БИЗНЕС ҮЛГІСІ
БІРЕГЕЙ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНАЛАСУЫ
Қазақстан —елеулі ресурстық базасы бар, географиялық жағынан тиімді орналасқан мемлекет. Еуропаға және қарқынды дамып келе жатқан Азия нарықтарына өнім жеткізудің бірегей мүмкіндігі бар ел.
ҚҰНДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТІЗБЕГІНІҢ БАРЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ ТОЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ
ҚМГ құнды қалыптастыру тізбегінің барлық кезеңін толық интеграциялаған Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ұлттық көшбасшы компания.
ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ
Компания өзінің қаржылық тұрақтылығын сақтайды және оның ұзақ мерзімді перспективада дамуы үшін жеткілікті жағдайларды қамтамасыз етеді.
ӨНДІРУШІ АКТИВТЕРДІҢ ӘРТАРАПТАНДЫРЫЛҒАН ПОРТФЕЛІ
ҚМГ-нің мұнай-газ өндіру бойынша өсу әлеуеті тартымды әртараптандырылған активтер портфелі бар.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ ТАСЫМАЛДАУ СЕКТОРЫНДАҒЫ ЖЕТЕКШІ ПОЗИЦИЯСЫ
ҚМГ нарықтағы 53% үлесімен Қазақстанның мұнай тасымалдау бойынша барлық жобаларға қатысады.
ЗАМАНАУИ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТТАРЫ
Компания Қазақстанда төрт ең ірі мұнай өңдеу зауытын және Румынияда екі мұнай өңдеу зауытын бақылайды.
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҚАҒИДАТТАРЫН БЕРІК ҰСТАНУ
ҚОСЫЛҒАН ҚҰННЫҢ БІРІКТІРІЛГЕН ТІЗБЕГІ
КОМПАНИЯНЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ МҰНАЙГАЗ САЛАСЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУДАН БАСТАП МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН САТУҒА ДЕЙІНГІ ӘРБІР СЕГМЕНТІНЕ ҚАТЫСУЫ МЕН КӨШБАСШЫЛЫҒЫ МҮДДЕЛІ ТАРАПТАР ҮШІН ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.
ҚМГ акционерлерге уақытылы төлем жасайды, инвесторлар мен кредиторлар алдында өз міндеттерін лайықты орындайды, Қазақстанның ірі жұмыс беруші мен салық төлеушісі. Сонымен қатар серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастық аясын кеңейте отырып, әлеуметтік жобаларға инвестиция салады және экологиялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз етеді: