Нарыққа шолу
Жаһандық үрдістер және олардың ҚМГ стратегиясын жүзеге асыруға әсері
Ресей-Украина қақтығысының мұнай-газ саласына әсері
Қытай экономикасының белсенділігі төмендеуінің əлемдік энергия нарығына тигізетін əсері
Климаттың өзгеруіне қарсы күресті күшейту қажеттілігі
Жаһандық инфляцияның жоғары өсу қарқыны және әлемдік экономикалық өсудің төмендеуі
Экологиялық таза энергияға көшу үшін инвестицияларды ұлғайту
Мұнай-газ ұйымдарында технологиялық инновацияларды дамыту және киберқауіпсіздік тәуекелдерін басқару
Мұнай-газ саласында білікті кадрлар тапшылығының ұзақ мерзімді үрдісі
COVID-19 пандемиясының әсері және жетекші елдердің көбінде одан кейінгі сұраныстың қалпына келуі 2022 жылдың алғашқы жартысында бұрын тиімді болған тасымалдың жаһандық тізбегіне салмақ түсірді. Бірақ бұл іркілістерді былтыр ақпандағы Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың әсері басып кетті, соның салдарынан энергия тасымалдаушылар бағыттарын қайта қарау қажеттігі туды.
Қақтығыс басталғаннан бері энергетика саласы белгісіздік жағдайында жұмыс істеп келеді. Еуропа Одағы теңіз тасымалындағы ресейлік шикі мұнай импортының үлкен бөлігіне тыйым салғаннан кейін Ресей мұнай өндірісі мен экспорты құрлықтық Қытайдың сұранысына, Үндістанның қажеттіліктеріне, батыстан тыс елдердің сақтандыру мүмкіндіктеріне, танкерлердің қолжетімділігіне тәуелді болып тұр. S&P Global Commodity Insights компанияның мәліметіне сәйкес, 2022 жылдың төртінші тоқсанында ресейлік шикі теңіз мұнайының үштен екі бөлігінен астамы құрлықтық Қытай мен Үндістанға жөнелтілген. Еуропалық мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) көлемді азайту үшін АҚШ, Таяу Шығыс, Батыс Африка мен Латын Америкасына жүгінді
Мұнай бағасы пандемиядан кейін әлем экономикасы қалпына келе бастауы әсерінен Шығыс Еуропадағы қақтығыс ушықпай тұрып өскен болатын. Алайда бір баррель шикі мұнай бағасы 2022 жылдың қаңтар айының басында 76 доллар болса, геосаяси шиеленіс туындағаннан кейін мұнай бағасы күрт өсіп, 2022 жылдың 4 наурызында 110 доллардан асты.
Еуропа мен Ресей арасында энергия тасымалдаушылар сауда-саттығының бұзылуы қуат көздері бағасының қарқынды өсуіне түрткі болды. Бағаның өсуі әлем экономикасына үлкен зиян келтіруде, егер Еуропадағы газ қоймалары босап қалса, ахуал тіптен ушыға түспек.
Еуропада газ тұтыну нормасы енгізілсе, ол әлемде газ бағасының одан әрі өсуіне алып келуі мүмкін. «Deloitte»-тің есебі бойынша, 2022 жылы газдың әлемдік бағасы бұрын болмаған жоғары көрсеткішке жетіп, АҚШ-тағы Henry Hub бағасынан алты-он есеге асып кетті.
«Kpler» компаниясының дерегі бойынша, сұйытылған табиғи газды (СТГ) экспорттайтын америкалық компаниялар 2022 жылдың 11 айында Еуропаға жеткізілген газдың көлемін 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 137%-ға арттырған. Бұл Еуропаға тасымалданатын сұйытылған табиғи газдың жартысынан көбі деген сөз. Осының нәтижесінде құбыр арқылы жеткізілетін газ көлемінің 55%-дан артық қысқаруының орнын толтыра алады
ҚМГ дамуының басымдықтары
ҚМГ қазақстандық мұнайдың экспорттық бағыттарын негізінен Транскаспий маршруты арқылы өткізудің қосымша жолдарын пысықтау арқылы әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізуде.
2022 жылғы шілдеден бастап қазақстандық мұнайдың экспорты Brent маркасынан сәл арзан түсетін «KEBCO» төл маркасымен сатылып жатыр. Бұл ҚМГ-ге Brent маркалы мұнай мен санкция салынған Urals маркасының арасындағы айырмашылықтың шығынын бәсеңдетуге мүмкіндік береді. Өйткені ҚМГ мұнайының бір бөлігі Urals ресейлік маркамен сатылғандықтан, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық көрсеткіштерге кері әсерін тигізді.
Жалпы алғанда мұнайдың орташа бағасының өсуі экспорттан түсетін кірістің өсуіне алып келді.
2022 жылы Қытайдың экономикалық өсімі COVID-19-бен байланысты қатаң бақылауға және жылжымайтын мүлік нарығының құлдырауына байланысты баяулады. Бұл сәйкесінше энергия қажеттілігінің айтарлықтай төмендеуіне әкелді. 2022 жылдың желтоқсанында COVID-19-ға қарсы күрестегі «нөлдік төзімділік» саясатының жойылуы ел ішінде COVID-19 ауырғандар санының күрт өсуіне және экономикалық белсенділіктің төмендеуіне алып келіп, сәйкесінше мұнайға деген сұранысты төмендетті.
