ПЕРСОНАЛДЫ ДАМЫТУ
Әлеуметтік жауапкершілік
ҚМГ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік кодексі Компанияның Даму стратегиясына сәйкес әзірленді, оның мақсаты – еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, қызметкерлерге әлеуметтік қолдау шаралары, көрсету, қызметін жүргізетін өңірлерді дамытуға үлес қосу, әлеуметтік серіктестікті және адами капиталды дамыту.
Жұмыс берушілер мен еңбек ұжымдары арасындағы жұмыс істеп тұрған ішкі коммуникациялар жүйелері, жергілікті атқарушы органдармен, кәсіподақтармен өзара іс-қимыл жасау және еңбек ұжымдарымен тең құқықты ұжымдық келіссөздер Компанияның әлеуметтік жауапкершілігінің негізгі міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді.
Компания Қазақстан Республикасында қолданылатын заңнамалық және нормативтік құқықтық талаптарды, сондай-ақ мұнай компанияларының қызметін реттейтін халықаралық заңдар мен шарттарды сақтайды, экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға тигізетін әсері үшін, ұзақ мерзімді кезеңде ұзақ мерзімді құнның өсуі және орнықты дамуы үшін акционерлер, жұртшылық пен инвесторлар алдындағы өзінің жауапкершілігін сезінеді. Компанияның барлық қызметкерлері қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларына, Компанияға қосқан үлесін мойындауға және тиісті бағалауға, кәсіби дағдыларын дамытуға жәрдемдесуге, олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін ашық және конструктивті талқылауға құқылы. Компания ұлттық, нәсілдік, діни белгілері, жасы, жынысы, саяси нанымдары немесе басқа белгілері бойынша кемсітуге жол бермейді.
ҚМГ меритократия, әділдік және объективтілік қағидаттарын ұстанады, әрбір қызметкерге жаңа жетістіктер үшін оңтайлы жағдай жасайды және әркімнің Компанияның қызметіне қосқан үлесін әділ бағалайды, қызметкерлердің барлық деңгейлерде түсіністік, қызығушылық және қолдау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік тұрақтылық
ҚМГ қызметкерлердің өкілдерімен конструктивті диалог жүргізу арқылы кәсіпорындарда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге ұмтылады және түрлі наразылық акцияларының болмауына ұмтылады. Бірыңғай әлеуметтік саясатқа сәйкес іске асырылатын іс-шараларды қоса алғанда, әлеуметтік тұрақтылықты қолдау мақсатында тұрақты негізде кешенді жұмыс жүргізіледі. Оның ішінде ЕТҰ-дағы әлеуметтік тұрақтылық деңгейін арттыру жөніндегі жоспарлы іс-шаралар, әлеуметтік тұрақтылық Көрсеткішін зерттеу, ішкі коммуникацияларды белсенді түрде пайдалану, мердігерлік ұйымдармен жұмыс және т. б
Кәсіпорындарда әлеуметтік тұрақтылықты қолдау мақсатында 2022 жылға арналған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарында әлеуметтік тұрақтылық деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда
Аталған жоспарды әзірлеу кезінде «Самұрық-Қазына» АҚ әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы ҚМГ-нің барлық ірі ЕТҰ-ларында жүргізетін Samruk Research
Компаниядағы Samruk Research Services интегралдық көрсеткіші 2022 жылы 74%-ды құрады.
Жалпы, ҚМГ кәсіпорындарындағы әлеуметтік тұрақтылық деңгейі – қанағаттанарлық. Әлеуметтік әл-ауқат бойынша қызметкерлердің жалақы деңгейіне қанағаттануының төмендеуі байқалады. Бұл өткен жылы қажетті азықтүлік пен тауарлар бағасының өсуіне тікелей байланысты.
