Корпоративтік бақылау
Корпоративтік қақтығыстар туындаған жағдайда қатысушылар Компания мен мүдделі тараптардың мүдделерін тиімді қорғау үшін, мәселені келіссөздер арқылы шешу жолдарын іздейді.
Корпоративтік жанжалдардың алдын алу және реттеу жөніндегі жұмыстың тиімділігі, ең алдымен, осындай жанжалдарды барынша толық және жедел анықтауды және Компанияның барлық органдарының іс-қимылдарын нақты үйлестіруді көздейді.
Корпоративтік қақтығыстарды Корпоративтік хатшының көмегімен Директорлар кеңесінің Төрағасы қарайды. Егер корпоративтік қақтығысқа Директорлар кеңесінің Төрағасы тартылса, мұндай жағдайларды Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитет қарайды.