2022 жылдың 11 айында Қытайдың газ бен мұнайға деген сұранысы сәйкесінше 1,0% және 3,0% төмендеді. Қытайдағы мұнайға деген сұраныс 2023 жылдың бірінші тоқсанында 2022 жылдың ұқсас тоқсанымен салыстырғанда тәулігіне 440 000 баррельге қысқарады деп күтілуде. Оның орны экономика қайта ашылғаннан кейін сұраныстың қайта қалпына келуімен толтырылады.
Мұнайға әлемдік сұраныстың өсу болжамы құрлықтық Қытайдағы сұраныстың өсуіне байланысты. Мысалы, 2022 жылдың бірінші тоқсаны мен 2024 жылдың төртінші тоқсаны арасында мұнайға деген әлемдік сұраныс тәулігіне 5,9 млн баррельге дейін өсетін болса, Қытайдың сұраныс үлесі тәулігіне 1,9 млн баррель немесе шамамен 30 % болмақ.
ОПЕК-тің 2023 жылғы қаңтардағы ай сайынғы есебі бойынша, COVID-19-ға қарсы нөлдік төзімділікке байланысты экономикалық белсенділіктің төмендігіне қарамастан, Қытай экономикасы 2023 жылы 4,8% өседі деп болжануда. Қытай жаңа қуатты мұнай-химия өндірістерін салуын жалғастырып отыр. Өйткені мұнай-химия шикізатына деген сұраныс салыстырмалы түрде тұрақты болып тұр. Яғни, мұнай-химия шикізатын тұтыну тұрақты болып қала береді
ҚазМұнайГазға әсері
2022 жылғы 8 қарашада Орта Азия бойынша ғана емес, сонымен қатар әлемдік деңгейдегі ең ірі «KPI Inc.» ЖШС-нің полипропилен өндіретін зауыт іске қосылды. ҚМГ- нің еншілес кәсіпорны жыл сайын 500 мың тоннаға дейін өнім шығаратын болады – бұл жалпы әлемдегі полипропилен өндірісінің шамамен 1%-на тең. Қазақстанның зауыты Түркменстан, Әзербайжан және Өзбекстан жиынтықты шығаратын көлемнен де көп полипропилен өндіретін болады. Экспорт нарығы – Еуропа, Түркия, ТМД елдері мен Азия елдері, соның ішінде Қытай.
Сонымен қатар экспортталатын мұнай бағасын Қытай тарапымен келіскен жағдайда, Қытай бағытына қарай мұнай экспортының көлемі ұлғаюы мүмкін.
Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың (Intergovernmental Panel on Climate Change, IPCC) есебі бойынша, алдағы жиырма жылда әлемде температураның орташа көтерілуі 1,5 ºC болып, қайтпас нүктеге жақындайды. Климат өзгерісін тежеудің жалғыз жолы – көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту.
Париж келісімінде елдер жаһандық орташа температураның өсуін индустрияға дейінгі деңгейден 1,5-2°C асырмай ұстауға міндеттелді.
COP27 отырысында температураны 1,5 C-ден асырмай ұстап тұру мүмкіндігін сақтау үшін елдердің климат өзгерісін бәсеңдетуге бағытталған міндеттемелерін арттыру керектігі айқындалды.
Климаттың өзгеру мәселелері мұнай-газ саласына қатты әсер етеді. Мұнай секторына ғана шоғырлануға ниетті Ұлттық мұнай компанияларының (ҰМК) көпшілігі климаттың өзгеруіне байланысты жаңа ахуалға бейімделу қажеттігін түсінеді. Бұл компаниялар мұнай және газ саласында жұмыс істеу мүмкіндігін сақтау үшін қазіргі қызметін декарбонизацияға қамдану шараларын қолға алды. Қызметін «жасылдандыруға» инвестиция салып, метанды пайдалану қарқындылығын төмендету үшін парник газдарының (ПГ) шығарындыларын азайтуға (бұрын ауада жағылып келген газды тұту арқылы) және теңіздегі операцияларды электрлендіруге күш сала бастады. Бұл жұмыстың тиімділігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға мүмкіндік береді
Бұл тренд келер жылы да жалғасса, ҰМК-да «көміртек негіздері» қызметтерін қолдауына мүмкіндік беретін декарбонизация жобалары үшін бетбұрыс кезең болуы мүмкін. Перспективалы бағыттардың бірі – көміртекті тұту және сақтау (CCS). Бұл бастапқы кезеңде декарбонизацияны қолдайтын технология. Жария етілген түпкілікті Инвестициялық шешімдер (FID) мен іске қосылған пилоттық жобалардың (PETRONAS, CNPC, SINOPEC) ауқымын ескерсек, көптеген Ұлттық мұнай компаниялары үшін бұл бәсекеде табысқа жету шынайы мақсат болып отыр. Ол мақсаттың орындалуы әсіресе сутегі электролизі немесе ультра заманауи «moonshot» технологиясы сияқты қымбат және капиталды қажет ететін шешімдерді енгізуге байланысты.
ҚазМұнайГазға әсері
ҚМГ-нің 2021 жылы қабылданған 2022–2031 жылдарға Төмен көміртекті дамыту бағдарламасы мен 2022-2031 жылдарға арналған Даму стратегиясының «Өндірістің көміртек сыйымдылығын тұрақты дамыту және үдемелі төмендету» стратегиялық мақсатын іске асыру шеңберінде 2031 жылға қарай СО2 тікелей және жанама шығарындыларын 2019 жылғы деңгейден 15% төмендету көзделген.
