Акционерлермен және инвесторлармен өзара іс-қимыл

Балама мәтін

Акционерлік капиталдың құрылымы

Акция иесінің атауы Жай акциялар, дана. Жай акциялар, үлесі % Артықшылықты акциялар, дана. Акциялардың барлығы, дана Акциялардың барлығы, үлесі %-бен
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 533 395 161 87,42 533 395 161 87,42
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ 58 420 748 9,58 58 420 748 9,58
Миноритар акционерлер 18 303 584 3,00 18 303 584 3,00
Бағалы қағаздардың шығарылымы, дана. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша.
Акция түрі Жарияланған акциялардың саны Орналастырылған акциялар саны Сатылатын акциялар саны Орналастырылмаған акциялар саны
Жай 849 559 596 610 119 493 18 303 584 239 440 103

Есепті кезеңде акционерлердің құрылымында өзгерістер болған жоқ

Заңнамаға және Компания Жарғысына сәйкес функцияларын Қор басқармасы орындайтын акционерлердің жылдық жалпы жиналысында келесі құжаттар бекітіледі деп күтілуде:

  • ҚМГ-нің 2022 жылғы жылдық қаржылық есебі (шоғырландырылған және жеке);
  • ҚМГ-нің 2022 жылғы таза кірісін бөлу тәртібі;
  • ҚМГ-нің бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшері

ҚМГ IPO-СЫ

ҚМГ IPO-сы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілді.

IPO өткізілгенге дейін меншік құрылымы келесідей болды:

  • «Самұрық-Қазына» АҚ қоры – 90,42%.
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – 9,58%.

IPO өткізілгеннен кейін еркін айналымдағы акциялардың үлесі (free float) 3%-ды құрады. Қорға ҚМГ акцияларының жалпы санының 87,42%-ы тиесілі (қатысудың бақылау үлесі). Ұлттық банктің үлесі өзгерген жоқ (9,58%).

ҚМГ ағымдағы IPO нәтижесінде акцияларды сатудан ақшалай қаражат алған жоқ. Бұл ҚМГ акцияларының Қорға тиесілі көлемінің сатылуына байланысты.

IPO-ның негізгі параметрлері

Бір акцияның орналастыру бағасы – 8 406 теңге, бұл ҚМГ-ні шамамен 5,1 трлн теңге немесе 11 млрд АҚШ доллар көлемінде капиталдандыруды болжайды.

Акциялар қазақстандық қор биржаларында ұсынылды: Astana International Exchange (AIX) және Қазақстандық қор биржасы (KASE).

Инвесторлардың өтінімдерін қабылдау 2022 жылы 9 қарашада сағат 12:00-де (Астана қ. уақыты бойынша) басталып, 2022 жылы 2 желтоқсанда сағат 15:00-де (Астана қ. уақыты бойынша) аяқталды.

Мәміленің бірлескен букраннерлері Freedom Broker, Halyk Finance, SkyBridge Invest және BCC Invest болды.

IPO нәтижелері бойынша қорытынды параметрлер келесідей болды:

  • сұраныс көлемі – 181,5 млрд теңге;
  • орналастыру көлемі – 153,9 млрд теңге;
  • қанағаттандырылған өтінімдер саны – 129 948 өтінім;
  • сатылатын ҚМГ акцияларының саны – 18 303 584;
  • Free Float — 3,0 %;
  • жеке тұлғалардың үлесі – 52,1%;
  • өтінім бергендер арасында жеке тұлғалардың үлесі – 99,9%

Қабылданған өтінімдердің көлемі

Инвесторлардың өтінімдерін қабылдау қорытындысы бойынша жиналған өтінімдер көлемі 181,5 млрд теңгені (129 949 өтінім) немесе ҚМГ жай акцияларының жалпы санының 3,5%-ын құрады, оның ішінде инвесторлар түріне қарай:

  • Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары – шамамен 74 млрд теңге немесе 41% (128,7 мың өтінім);
  • Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – шамамен 76 млрд теңге немесе 42% (90 өтінім);
  • резидент емес жеке тұлғалар – шамамен 5 млрд теңге немесе 3% (1 110 өтінім);
  • резидент емес заңды тұлғалар – шамамен 24 млрд теңге немесе 13% (8 өтінім).

Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі

ӨӨтінімдерді бөлу барысында Қазақстан Республикасының азаматтарынан келіп түскен өтінімдерге басымдық берілді, олар толық көлемде қанағаттандырылды. Одан кейін өтініш берген басқа адамдардың өтінімдерін қанағаттандыру туралы шешім қабылданды.

Жекелеген ірі инвесторларда акциялардың елеулі пакеттерінің шоғырлануына жол бермеу мақсатында келіп түскен бірқатар өтінімдерді қанағаттандыру толық көлемде жүргізілмеді.

Бөлу қорытындысы бойынша жалпы сомасы 153,9 млрд теңгеден асатын өтінімдер қанағаттандырылды, бұл – ҚМГ жай акцияларының жалпы санының 3%-ы. Инвесторлар типі бойынша келесідей бөлінді:

  • Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары – 74,6 млрд теңге (48,5%);
  • Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – 72,7 млрд теңге (47,2%);
  • шетелдік жеке және заңды тұлғалар – 6,6 млрд теңге (4,3%)

Нәтижелер

IPO Халықаралық Жергілікті
Компания KazAtomProm Kcell KEGOC КТО ҚМГ
Орналастыру көлемі, млрд теңге 168,2 78,9 13,1 27,9 153,9
Зейнетақы қорларының үлесі/БЖЗҚ, % 33,2 18,9 26,3 20,4 0,087
Өтінімдердің саны, мың дана 2,8 34,7 42 34 129,9
  1. ҚМГ IPO – Қазақстанның қор нарығы тарихындағы ең ірі IPO. ҚМГ IPO-сы – келіп түскен өтінімдер саны (129,9 мың), орналастыру көлемі (153,9 млрд теңге) және орналастыру көлеміне жеке тұлғалардың қатысуы (52,1%) тұрғысынан Қазақстан қор нарығы тарихындағы ең ірі IPO.
  2. ҚМГ IPO-сы ұлттық компаниялар арасында айтарлықтай көлемде зейнетақы активтерінің үлесінсіз өткен алғашқы IPO (0,1%)
  3. ҚМГ IPO – бұл бірінші «цифрлық IPO».
  4. Өтінімдерді қабылдау нарық қатысушылары (банктер, брокерлік компаниялар) ұсынған түрлі цифрлы платформаларды (қосымшаларды) қолдану арқылы өтті. Өтінімдердің шамамен 99%-ы цифрлы платформалар арқылы берілді
  5. ҚМГ-нің IPO-ға шығуы биржадағы сауда-саттық көлемінің ұлғаюы мен өтімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Саудасаттықтың бірінші күні 2022 жылы 8 желтоқсанда ҚМГ акцияларының бағасы 8 406 теңгеден 8 890 теңгеге дейін өсті. Сол күні AIX және KASE биржаларында сауда-саттықтың ең үлкен көлемі тіркелді – шамамен 4 млрд теңге.

Дивиденд

«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының 2022 жылғы 27 қазандағы шешімімен (№59/22 хаттама) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың дивиденд бойынша жаңа саясаты бекітілді.

Дивиденд саясаты акционерлердің, несие берушілердің және Компанияның мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ өз акционерлеріне дивидендтер төлеу мөлшерін анықтауда ашық болуға бағытталған

  • Төлем туралы шешім ҚМГ акционерлерінің Жалпы жиналысында қабылданады.
  • Мұнайдың бағасы, ҚМГ борышының құрылымы, күрделі шығындар және өзге де елеулі жағдайлар ескеріледі.

Еркін ақша ағымы — қоғамның операциялық қызметтен шоғырландырылған ақша ағымы (бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтерді қоса алғанда, бірақ мұнайды жеткізгені үшін алынған аванстар бөлігінде айналым капиталындағы таза өзгерісті қоспағанда), есепті кезеңдегі қызмет нәтижелері бойынша негізгі құралдарды сатып алуды шегергенде (оның ішінде негізгі құралдар үшін аванстар) минус материалдық емес активтерді сатып алу минус кен орнын игеру бойынша активтерді сатып алу минус бағалау және барлау активтерін сатып алу минус еншілес ұйымда/ бірлескен кәсіпорында үлесті сатып алу плюс еншілес ұйымда/ бірлескен /қауымдасқан кәсіпорында қатысу үлестерін сатудан алынған қаражат (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 және 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулыларымен бекітілген тізім бойынша қоғамның активтерін бәсекелестік ортаға беруден түскен қаражатты қоспағанда);

Таза қарыз – қолма-қол ақшаны және олардың баламаларын алып тастағанда, банктік салымдарды (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) алып тастағанда жалпы қарыз.

