеңберінде сатып алу құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың жүзеге асыруы үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесі және т.б
Бұдан басқа, 41 шешіммен ҚМГ-нің жекелеген ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.
ЕТҰ акционерлерінің (үлескерлерінің) жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жататын өкілеттіктер шеңберінде Басқарма ҚМГ ұстанымын айқындау және акционерлердің (үлескерлердің) жалпы жиналыстарында ҚМГ уәкілетті өкілдерінің кейіннен дауыс беруі үшін
Басқарманың құрамы
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына кіреді.
Туған күні: 1978 жыл 7 қараша
Білімі:
О.А. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебі;
«Тұран» университеті, «экономист» мамандығы;
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дипломатиялық академиясы, «халықаралық қатынастар» мамандығы;
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, «мұнай-газ ісі» мамандығы.
Жұмыс тәжірибесі
ҚМГ компаниялар тобында 6 жылдан астам, ҚМГ-де – 3 жыл, оның ішінде 3 жыл басшы лауазымдарында қызмет етті.
Әр жылдары MI Drilling Fluids International (Schlumberger) компаниясының Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында қауіпсіздік және өндіріс менеджері, бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер, «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директор, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі.
2022 жылдың сәуірінен бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы.
ҚМГ-нің немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.
2023 жылдан бастап Басқарманың құрамына кіреді.
Туған күні: 1971 жыл 21 қазан
Білімі:
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты, мамандығы – «экономист»;
Атырау мұнай және газ институты, тау-кен инженері;
Eni корпоративтік университеті (Милан, Италия), Executive MBA.
Жұмыс тәжірибесі
Әртүрлі жылдары «Теңіз» АҚ бас бухгалтерінің орынбасары, «Құрманғазы РУТ», «Қазақтелеком» ААҚ бас есепшісі, «Өзенмұнайгаз» ААҚ, «Ембімұнайгаз» ААҚ бас есепшісінің орынбасары, «Каспий мұнай – ТМЕ» АҚ, «EuroAsia Group» ЖШС бас есепшісі, «Ембімұнайгаз» ӨФ және «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, қаржы депратаментінің директоры, бас бухгалтерінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ акцияларын басқару жөніндегі басқарушы директор, бір мезгілде «ҰТТ және ОС» ЖШС директоры, «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры, басқарма төрағасы, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының орынбасары, басқарма мүшесі, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ барлау және өндіру активтерін басқару жөніндегі басқарушы директоры, «Тау-кен Самұрық» ҰТК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директоры, басқарма мүшесі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай және газ өндіру департаментінің директоры, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
ҚМГ-нің немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.
2023 жылғы 8 ақпаннан бастап Басқарманың құрамына кіреді.
Туған күні: 1984 жылы 24 шілдеде дүниеге келген.
Білімі:
И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтында «Халықаралық мұнай-газ бизнесі» МВА дәрежесін алды.
Жұмыс тәжірибесі
Кәсіби мансабын 2006 жылы «Интегра» ЖАҚ-та (Ресей Федерациясы) диспетчер, бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылау инженері (ұңғымада) лауазымдарынан бастады.
2007–2008 — «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ өндірістік бөлімінің техникалық маманы.
2008-2011 жылдар аралығында «Каспиан Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» өндірістік бөлімінде бұрғылаушы инженері болып жұмыс істеді.
2011-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та ірі мұнай-газ жобаларын барлау және дамыту жобаларын басқару департаменттерінің 1-санатты менеджері лауазымында қызмет етті.
2012-2015 жылдары – «Ромпетрол С.А.» (Румыния) барлау және өндіру департаментінің директоры, барлау және өндіру жөніндегі бас директордың орынбасары.
2015-2016 жылдары – «ҚМГ-Кансу Оперейтинг» ЖШС Бас директорының геология және өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2016-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі.
2017-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментін басқарды.
2021 – 2023 жылдары – «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2023 жылдың ақпан айынан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
ҚМГ-нің немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.
2023 жылғы 8 ақпаннан бастап Басқарманың құрамына кіреді.