Сондай-ақ ҚМГ энергетика саласындағы ұзақ мерзімді үрдістерді ескере отырып, шығарындыларға шектеу қойылатын әлемде қаржылық табысты сақтау үшін жобалар портфелін көміртегі үлесін төмен етіп құру бағытында жұмыс істеп жатыр
Жаһандық экономикалық белсенділік бұған дейінгі бірнеше онжылдықта жоғары деңгейдегі инфляцияның әсерінен ауқымды көлемде әрі күрт баяулап тұр. Өмір сүру қымбаттап, көптеген өңірде қаржылық ахуалдың қатаңдауы, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс және ұзаққа созылған COVID-19 пандемиясы жалпы өсу перспективаларына айтарлықтай әсер етіп отыр. Жаһандық өсім 2021 жылғы 6,0 пайыздан 2022 жылы 3,2 пайызға бәсеңдесе, 2023 жылы 2,7 пайызға дейін баяулайтыны болжамданады. Бұл жаһандық қаржылық дағдарыс пен COVID-19 пандемиясының ауыр кезеңін қоспағанда, 2001 жылдан бергі ең әлсіз өсім болмақ. Әлем экономикасы бұлай құлдыраған кезде, көп жағдайда жан басына шаққандағы жылдық жаһандық кіріс қысқарып, рецессияға жақындайды.
Дүниежүзілік банктің «Жаһандық экономикалық перспективалар» есебі бойынша, 2022 жылдың ішінде инфляция деңгейі барлық дерлік елдерде өскен. Медианалық жаһандық жалпы инфляция есепті жылдың екінші жартысында 9%-дан асқан. Бұл 1995 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Нарығы қалыптасып келе жатқан және дамушы елдердегі (EMDE) инфляция шамамен 10% жетке, бұл олар үшін 2008 жылдан бергі ең жоғары деңгей. Ал экономикасы дамыған елдерде 9% сәл асқан, бұл 982 жылдан бергі ең жоғары өсім. Инфляцияны таргеттеу стратегиясын қабылдаған елдердің барлығында дерлік нақты көрсеткіштер жоғары болды.
2022 жылы инфляцияның қарқынды өсуі сұраныс пен ұсыныс факторларының жиынтығын көрсетті. Сұранысқа келетін болсақ, 2020 жылғы жаһандық рецессиядан кейінгі алғашқы қалпына келу кезіндегі өсудің жеделдеуі, сондай-ақ бұрынғы макроэкономикалық қолдаудың кешіктірілген әсерлері баға қысымына тұрақты негізде ықпал етті. Ұсынысқа келетін болсақ, Украинада қақтығыс күшейген сайын негізгі тауарлардың тапшылығы энергия көздері мен азық-түлік бағасының өсуіне айтарлықтай ықпал етті.
Дүниежүзілік банктің «Жаһандық экономикалық перспективалар» есебінде доллардың нығаюы таза долларлық міндеттемелері бар қарыз алушылардың үлкен бөлігіне қысым көрсетіп, валютасы құнсызданған елдердегі инфляцияны ушықтырғаны айтылған. Капиталдың күрт сыртқа кетуіне және валюта бағамының төмендеуіне жол бермеу үшін көптеген дамушы елдердің (EMDE) ақша-несиелік реттеу органдары қатаңдату циклдерін ұзартып, валюта қысымына қарсы тұру үшін валюта резервтерін пайдаланды. Нарықтағы жағдай барған сайын күрделеніп, 2022 жылы дамушы елдер (EMDE) облигациялар шығаруды соңғы 10 жылдағы ең төменгі деңгейге жеткізді.
ҚазМұнайГазға әсері
Әлемдік нарықтағы жағдайды ескерсек, Компанияның қазіргі басымдықтары – ҚМГ-нің ағымдағы, инвестициялық, қаржылық және өзге де қызметтің кредиттік рейтингіне теріс әсерін барынша азайту, сондай-ақ ағымдағы қызметті барынша өз қаражаты есебінен қаржыландыру, жаңа нақты жобаларға ғана қарыз тарту.
Сондай-ақ өткен тәжірибені және басқа мұнай-газ компанияларына қарағанда салыстырмалы түрде жоғары борыштық жүктемесі бар екенін ескерсек, қарызды басқарудың консервативті тәсілі негізгі міндеттердің бірі болып отыр.
Мұнай бағасының өсуі және энергетикалық қауіпсіздікке жіті назар аудару мұнай жеткізудің жаңа бағыттарына салынатын инвестицияларға серпін беруі мүмкін. Бірақ барлау мен өндіру шығындары энергетикалық тенденцияларға жұмсалатын шығын мен инвестициялардың бәсекелесімен байланысты кедергілерге тап болады.
2023 жылы барлау мен өндіруге жұмсалатын күрделі шығын 2015 жылғы деңгейден асып түседі деп күтілуде. Жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) шығыны 2020-2022 жылдары 95 млрд АҚШ долларына өсіп, 2023 жылы тағы 14 млрд АҚШ долларына өседі деген болжам бар. Жаңартылатын энергия өндірісі 2015 жылдан бері жаһандық энергетикалық инвестициялардың ең жылдам дамып келе жатқан сегментіне айналды. Жалпы алғанда, әлемдегі күрделі энергия шығындары 2022-2023 жылдары 50 млрд АҚШ долларына артады.