2022 жылы ҚМГ ЕТҰ қызметкерлері тарапынан есепті жылдың басында бүкіл елдегі қаңтар оқиғасына байланысты 11 наразылық фактісі тіркелді. Қаңтар айындағы наразылықтарға баға белгілеуде нарықтық механизмге көшуге байланысты сұйытылған газ бағасының өсуі себеп болды, бұл өз кезегінде ҚМГ ЕТҰ қызметкерлері арасында наразылық көңіл-күйін күшейтті. 2022 жылдың ақпан айында Жаңаөзенде «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің бір бөлігі жұмысын тоқтатты. Олардың негізгі талабы – жалақыны кем дегенде 40% көтеру. Жағдайды тұрақтандыру үшін кәсіподақ комитеттерінің жетекшілерімен келіссөздер және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілді. Келіссөздер қорытындысы бойынша жағдайды тұрақтандыру, кәсіпорындардың үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек жанжалының одан әрі өршуіне жол бермеу мақсатында жалақыны 30 пайызға арттыру туралы шешім қабылданды, 2021 жылға қатысты жағдай тұрақталды.
Сонымен қатар, ҚМГ ЕТҰ-ның барлығында жұмыскерлердің еңбек және демалыс жағдайларын жақсарту бойынша бес жылға (2023-2027 жж.) жеке жол карталары әзірленді. ЕТҰ жоспарларына сәйкес, 2023 жылы 40-тан астам әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым объектілерін (асханалар, әкімшілік-өндірістік корпустар, тұрғын қалашықтар және т.б.) салу және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 115 күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда
Жыл басынан бері үшінші тарап мердігерлік ұйымдарында жұмысшылардың жалақысын көтеру талабына байланысты жаппай наразылықтар болды. Осыған байланысты, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарында 2022 жылдың басынан бастап ҚМГ ЕТҰ мен олардың мердігерлік ұйымдары арасында жалақы айырмашылығын азайту бойынша жұмыс жүргізілді. Осы мақсатта Маңғыстау, Атырау және Павлодар облыстары бойынша 199 қосымша келісімге қол қойылды. «ЕТҰ-ның мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимылы» бөлімінде толығырақ сипатталған.
Қызметкерлер саны
ҚМГ компаниялар тобы қызметін жүргізетін өңірлерде 47 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. 2022 жылдың соңында жұмыскерлердің нақты саны ҚМГ компаниялар тобы бойынша 47 526 адам болды, оның ішінде штаттық қызметкерлер — 44 688 адам, аутстаффинг — 2 838 адам
Компания қызметінің бағыты ауыр, қауіпті және зиянды еңбек жағдайларымен байланысты екенін ескере отырып, ерлердің үлесі 82%, әйелдердің үлесі 19%-ды құрайды. Персоналдың жалпы санындағы өндірістік персоналдың үлесі 92%, әкімшілік-басқару персоналының үлесі 8%-ды құрайды.
Жас санаты бойынша қызметкерлердің негізгі үлесі 31-ден 50 жасқа дейінгі топта ұсынылған – 59%, бұл ретте ерлердің үлесі 81%, әйелдердің үлесі 19%-ды құрайды.
50 жастан асқан қызметкерлер саны персоналдың жалпы санының 30%ын құрайды, бұл ретте ерлердің үлесі – 81%, әйелдердің үлесі – 19%.
30 жасқа дейінгі жастардың үлесі персоналдың жалпы санының 11%ын құрайды, бұл ретте ерлердің үлесі — 86%, әйелдердің үлесі – 14%.
2022 жылы ашылған жұмыс орындарының саны – 88 бірлік немесе орташа тізімдік санның 0,2%-ын құрайды. Есепті кезеңде еңбек қатынастары тоқтатылған қызметкерлер саны – 3 123 адам.
Барлық деңгейдегі басшылық құрамына кіретін қызметкерлердің үлесі – қызметкерлердің жалпы санының 10%, оның ішінде әйелдер — 18% (2021 жылы — 18%), ерлер — 82% (2021 жылы — 82%).
ҚМГ компанияларының тобы бойынша 2022 жылы тұрақтамау коэффициенті – 7% (2021 жылы – 6%).