Туған күні: 1972 жыл 14 қазан.
Білімі:
Ақтау политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру, тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі
Еңбек жолын «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК-да бастады
1997 жылы Ақтау қаласы бойынша салық бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді
1997-1998 жылдары – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнай-гермес» өнімді материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өткізу басқармасы филиалының арнайы техника мен қосалқы бөлшектер көлігі бөлімінің және құбырлар мен металл бұйымдары бөлімінің инженері.
1998-2006 жылдары – «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ-та пайдалану инженері, кен орнында мұнай өндіру шебері, балық аулау менеджері болып жұмыс істеді.
2007-2010 жылдары – мұнай өнеркәсібі департаменті мұнай жобаларының мониторингі және нормативтік-техникалық саясат басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары.
2010-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.
2014-2015 жылдары – «BNG LTD» ЖШС Бас директорының орынбасары.
2015-2020 жылдары – «ҚазТрансГаз» АҚ техникалық саясат департаментінің директоры, МТҚ басқару жөніндегі басқарушы директор, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор, ресурстық базаны дамыту және техникалық саясат жөніндегі бас директордың орынбасары.
2020-2023 жылдары – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, министрі.
2023 жылдың ақпан айынан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
ҚМГ-нің немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.
Басқарманың құрамына 2022 жылдың мамырынан бастап кіреді.
Туған күні: 1976 жыл 16 шілде
Білім
Б. Закиров Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық валюта-қаржы қатынастары» мамандығы бойынша және Данди қ. университетін (Шотландия) «Мұнай және газ экономикасы» мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі
1999 жылдан 2009 жылға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ-та стратегиялық жоспарлау департаментінің маманы, жобаларды басқару департаментінің менеджері, бас менеджер, директордың орынбасары, кейін көліктік логистика департаментінің директоры, перспективалық даму департаментінің директоры, Бас директордың даму жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
2009-2011 жылдары – «ҚМГ-Транскаспий» ЖШС Бас директорының орынбасары, бас директоры.
2012-2016 жылдары – «Қазтрансойл» АҚ Бас директорының кеңесшісі, өндіріс жөніндегі басқарушы директоры, Бас директордың даму жөніндегі орынбасары және активтер жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
2016-2018 жылдары – «KMG Systems & Services» ЖШС Бас директорының кеңесшісі.
2018 жылдан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай тасымалдау департаментінің директоры, мұнай тасымалдау басқармасының бастығы
2022 жылдың мамыр айынан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар және «Сарыарқа» газ құбырын салу жөніндегі орынбасары.
ҚМГ 100 акциясына иелік етеді.
Басқарма құрамына 2022 жылдың 15 маусымынан бастап кіреді.
Туған күні: 1971 жыл 12 сәуір.
Білім
Қазақ химия-технологиялық институтын көміртекті материалдардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша бітірген.
2003 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын мұнай-газ ісі мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі
Еңбек жолын 1993 жылы тамызда Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық қондырғы операторы болып бастады. 2006 жылдың наурыз айынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-химия департаментінің бас менеджері болды. 2017 жылдың ақпан айынан бастап КМG Rompetrol SRL өкілдік басшысының кеңесшісі, 2019 жылдың наурыз айынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ техникалық даму департаментінің директоры, 2021 жылдың шілдесінен бастап «АМӨЗ» ЖШС
Бас директоры (Басқарма төрағасы) ретінде қызмет етті. Қазіргі уақытта 2022 жылдың 20 мамырынан бастап Басқарма төрағасының мұнай және мұнай химиясын өңдеу жөніндегі орынбасары қызметін атқарады, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма мүшесі.
ҚМГ-нің немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.
Басқарма құрамына 2016 жылдан бастап кіреді.
Туған күні: 1978 жыл 11 маусым.
Білім
Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы;
Texas A&M университеті, қаржы ғылымдарының магистрі;
CFA халықаралық кәсіби сертификатының иегері.