Сонымен қатар әр өңірде қабылданған саясаттар 2022 жылы мұнай-газ саласының жоғары ақша ағымдарымен бірге мұнайгаз компанияларына таза энергетикаға салынатын инвестицияларды арттыруға ықпал етті:
- АҚШ: инфрақұрылымды және жұмыс орындарын инвестициялау туралы заң, 2020 жылдан бастап 2022 жылға дейін инфляцияны төмендету туралы заң қабылданды. Соның әсерінен таза энергияға және онымен байланысты инвестицияларға шамамен 450 млрд АҚШ доллары тартылды. Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына (Securities and Exchange Commission, SEC) есеп беретін компанияларға шығарындылар туралы ақпаратты міндетті түрде жария ету ережелерін ұсынды.
- Еуропа: Еуропалық комиссия Fit for 55 климаттық пакеті және Repowereu Еуропалық жоспары бойынша шешімдер қабылдады. Оған сәйкес таза энергияға көшу және шығарындыларды азайту бағытындағы міндеттемелер шамамен 300 млрд еуроны құрайды.
- Басқалары: кейінгі екі жылда оннан астам ел сутегі стратегияларын жариялады.
ҚазМұнайГазға әсері
ҚМГ-нің 2021 жылы қабылданған Даму стратегиясы мен Төмен көміртекті дамытудың 2022-2031 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде ҚМГ үлесіне жалпы қуаты кемінде 300 МВт жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру көзделген. Сондай-ақ декарбонизацияның қосымша жобаларын (CCUS, сутегі өндірісі және т.б.) жобаларын да іске асыру жоспарланып отыр.
Мұнай-газ және басқа да өнеркәсіптік ұйымдар тек ақпараттық технологиялар (АТ) жүйелері үшін ғана емес, сонымен қатар операциялық технологиялар (ОТ) үшін де киберқауіптерге жиі ұшырайды. OT барған сайын біртұтас, цифрланған және автоматтандырылған сипат алып жатқандықтан, кибершабуылушылардың жүйені бұзып, қауіпті ақаулар немесе іркілістер тудыру ықтималдығы артады.
Өткен жылы ОТ-мен байланысты оқиғалардың саны артты. 2022 жылғы қаңтар айының соңында екі германиялық отын және май дистрибьюторына кибершабуыл жасалды. Бұл жеткізу тізбегін басқаруды бұзды. Сонымен қатар 2021 жылы Олдсмарда (Флорида штаты) жүйені басқару станциясына қашықтан қол жеткізу және натрий гидроксиді деңгейін жоғарылатуға тырысу арқылы сумен жабдықтау қондырғысын бұзуға әрекет жасалды.
Сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың желілеріндегі аппараттық құралдар барған сайын технологиялық сипатқа ие бола бастағандықтан процестерді басқару компоненттері өнеркәсіптік басқару жүйесі мен OT доменінде бір-бірімен өзара әрекеттесіп жатқандықтан киберқауіпсіздікті басқарудың жаңа деңгейлерін қажет ететін жаңа сын-қатерлер пайда болып отыр
KPMG-дің «Drilling Down» атты есебі бойынша, төлем бағдарламаларының OT желілеріне шабуыл жасау жағдайлары 2018 жылдан 2020 жылға дейін бес есе өскен. Олардың ішінде өндірістік кәсіпорындар тіркелген бопсалаушы бағдарламалардың үштен бірінен астамын өнеркәсіптік ұйымдарға тиесілі. Одан кейін коммуналдық қызметтер тұр, олардың үлесі 10% құрайды.
Бопсалаушы бағдарлама шабуылдарының саны күрт өсіп, 2015 жылы олардан келген шығын 0,325 млрд АҚШ доллары болса, 2021 жылы 20 млрд АҚШ долларына жетті. Бопсалаушы бағдарламалармен байланысты операциялық ақаулар OT-да 23 есе өсті. 2020 жылы энергетикалық және коммуналдық қызметтерге төлемдік бағдарлама шабуылдарының саны 32% өсті.
ҚазМұнайГазға әсері
Кибер-қатерлерді және сезімтал деректердің сыртқа шығуын болдырмас үшін ҚМГ қолданыстағы халықаралық стандарттарға бойынша ақпараттық қауіпсіздіктің менеджмент жүйесі (АҚМЖ) сәйкестігін қолдау бағытында жұмыс атқарады және ақпараттық қауіпсіздік аудитін жүргізеді.
Мұнай-газ саласы жылдар бойы жұмыс күшінің қартаюына, салаға келетін жаңа/жас таланттардың шектеулі болуына және технологиялық саланың таланттары үшін бәсекелестіктің артуына байланысты кадр тапшылығына тап болып келеді.
Саланың болашағы үшін маңызды дарынды жастарды табу мен сақтап қалудағы бұл қиындықтар бірнеше факторларға байланысты болуы мүмкін:
Жұмыс орнындағы жаңа динамика
Мұнай-газ саласы салыстырмалы түрде тұрақты және консервативті сала болып саналады. Талантты қызметкерлер үшін таласқа компаниялар барған сайын икемді болып, заманауи жұмыс күшінің жаңа реалийлеріне бейімделуі керек. COVID-19 пандемиясына байланысты көптеген компаниялар мүмкіндігінше өз қызметкерлеріне қашықтан жұмыс істеуін жеделдетті және икемді жұмыс кестесіне рұқсат берді. Бұл өзгеріс энергетикалық компанияларға болашақ буынның құндылықтарын жақсы түсінуге көмектесуі мүмкін.
Сонымен қатар жұмыс күші әртараптандырылған сайын, басшылар әртүрлі ортадағы адамдармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы түсініктерін кеңейтуге тырысады. Бұның ішінде ESGдің маңызы өсіп келе жатқанын, сондай-ақ демографияның нәсіл, жыныс, сексуалды бағдар сияқты деректер мен құндылықтарды мойындап, қабылдау да бар.
Сала туралы теріс түсініктер
Бұқаралық ақпарат құралдары көбінесе саланы теріс жағынан көрсетеді. Салдарынан көптеген талантты адамдар бұл саладан аулақ болуға бейім. Бірақ бүкіл жерде олай емес. Көптеген мұнай-газ компаниялары зейнетке шыққаннан кейін де мердігер болып қайта оралатын тәжірибелі бригадаларға сенім артуды жалғастырып отыр. Сонымен қатар тапшы орындарды толтыру үшін Үндістаннан, Қытайдан және Ресейден кадр «импорттау» қажеттілігі туындамақ. Бірақ бұл көптеген саяси, иммиграциялық және қауіпсіздік тәуекелдеріне әкелуі мүмкін.
ҚазМұнайГазға әсері
ҚМГ ғылыми қауымдастықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, ғылыми әзірлемелердің практикалық тиімділігін, оның ішінде отандық кадрлардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетуін арттырады.ҚМГ ғылыми-зерттеу қоғамдағылыми әзірлемелердің практика лық әсерін, оның ішінде отандық кадрлардың зерттеу жұмыстарын жүргізуін қолдауды арттырады.
Компания жоғары білікті кадрларды ұстап қалу және оларды өз қатарына тарту үшін ашық және икемді ынталандыру жүйесін құру бағытында жұмыс жүргізеді.
Ішкі драйверлер және олардың стратегияның іске асырылуына әсері
Energy Information Administration (EIA) деректері бойынша, Қазақстан 1911 жылдан бері мұнай өндіріп келеді, бұрынғы кеңестік республикалар арасында Ресей Федерациясынан кейін мұнай қорының көлемі бойынша екінші және мұнай өндіруден де екінші орында тұр.
Energy Information Administration (EIA) деректері бойынша, Қазақстан 1911 жылдан бері мұнай өндіріп келеді, бұрынғы кеңестік республикалар арасында Ресей Федерациясынан кейін мұнай қорының көлемі бойынша екінші және мұнай өндіруден де екінші орында тұр.
Соңғы онжылдықтарда өндірістің кеңеюі еліміздің әлемдік көмірсутек нарығындағы орнын едәуір нығайтты. Әлемдік энергетиканың статистикалық шолуындағы BP деректеріне сәйкес Қазақстан дәлелденген қорлар бойынша әлемде 12-ші орын алады
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығының деректері мен талдауына сәйкес, Қазақстанда 2022 жылы 84,2 млн тонна шикі мұнай және газ конденсаты (тиісінше, 81,7 млн және 2,5 млн тонна) өндірілді, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 4,9%ға төмендеді. Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, мұнай экспорты 64,3 млн тоннаны құрады. Газ өндіру 2021 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға азайып, 2022 жылы 53,2 млрд м3 құрады. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, газ экспорты 4,6 млрд м3 құрады
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің 2023 жылғы ақпан айының басындағы жоспарына сәйкес, Қазақстанда 2023 жылы мұнай өндіру көрсеткіші 90,5 млн тонна деңгейінде күтіледі. 2023 жылы экспортқа жөнелтілетін болжамды мұнай көлемі 71 млн тонна
Мұнай мен газды тасымалдау
Қазақстанда мұнай мен газды тасымалдау мен өңдеудің заманауи және әртараптандырылған инфрақұрылымы құрылды. Дамыған мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымының болуы әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.
Мұнай мен газды өңдеу
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығының деректеріне сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша МӨЗ-дерде мұнай өңдеу көлемі 17,92 млн тоннаны құрап, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 5,3%ға артты. Барлық маркалы бензин өндірісі 4,97 млн тоннаға жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға ұлғайды. Авиаотын өндірісі 0,665 млн тоннаға дейін ұлғайды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 13,4%-ға көп. Ал дизель отынын өндіру 5,23 млн тоннаны құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 7,4% өсімін көрсетті
Қазақстанның мұнай-газ индустриясындағы ҚМГ мәртебесі
ҚМГ – қосылған құнды қалыптастыру тізбегінің барлық кезеңдерінде толық интеграцияланған Қазақстанның мұнай-газ саласының ұлттық көшбасшысы.
2022 жылдың өндіру деңгейі есепке алынып, дәлелденген мұнай және конденсат қорларының (1P) еселігі 16 жылды құрап отыр, бұл әлемдегі ең ірі халықаралық мұнай компаниялары арасындағы орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары – 11 жылға жуық (2021 жылдың нәтижесі бойынша). 2022 жылдың өндіру деңгейі есепке алынып, ҚМГ-нің дәлелденген және ықтимал мұнай мен конденсат қорларының еселігі (2Р) 26 жылды құрады.
Компанияның ішкі бағалауына сәйкес ҚМГ 2022 жылдың операциялық нәтижелері бойынша Қазақстанда мұнай және конденсат өндіруде көшбасшы орынға ие. 2022 жылы Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру сегментінде ҚМГ үлесі 26%-ды, ал газ өндіру сегментінде - 15%-ды құрады.