EBITDA – бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер, сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құнын (тозу мен амортизацияны қоспағанда), өндірістік шығыстарды, жалпы және әкімшілік шығыстарды (тозу мен амортизацияны қоспағанда), тасымалдау және өткізу бойынша шығыстарды (тозу мен амортизацияны қоспағанда), табыс салығынан басқасын алып тастағандағы кіріс.

ҚМГ-нің дивиденд саясаты бос ақша ағымының 30%-дан 50%ына дейінгі дивидендтердің ең төменгі мөлшерін айқындаудың белгіленген тәртібін көздейді.

ҚМГ дивидендтердің келесі мөлшерін төлеу үшін бар күшін салады:

  • егер таза қарыздың EBITDA-ға көрсеткіші 1,0-ден аз немесе оған тең болса, бос ақша ағымының кемінде 50%;
  • егер таза қарыздың EBITDA-ға көрсеткіші 1,0-ден жоғары, бірақ 1,5-тен аз немесе оған тең болса, бос ақша ағымының кем дегенде 40%;
  • егер таза қарыздың EBITDA-ға көрсеткіші 1,5-тен жоғары, бірақ 2,0-ден аз немесе оған тең болса, бос ақша ағымының кемінде 30%;
  • егер таза қарыздың EBITDA-ға көрсеткіші 2,0-ден астам болса, төлем пайызын Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен анықталады.

Дивиденд төлеу үшін негізгі шарттар:

  • жеткілікті жеке капитал;
  • есепті кезең үшін шоғырландырылған таза табыстың не есепті кезеңнің соңына бөлінбеген пайданың болуы;
  • жеткілікті бос ақша ағымының болуы.

Brent маркалы мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне кемінде 70 АҚШ долл. болған жағдайда, IPOдан кейін үш жыл ішінде кемінде 200-250 млрд теңге көлеміндегі жыл сайынғы дивиденд төленеді

Бір акцияға шаққандағы дивиденд, теңге
202020192021202260,6481,95133,97327,80
Барлық төленген дивиденд млн теңге
202020192021202236 99849 99981 738199 997

КРЕДИТТІК РЕЙТИНГТЕР

Халықаралық рейтинг агенттіктерінің кредиттік рейтингтері – ҚМГ компаниялар тобының кредит қабілеттілігіне берілген сенімді және тәуелсіз баға. Компания негізгі қаржылық көрсеткіштерді инвестициялық деңгейге жақын және одан жоғары ұзақ мерзімді несиелік рейтингті қамтамасыз ету үшін жеткілікті деңгейде ұстауды көздейді. ҚМГ рейтинг агенттіктеріне ҚМГ компаниялар тобының кредит қабілеттілігін жан-жақты және шынайы бағалау үшін қажетті барлық ақпаратты ұсынады. ҚМГ Басқармасы мен рейтинг агенттіктер арасында мерзімді шолу кездесулері өткізіледі және ҚМГ олармен тұрақты байланысты жалғастырады

Компанияның өндірістік және қаржылық көрсеткіштері мен нарық динамикасынан басқа, ҚМГ кредиттік рейтингтері Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингтерімен байланысты. Мәселен, егеменді кредиттік рейтингтің өзгеруі қазақстандық эмитенттердің, соның ішінде ҚМГ-нің кредиттік рейтингтеріне әсер етуі мүмкін.

2022 жылы ірі сыртқы экономикалық тәуекелдерге қарамастан, Fitch компанияның бұрын белгіленген рейтингін растады, S&P ҚМГ рейтингін «BB»-ден «BB+» деңгейіне бір сатыға көтерді, болжам «негативті». Қазіргі уақытта ҚМГ Moody’s және Fitch-тен инвестициялық деңгейдегі кредиттік рейтингке ие, ал S&P бойынша – егеменді рейтингтен бір сатыға төмен.

  • 2021 жылы 28 қаңтарда мұнай мен газды барлау, өндіру және өңдеу секторының тәуекелдерін бағалауды қайта қарағаннан кейін S&P рейтинг агенттігі ҚМГ-нің кредиттік рейтингтерін «BB» деңгейінде «негативті» болжаммен растады.
  • 2021 жылы 30 сәуірде S&P халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ кредиттік рейтингін «BB» деңгейінде «негативті» болжаммен растады.
  • 2021 жылы 12 тамызда Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның егеменді рейтингінің жоғарылауына байланысты ҚМГ кредиттік рейтингін «Baa3»-тен «Baa2»-ге дейін көтерді. Рейтинг бойынша болжам «позитивтен» «тұрақтыға» өзгертілді.
  • 2021 жылы 20 қыркүйекте Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BBB–» деңгейінде (тәуелсіз рейтингтен бір тармақ төмен) растады, болжам «тұрақты».
  • 2021 жылы 26 қарашада S&P рейтинг агенттігі ҚМГ рейтингін «ҚазТрансГаз» АҚ-ты тікелей «Самұрық-Қазына» АҚ-қа бергеннен кейін «ВВ» деңгейінде растады, болжамы «негативті».
  • 2021 жылы 23 желтоқсанда Moody’s рейтинг агенттігі ҚМГ рейтингін Ваа2 деңгейінде растады, болжам «тұрақты».
  • 2022 жылы 19 қыркүйекте Fitch Ratings рейтинг агенттігі ҚМГ дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BBB–» деңгейінде растады, болжам «тұрақты».
  • 2022 жылы 27 қыркүйекте S&P халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ рейтингін «BB»-ден «BB+»-ке дейін көтерді, болжам «негативті».
  • 2023 жылы 9 наурызда S&P рейтинг агенттігі компанияның рейтингін «ВВ+» деңгейінде растады, болжамды «негативтіден» «тұрақтыға» өзгертті, бұл агенттіктің Қазақстанға қатысты рейтинг деңгейінің әсерін көрсетеді (рейтинг «ВВВ–» деңгейінде расталды, болжам «негативтіден» «тұрақтыға» қайта қаралды).
ҚМГ кредиттік рейтингтері
Рейтинг агенттігі Күні Рейтинг деңгейі Болжамы
Moody's Investors Service 23.12.2021 Баа2 Тұрақты
S&P 09.03.2023 BB+ Тұрақты
Fitch Ratings 19.09.2022 BBB– Тұрақты
Қазақстанның кредиттік рейтингтері
Рейтинг агенттігі Күні Рейтинг деңгейі Болжамы
Moody's Investors Service 11.08.2021 Баа2 Тұрақты
S&P 03.03.2023 BBB– Тұрақты
Fitch Ratings 02.12.2022 BBB Тұрақты
ҚМГ рейтингтерінің динамикасы
2007200820092010201120122013201420152016201720182019202020212022Baa2BBB–BB+B+BB-BBBB+BBB-BBBBBB+Moody’sS&PFitch

ОБЛИГАЦИЯ БОЙЫНША ҚАРЫЗДАР

2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚМГ-нің АҚШ долларымен қайта есептелген шоғырландырылған борышы 8 956 млн АҚШ долларын құрады, бұл 6 250 млн АҚШ доллары көлемінде ҚМГ еурооблигациялары мен «Самұрық-Қазына» АҚ үшін Қашағандағы үлесті сатып алуға арналған 1 625 млн АҚШ долларын (752 млрд теңге) қоса алғанда.
ҚМГ компаниялар тобы жобаларының едәуір бөлігі өздерінің таза ақша ағымының есебінен қаржыландырылады. Бұл ретте, ҚМГ мен ЕТҰ жекелеген стратегиялық жобаларды қаржыландыру үшін немесе Компанияның қаржы стратегиясын іске асыру шеңберінде қаржылық орнықтылықты қолдау үшін қолайлы нарықтық жағдайларда облигациялар нарығына шыға алады

ҚМГ ішкі және халықаралық капитал нарықтарында өзінің борышты басқарудың ыңғайлы және теңдестірілген саясатына сәйкес қарыз алады. Компанияның борыштық бағалы қағаздары – Қазақстан эмитенттерінің арасындағы анағұрлым өтімді құралдардың бірі. ҚМГ-нің шетел валютасындағы облигациялары тарихи түрде инвесторлардың кең ауқымын тартты. Инвесторлар базасы негізінен АҚШ, Еуропа және Азиядан мыңдаған институционалдық және бөлшек инвесторлардан тұрады. Еурооблигациялар Лондон қор биржасында, Қазақстан қор биржасында және AIX биржасында айналымда.

2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, жалпы сомасы номиналы бойынша 6,25 млрд АҚШ доллары болатын Корпоративтік орталық деңгейінде еурооблигациялардың алты шығарылымы айналымда.

ҚМГ-нің айналымдағы еурооблигациялары 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша корпоративтік орталық деңгейінде басым, қамтамасыз етілмеген.
Айналымның басталу күні/ өтеу күні Шығарылым көлемі, млн АҚШ доллары Айналымдағы облигациялар, млн АҚШ доллары Купон бойынша мөлшерлеме, жылдық % ISIN: RegS/144A
19.04.2017/04.19.2027 1000 1000 4,75 XS1595713782/US48667QAN51
19.04.2017/04.19.2047 1 250 1 250 5,75 XS1595714087/US48667QAP00
24.04.2018/24.04.2025 500 500 4,75 XS1807299174/US48667QAR65
24.04.2018/24.04.2030 1 250 1 250 5 375 XS1807300105/US48667QAQ82
24.04.2018/24.04.2048 1500 1500 6 375 XS1807299331/US48667QAS49
14.10.2020/14.04.2033 750 750 3,50 XS2242422397/US48126PAA03

2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 751 631,4 млн теңге номиналы бойынша корпоративтік орталық деңгейінде ішкі облигациялардың бір шығарылымы айналымда болды.

Қашағандағы үлесті сатып алуға «Самұрық-Қазына» АҚ үшін ҚМГ облигациялары
Валюта

Қазақстан теңгесі

Айналымның басталу күні/өтеу күні

16.09.2022/ 16.10.2035

Шығарылым көлемі

751 631,4 млн.теңге

Айналымдағы облигациялар

751 631,4 млн.теңге

Купон бойынша мөлшерлеме, жылдық %

3,0

ISIN

KZ2C00008969

ИНВЕСТОРЛАРМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫС

ҚМГ қаржыландыру көздеріне тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және Компанияны қаржыландыру құнын төмендету мақсатында инвестициялық қоғамдастықпен өзара іс-қимылдың тиімді бағдарламасын іске асыруды жалғастырып келеді. Инвесторлармен өзара іс-қимыл процесіне Директорлар кеңесінің төрағасы, Басқарма Төрағасы, Басқарманың мүшелері мен ҚМГ- нің стратегиялық, қаржылық және операциялық құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаменті, сондай-ақ инвесторлармен жұмыс басқармасы тартылған

ҚМГ әр тоқсан сайын инвесторлар үшін Басқарма мүшелерінің және департамент директорларының қатысуымен қаржылық және операциялық қызмет нәтижелері бойынша конференц-қоңыраулар өткізеді. Бұдан басқа Компания инвесторлармен және рейтинг агенттіктерімен арнайы жеке конференц-қоңыраулар ұйымдастырды, сондай-ақ тұрақты дамудың жаһандық трендтері мен дамушы елдердегі нарықтық жағдай бойынша онлайн конференцияларға қатысты.

Компания инвестициялық қоғамдастық үшін ақпаратты жария ету кезінде уақтылық, толықтық және қолжетімділік қағидаттарын ұстанады. ҚМГ тоқсан сайын тоқсандық нәтижелер бойынша презентацияны, қаржылық нәтижелер бойынша баспасөз хабарламасын, өндірістік нәтижелер бойынша баспасөз хабарламасын, ХҚЕС-ке сәйкес қаржы есептілігін, сондай-ақ деректері бар талдамалық анықтамалықтарды жариялайды. 2021 жылы Компания инвесторлар мен талдаушылардың ҚМГ-нің қаржылық және операциялық қызметі туралы сұратымдары бойынша ақпаратты жедел ұсыну практикасын жалғастырды.

Тұрақты даму қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Компания 2021 жылы ESG бойынша ақпаратты жариялауда ашықтығын айтарлықтай жақсартты. 2022 жылы ҚМГ 2021 жылға арналған тұрақты даму туралы ауқымды есеп жариялады. 2022 жылдың желтоқсанында Sustainalytics ҚМГ ESG-тәуекел-рейтингінің деңгейін 28,4 балға дейін жаңартты. Салыстырмалы рейтингте ҚМГ тұрақты деңгейін сақтай отырып, Sustainalytics агенттігі бағалаған 270 әлемдік мұнай-газ компаниялары арасында топ-20-ға кірді.

Материалдар мен жарияланымдар, сондай-ақ Инвесторлармен жұмыс жөніндегі басқарма қызметкерлерімен байланысу үшін байланыс ақпараты компанияның сайтында «Инвесторларға» бөлімінде жарияланған.

ҚМГ екі жақты диалогтың тиімділігін одан әрі жақсартудың маңызын түсінеді және инвестициялық қоғамдастықтың компанияны қабылдауына үнемі талдау жүргізеді, ол Директорлар кеңесі деңгейінде қаралады.

2022 жылы инвесторлармен өзара іс-қимыл күнтізбесі
1-тоқсан
  • 2021 жылғы қаржылық және операциялық нәтижелердің қорытындысы бойынша конференц-қоңырау
  • 2021 жылғы тоқсандық нәтижелер бойынша презентация
  • 2021 жылғы қаржылық және операциялық қызметтің нәтижелері бойынша пресс-релиздер.
  • ХҚЕС-ке сәйкес 2021 жылғы шоғырландырылған қаржылық есеп.
  • 2021 жылғы өндірістік нәтижелер
  • 2021 жылдың қаржылық нәтижелер
2-тоқсан
  • 2022 жылдың 1-тоқсанындағы қаржылық және операциялық нәтижелердің қорытындысы бойынша конференц-қоңырау.
  • 2022 жылдың 1-тоқсанындағы тоқсандық нәтижелер бойынша презентация
  • 2022 жылдың 1-тоқсанындағы қаржылық және операциялық қызметтің нәтижелері бойынша баспасөз хабарламалары
  • 2022 жылғы 31 наурызда аяқталған үш ай үшін ХҚЕС-ке сәйкес аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есеп (аудиттелмеген).
  • 2021 жылғы жылдық есепті жариялау
  • 2022 жылдың 1-тоқсанындағы өндірістік нәтижелер
  • 2022 жылдың 1-тоқсанындағы қаржылық нәтижелер
3-тоқсан
  • 2022 жылдың 2-тоқсанындағы қаржылық және операциялық нәтижелердің қорытындысы бойынша конференц-қоңырау.
  • 2022 жылдың 2-тоқсанындағы тоқсандық нәтижелер бойынша презентация.
  • 2022 жылдың 2-тоқсанындағы қаржылық және операциялық қызметтің нәтижелері бойынша баспасөз хабарламалары
  • 2022 жылғы 30 маусымда аяқталған алты ай үшін ХҚЕС-ке сәйкес аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есеп (аудиттелмеген).
  • 2021 жылғы Тұрақты даму туралы есепті жариялау.
  • 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелер
  • 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық нәтижелер
4-тоқсан
  • 2022 жылдың 3-тоқсанындағы қаржылық және операциялық нәтижелердің қорытындысы бойынша конференц-қоңырау
  • 2022 жылдың 3-тоқсанындағы тоқсандық нәтижелер бойынша презентация
  • 2022 жылғы 3-тоқсандағы қаржылық және операциялық қызметтің нәтижелері бойынша пресс-релиздер
  • 2022 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз ай үшін ХҚЕС-ке сәйкес аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есеп (аудиттелмеген).
  • 2022 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелер
  • Білім беру роуд-шоуы (non-deal road show), оған сәйкес 2022 жылдың қыркүйек және қазан айларында Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының қатысуымен Қазақстан өңірлерінде халықпен бірқатар кездесу өтті.
  • IPO шеңберіндегі роуд-шоу (deal road show), Қазақстан өңірлерінде Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының қатысуымен болашақ жеке инвесторлармен бірқатар кездесу өтті.