Жұмыс тәжірибесі
Еңбек жолын 2001 жылы «АБН АМРО Банк Қазақста» АҚ-та кредиттік сараптамашы болып бастады. 2003 жылы банктің кредиттік басқарамасының басшысы болып тағайындалды. 2004 жылдан бастап «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-та атқарушы директор болды. 2007 жылдан бастап 2016 жылдың маусымға дейін «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2016 жылы McKinsey & Company Inc компаниясында жоба кураторы болып жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап Лондон қор биржасында листингтен өткен «ҚазМұнайГаз «Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
ҚМГ-нің немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.
2020 жылдың ақпан айынан бастап Басқарма мүшесі.
Туған күні: 16 желтоқсан 1974 ж.
Білім
Республикалық физика-математика мектебі. Жәутікова О.А.;
Қазақстан құқықтану және халықаралық қатынастар институты, мамандығы «халықаралық құқық, заңгер»;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы, «Халықаралық экономика және құқық» мамандығы;
Eni корпоративтік университеті (Милан, Италия), мұнай бизнесі магистрі;
Мәскеу менеджмент мектебі SKOLKOVO, «Қаржы және инвестициялар» мамандығы, Executive MBA.
Жұмыс тәжірибесі
ҚМГ компаниялар тобында 18 жылдан астам жұмыс істейді, оның 14 жылы басшылық қызметтерде болды.
Осы жылдар ішінде халықаралық келісімшарттар департаментінде заңгер, Жаңа жобаларды әзірлеу департаментінің бас менеджері, жаңа жобаларды әзірлеу департаментінің директоры, директордың орынбасары, кейін Жаңа теңіз жобаларын әзірлеу департаментінің директоры, жобаларды басқару бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ топ, бас директордың кеңесшісі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Барлау және өндіру бизнесін қолдау жөніндегі басқарушы директор, Аппарат басшысы – Басқарушы директор «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ дамыту үшін.
ҚМГ-нің немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдары- ның акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәу- елді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.
Басқарма құрамына 2022 жылдың мамырынан бастап кіреді.
Туған күні: 1979 жыл 17 қараша
Білім
Қазақ мемлекеттік заң академиясы, «құқықтану, заңгер» мамандығы;
Дюк университетінің Құқық мектебі мен Киюшу университеті, «халықаралық құқық» мамандығы (АҚШ-Жапония).
Жұмыс тәжірибесі
Әр жылдары «Титул» заң агенттігі» ЖШС (Алматы қ.) заңгердің көмекшісі, «Grata Заң фирмасы» ЖШС (Алматы қ.) заңгер, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ заң кеңесшісі, «Grata Заң фирмасы» ЖШС-нің серіктес және Ақтөбе, Бішкек қалаларында филиал үйлестірушісі, «Bateman Kazakhstan Oil and Gas Company B.V.» компаниясының Қазақстан Республикасындағы (Алматы қ.) филиалында заң қызметінің басшысы, «Интегра Менеджмент» ЖАҚ Қазақстан Республикасы бойынша заң қызметінің директоры (Алматы қ.), «Eastcomtrans» (Алматы қ. және Ақтау қ.) компаниялар тобында заң қызметінің директоры/ құқық бойынша бас кеңесші, «Greenline Services Ltd.» (Мажарстан) компаниясының аға серіктесі \консультант қызметтерін атқарды.
2022 жылы 20 мамырда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
ҚМГ-нің немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.
Басқарма құрамы, 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша
Мырзағалиев М.М.
Басқарма төрағасы
Есқазиев Қ.О.
Басқарма төрағасының орынбасары
Мұнбаев М.Қ.
Басқарма төрағасының орынбасары
Закиров Б.К.
Басқарма төрағасының орынбасары
Қайрденов А.Қ.
Басқарма төрағасының орынбасары
Қарабаев Д.Е.
Басқарма төрағасының орынбасары
Абдулғафаров Д.Е.
Басқарма төрағасының орынбасары
Лавренов В.С.
Басқарма төрағасының орынбасары
2022 жылдық есеп бекітілген сәттегі Басқарма құрамы (2023 жылғы 5 сәуір)