Компания 2022 жылы мұнай өңдеу бойынша нарықтағы 84% деңгей- індегі үлесімен Қазақстандағы төрт ірі МӨЗ-ді басқарады. ҚМГ Қазақстандағы негізгі үш МӨЗ-ді жаңғырту бойынша ірі инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырды, бұл мұнай өңдеу қуаттарын ұлғайтуға және мұнай өнімдерінің сапасын жақсартуға, ішкі нарықтың қажеттіліктерін өтеу үшін мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ өңір нарықтарына мұнай өнімдерінің экспортының көлемін кеңейтуге ықпал етті.
Компания 2022 жылы мұнай өңдеу бойынша нарықтағы 84% деңгей- індегі үлесімен Қазақстандағы төрт ірі МӨЗ-ді басқарады. ҚМГ Қазақстандағы негізгі үш МӨЗ-ді жаңғырту бойынша ірі инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырды, бұл мұнай өңдеу қуаттарын ұлғайтуға және мұнай өнімдерінің сапасын жақсартуға, ішкі нарықтың қажеттіліктерін өтеу үшін мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ өңір нарықтарына мұнай өнімдерінің экспортының көлемін кеңейтуге ықпал етті.
Бәсекелестік талдау
ҚМГ дамуының басымдықтары
ҚМГ бар күш-жігерін елдің мұнайгаз саласын одан әрі дамытуға жұмсайды және Үкіметке Қазақстан Республикасын әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін орындауға жәрдемдеседі. Компания мұнай-газ саласында мемлекет мүддесін қорғайды және жоғары әлеуметтік жауапкершілік көтереді. Бизнестің тиімді және тұрақты дамуы ұлттық экономикалық бәсекеге қабілеттілігімен, әлеуметтік әл-ауқатпен, табиғи байлықтарды сақтаумен және тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. ҚМГ энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстанның дамуы мен өркендеуі жолында болашақ ұрпаққа қамқорлық жасап, табиғи ресурстарды тиімді әрі ұтымды игеру жөніндегі өз миссиясын ұстанады. ҚМГ миссиясына сәйкес төрт стратегиялық мақсат айқындалды:
- Компанияның өсуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстық база;
- Компания құны тізбегінің тиімділігін арттыру;
- Бизнесті әртараптандыру және өнім портфелін кеңейту;
- Тұрақты даму және өндірістің көміртек сыйымдылығын жүйелі төмендету.
Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Соңғы он жылда жаңа кәсіпорындардың ашылуына байланысты мұнай-газ химиясы өнімдері өндірісінің өсуі байқалады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ химиясы өнімдерін шығару көлемі 271,4 мың тоннаға жетті (жоспар бойынша 256 мың тонна) және де 2023 жылдың жоспарына сәйкес 515 мың тоннаға дейін өседі
Отандық мұнай-газ химиясы саласында жүзеге асқан бірнеше жоба бар, соның ішінде негізгілері: хош иісті көмірсутек (бензол, параксилол) өндіретін «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, полипропилен шығаратын «Компания Нефтехим ЛТД» ЖШС, «Hill Corporation» ЖШС, «ЛУКОЙЛ Лубриканс Орталық Азия» майлау материалдарын өндіріп шығарады, бензин қоспаларын (метил-трет-бутил эфирі) өндіретін «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС және басқалар. Бұл кәсіпорындардың жиынтық қуаты – жылына 850 мың тонна өнім.
Мұнай-газ химиясы өндірістерін кешенді дамыту үшін «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймақ («ҰИМТ» АЭА) жұмыс істейді. Салық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған, сонымен қатар олар дайын инфрақұрылыммен (кіреберіс автомобиль жолы, өтпежолдар, кіреберіс теміржолы, теміржол станциясы, су құбыры, электр беру желісі мен қосалқы электр станциясы, су дайындау қондырғысы) қамтамасыз етілген.
2022 жылы «ҰИМТ» базасында қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін біріккен газ-химия кешені пайдалануға берілді. Кәсіпорын 65-тен астам түрлі полипропилен маркасын шығаратын болады.
Полипропилен шығаратын жобаның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін инфрақұрылым толығымен дайын.
Ел экономикасының өсуіне жоғары әсер ететін «зәкірлік» мұнай-газ химия жобаларын жүзеге асыру
Салада полиэтилен, метанол, терефталь қышқылын, полиэтилентерефталат, бутадиен мен каучук өндіріп шығаратын бірқатар ірі жоба жүзеге асырылды. Іске асырылып жатқан мұнай-газ химиясы жобаларында дүниежүзі озық көшбасшыларының технологиялары, соның ішінде цифрлы технологиялар қолданылады.
Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мұнай-газ химиясы өнімі өндірісінің көлемі 2026 жылға қарай 1,2 миллион тоннаны құрайтын болады.
Сонымен қатар мұнай-газ химиясы жобаларының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі ҚМГмен бірлесіп, мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіретін жобаларға арналған инвестициялар туралы арнайы келісімнің тетігін енгізуге қатысты заңнамалық түзетулер «бір құжат» қағидаты бойынша әзірледі. Оларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік және Салық кодекстерінің деңгейінде бекіту жоспарланып отыр. Әзірленген түзетулер салық преференцияларын 25 жылға беруді қарастырады
Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіретін жобаларға арналған инвестициялар туралы келісімнің басты ерекшелігі – оны жасасу кезінде жобаның қаржы-экономикалық көрсеткіштерін бағалау нәтижесі бойынша Үкімет мемлекеттік қолдау көрсетудің дербес шараларын айқындай алады. Бұл ретте қажетті преференциялар жобаның өтімділігі мерзіміне беріледі.
