Сыртқы аудит

ҚМГ тобының бухгалтерлік (қаржылық) есептілігінің дұрыстығын тәуелсіз бағалау мақсатында жыл сайын ХҚЕС бойынша дайындалған есепке аудит жүргізу үшін сыртқы аудиторды тартады. Сыртқы аудиторды ҚМГ Директорлар кеңесі мақұлдағаннан кейін акционерлердің жалпы жиналысы бекітеді.

Аудитордың тағайындалуы және оның тәуелсіздігі

Аудиторды таңдау рәсімі «Самұрық-Қазына» АҚ үшін және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-қа меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі ұйымдар үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Аудиторды таңдау келесі принциптерге негізделеді:

  • сапалы қаржылық есеп аудиті мен ілеспе қызметтерді сатып алу;
  • шешімдерді таңдау, бақылау және жауапкершілік процесінің ашықтығы;
  • мүдделер қақтығысының болмауы және тәуелсіздікті сақтау.

Сыртқы аудиторды таңдауды іске асыру мақсатында Бірыңғай комиссия құрылады, оның құрамына Қордың аудит жөніндегі комитеттерінің мүшелері және Қордың және ҚМГ аудит жөніндегі комитетінің мүшелері кіреді. Бірыңғай комиссия Сыртқы аудиторды таңдау стратегиясын айқындайды және оның елеулі компаниялары мен қорын қоса алғанда, ҚМГ үшін сыртқы аудиторды таңдау рәсімдерін жүзеге асырады. Аудит жөніндегі Комитет сыртқы аудитордың тәуелсіздігін тұрақты негізде бағалайды; аудиторлық компанияны әр бес жыл сайын ротациялау қарастырылған. ҚМГ аудитіне қатысы бар серіктестер мен басшы қызметкерлерді компанияға жалдауға болмайды.

Сыртқы аудитордың аудиторлық емес қызметтерді көрсетуі

Сыртқы аудитор аудиторлық емес консалтингтік қызметтер көрсеткен кезде аталған қызметтерді көрсету үшін Аудит жөніндегі комитеттің рұқсатын алуға міндетті. ҚМГ жыл сайын аудит жөніндегі комитетке аудиторлық емес қызметтер көрсетуге рұқсат етілген сыртқы аудиторға және сыртқы аудитор есепті жылда көрсеткен аудиторлық және аудиторлық емес қызметтер туралы ақпаратты бекіту үшін ұсынады. Аудиторлық емес ұйымдарды тарту саясатына сәйкес аудиторлық емес қызметтер үшін төлемдердің үлесі сыртқы аудитор көрсеткен аудиторлық қызметтердің жалпы сомасының 50%-ынан аспауға тиіс. Сыртқы аудитор көрсеткен аудиторлық емес қызметтер 2022 жылы аудиторлық қызметтердің жалпы құнының 2,1% -ын құрады.

Акционерлердің, «СамұрықҚазына» АҚ басқармасының 2022 жылы 20 қаңтардағы шешіміне сәйкес, ҚМГ-нің 2022-2024 жылдарға арналған қаржылық есебінің сыртқы аудиторы болып «Эрнст энд Янг» ЖШС тәуелсіз аудиторлық компаниясы танылды.