ҚМГ дамуының басымдықтары
ҚМГ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен отандық мұнай-газ химиясы саласын дамыту процесіне жан-жақты тартылатын болады. Мұнай-газ химиясы ұлттық экономика өсуінің тағы бір қозғаушы күшіне айналады, себебі бұл саланың еліміз бойынша мультипликативтік әсері бар
2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Экология кодексінің жаңа нормалары қолданылады. Кодекс ластануды алдын алу және ірі өнеркәсіп кәсіпорындардың ең озық қолжетімді техникаларды енгізуі жөніндегі шараларды көздейтін «ластаушы төлейді және түзетеді» қағидатына негізделеді. Экология кодексі қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жаңа тәсілдерін, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдіруді, сондай-ақ айыппұл санкцияларын айтарлықтай ұлғайтуды қарастырады. Бұл қоршаған ортаның жағдайын едәуір жақсартуға ықпал етеді. Алғашқы кезеңде мұнай-газ саласын қоса алғанда, ауаны ластаудың 80%-ы тиесілі 50 ірі кәсіпорын жоспарлы түрде озық қолжетімді техникаларға (ОҚТ) біртіндеп көше бастайды. Қалған кәсіпорындар 2031 жылдан бастап ауыса бастайды. Қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ОҚТ бойынша салалық анықтамалық жобаларын әзірлеп жатыр, олардың негізінде 2024 жылы топ-50 кәсіпорын анықтамалықтардың белгіленген нормативтеріне сай болатын Мерзім ішінде экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламаларын әзірлейтін болады.
Қалған кәсіпорындар 2031 жылдан бастап ауыса бастайды. Қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ОҚТ бойынша салалық анықтамалық жобаларын әзірлеп жатыр, олардың негізінде 2024 жылы топ-50 кәсіпорын анықтамалықтардың белгіленген нормативтеріне сай болатын Мерзім ішінде экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламаларын әзірлейтін болады. мен шығарындылар бойынша есептілікті тапсыру, кәсіпорындардың санаттарын айқындау, әсер етуге экологиялық рұқсат алуға өтінім жолдау және басқа да бизнес-процестерді автоматтандырды
ҚМГ дамуының басымдықтары
Қазақстан Республикасының жаңа Экология кодексінің талаптарына сәйкес ҚМГ-нің экология саясаты 2021 жылы жаңартылды. ҚМГ компаниялар тобы қоршаған ортаның ластануына байланысты шығын мен залалға қатысты нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады. Бұған қоса «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану, биоалуантүрлілікті сақтау бойынша шараларды сақтау жөніндегі міндеттемелері қосымша күшейтілді.
ҚМГ компаниялар тобы өз қызметінің қоршаған ортаға әсерін барынша азайту бағытындағы шараларға жіті назар аударады. ҚМГ-нің барлық компания тобы мұнаймен ластанған топырақты тазарту іс-шараларын жыл сайын жүргізеді. ҚМГ компаниялар тобы бойынша су ресурстарын пайдалану бағдарламаларын әзірлеу жоспарланған.
Қазақстан Республикасының жаңа Экология кодексінің нормалары енгізілгеннен кейін операторлардың жауапкершілігі күшейтілді және оларға мониторинг пен бақылау талаптары қойылды. Мердігер және сервис ұйымдардың жұмысын есепке ала отырып, рұқсат беру құжаттарын жаңарту бойынша жұмыстар атқарылады. Эмиссиялардың саны, сапасы және өндірістік объектілерде олардың өзгеруін бақылау мақсатында қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингі, операциялық, өндірістік мониторингілеу жүргізіледі. 2022 жылы елімізде алғашқылардың бірі болып ҚМГ-нің екі еншілес компаниясы («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС) эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнатты. Бұл жұмыс Компанияның МӨЗдерінде жалғасын табатын болады.
2022 жылы Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптылығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы әзірленді. Аталған құжат 2023 жылдың 2 ақпанында бекітілді. Стратегия болашақта экономика дамуының екі түрлі сценарийін қарастырады. Көміртегі бейтараптылығына көшу үшін қажетті инвестицияларды сценарийлық талдау және бағалау технологиялық шешімдерді, жүйелі қарқынды және макроэкономикалық әсерлерді кешенді модельдеу негізінде жүргізіледі.
Стратегия Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының маңызды құжаты болуға тиіс. Ол тізбектік үлгіден дамудың циклдік моделіне немесе тұйық экономикаға көшуге бағдарланған. Осы стратегияны қабылдағаннан кейін ағымдағы экономикалық бағдарламаларды, салық және бюджет саясатын, сондай-ақ бизнес жоспарларды қайта қарау қажет. Мәселен, өнер- кәсіптік және тұрмыстық қалдықтар өндірістік ресурстарға, ал орман алқаптары сіңіргіш әсері бар экономикалық активтерге айналуы керек.
Төмен көміртекті экономикаға сәйкес бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан нақты қолдау және бизнесті ынталандыру шаралары белгіленетін болады. Сондай-ақ зиянды химия тыңайтқыштарын пайдаланбау үшін ауыл шаруашылығы секторында ESG факторларын (экологиялық, әлеуметтік және басқару стандарттары) ескеретін субсидиялар қарастырылады. Бұған қоса аталған стратегия экологиялық таза өндірістерді құруда жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
ҚМГ дамуының басымдықтары
ҚМГ өзінің экономикаға, экологияға және қоғамға әсерінің маңыздылығын сезінеді сондықтан да компания негізгі бизнес-процестердегі тұрақты даму қағидаттарын енгізуге ниетті. Мұндағы мақсат – экономикалық,экологиялық және әлеуметтік басымдықтарды басқару мақсаттарымен келістіру. Компания қызметкерлермен және кәсіподақтармен серіктестік қағидаттарына негізделген әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары стандарттарына ұмтылады. ҚМГ 2022 жылы Sustainalytics халықаралық рейтингтік агенттігінің бағалауынан сәтті өтті. Компанияның ESG-тәуекел-рейтингі 28,4 балл деңгейінде бағаланды, бұл тәуекелдің орташа деңгейін көрсетеді
Геологиялық-барлаудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Геология саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы болып қайта жасалды.
Соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасында көптеген полиметалл рудаларының кеніштері игерілді. Кейбір облыстарда мұнай өндіру көлемі жыл сайын төмендеуде. Дегенмен елімізде көмірсутек пен қатты пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын ашу перспективалары бар
Сондықтан ұлттық жобада мейілінше аз зерттелген шөгінді алаптардың мұнай-газ әлеуетін анықтау және тау-кен аудандарындағы «терең горизонттарды» зерттеу көзделіп отыр
Ұлттық жобаны іске асыру аумақтың зерттелу көлемін арттыруға, пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарын бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жоба геологиялық-барлау жұмыстары кезінде халықты жұмыспен қамту үлесін арттыруға, инвестиция тартуға және тау-кен байыту комбинаттарын салу мен пайдалану кезінде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
ҚМГ дамуының басымдықтары
ҚМГ Қазақстан Республикасында жаңа қорларды барлау мен игеру жұмыстарын халықаралық мұнайгаз компанияларымен стратегиялық серіктестік негізінде іске асыратын болады. Қорлар өсімінің тиімділігін арттыру үшін геологиялық барлау өңдеудің жаңа әдістерін, геологиялық-геофизикалық материалдарға қайта сапалы түсінік беруді және жаңа буын технологияларымен сейсмикалық барлау жұмыстарын қоса алғанда, заманауи технологиялар мен әдістерді қолдана отырып жүргізілетін болады.
Қазақстан экономикасы 2022 жылы 3,4%-ға өсті. Бұл өңірдегі және әлемде болып жатқан дүрбелең оқиғаларды ескерген кезде елеулі жетістік болып саналады. Үкіметтің тиімді жүргізген салық-бюджет шаралары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің монетарлық саясатының арқасында Қазақстан экономикасы түрлі стрестік факторларға төзімділік көрсетті. Алайда қалыптасқан логистикалық тізбектердің бұзылуы, ішкі сұраныстың жоғарлауы және сыртқы көші-қон 2022 жылы елдегі инфляцияны 20,3% дейін арттырды. Азық- түлік тауарларының бағасы 25,3%, азық-түлік емес тауарлар-19,4%, ақылы қызметтер-14,1% өсті.
Орта мерзімді кезеңде сыртқы факторлар, атап айтқанда тауарлар мен қызметтерге әлемдік сұраныстың төмендеуі және әлемнің орталық банктері монетарлық талаптарын қатаңдатуы инфляцияның төмендеуіне ықпал етеді деп күтілуде. Бірақ азық-түлік бағасы жалпы алғанда жоғары болып қалады деп болжануда. Тәуекелдердің бірі – Украинада жалғасып жатқан әскери қақтығыс.
Сарапшылардың болжамы бойынша, 2023 жылдың 1-тоқсанында инфляция шарықтау шегіне жетеді. Қазіргі уақытта әлемде дезинфляциялық үрдіс қалыптасуда, осыған байланысты Қазақстанда 2023 жылға арналған болжамды инфляция 11-13% шегінде бағалануда. Бұл үрдістің алғышарттары ретінде шикізат тауарлары бағасының жоғарлауы, елдің негізгі сауда әріптестері валюталарында теңге бағамының нығаюы және Қазақстан Республикасының ішкі сауда балансының жақсаруы алынып отыр. 2024 жылы ішкі сұраныстың өсуі және инфляцияның барынша төмен көрсеткіші күтілуде, яғни инфляция деңгейі 7-9%-ға дейін түседі деп болжануда.
ҚМГ дамуының басымдықтары
- ҚМГ Украинадағы әскери қақтығыс салдарынан туындаған дағдарыстың компанияға кері әсерін азайтуға бағытталған шараларды әзірлеп, оны сәтті жүзеге асыра білді. Бұл шаралардың мақсаты – өсіп жатқан инфляциямен күресу, қайталама санкциялар қаупін жою және компанияның ең жоғары өндірістік және адами әлеуетін сақтай отырып, өңірдегі жеткізу тізбегіндегі өзгерістерді тиімді пайдалану үшін шаралар қабылдау болды
- Компания мемлекеттің мұнай-газ саласын дамытуға қатысты негізгі стратегиялық мүдделерін іске асыруға бағдарланған. Ол елдің стратегиялық құжаттарын басшылыққа алады және Қазақстан Республикасының экономикасы мен әлеуметтік бастамаларын қолдауға бағытталған даму шараларын жүзеге асырады.