ҚМГ тұрақты дамуын қамтамасыз етудің кешенді тәсілі
ҚМГ Директорлар кеңесі тұрақты даму қағидаттарын енгізуге стратегиялық жетекшілік жасап және бақылауды жүзеге асырады. Компанияның Тұрақты дамуы туралы жыл сайынғы шоғырландырылған есебін бекітеді.
ҚМГ Директорлар кеңесі Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитеті тұрақты даму мәселелерін қарауды және ұйымдастыруды, тұрақты даму саласындағы саясатты бекіту жөніндегі ұсынымдарды, ҚМГ-нің тұрақты дамуы туралы жыл сайынғы есебін, бекітілуі Директорлар кеңесі құзыретіне жататын тұрақты даму саласындағы іс-шаралар жоспарларын және өзге де ішкі құжаттарды дайындауды, оларды енгізуді, тұрақты дамудың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық компоненттерін қалыптастыруды, тұрақты даму саласындағы басқару жүйесін жасауды, тұрақты даму саласындағы мақсаттар мен ҚТК айқындауды, ҚМГ-де тұрақты дамудың енгізілуін бақылауды жүзеге асыруды және оны ҚМГ-нің негізгі процестеріне интеграциялауды жүзеге асырады.
ҚМГ Басқармасы Компанияда тұрақты даму саласындағы қағидаттарды, саясаттарды, стандарттарды және іс-шаралар жоспарын лайықты түрде іске асыруды және енгізуді жүзеге асырады. Тұрақты даму саласындағы қызметтің мониторингін, орнықты даму саласындағы мақсаттар мен ҚТК орындалуын бағалауды жүзеге асырады.
ҚМГ Басқармасы төрағасының тұрақты даму мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары тұрақты даму саласындағы бастамалар бойынша мақсаттар мен ҚТК-ға қол жеткізу жөніндегі тәсілдерді үйлестіруді және тұрақты даму саласындағы корпоративтік стандарттардың іске асырылуын бақылауды, тұрақты даму саласындағы есептің дайындалуын бақылауды жүзеге асырады.
ҚМГ инвестициялар портфелін басқару және стратегия департаментінің тұрақты даму секторы тұрақты дамуды басқару жүйесіне бастама жасау, үйлестірілуі және енгізілуі, оның Компанияның бизнес-қызметіне интеграциялануына жәрдем көрсету, тұрақты даму мәселелері бойынша әдістемелік қолдау, тұрақты даму саласындағы есепті жыл сайын дайындау және бекіту үшін жауап береді және тәуекелдерді сәйкестендіру және басқаруда жауапты құрылымдық бөлімшелерге жәредемдеседі. Сонымен қатар тұрақты даму саласында, мүдделі тараптардың картасын және өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеу, тұрақты даму саласындағы оқыту мәселелерімен айналысады.
ҚМГ құрылымдық бөлімшелері тұрақты даму саласындағы жүйені енгізуді, ішкі және сыртқы ахуалды талдауды, орнықты даму саласындағы тәуекелдерді айқындауды, мүдделі тараптардың/стейкхолдерлердің картасын және өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеуді, орнықты даму саласындағы бастамаларды іске асыруды, халықаралық стандарттарға сәйкес тұрақты даму саласындағы есеп үшін ақпарат дайындауды жүзеге асырады.
ҚМГ-ның барлық қызметкерлері әрқайсысы өз деңгейінде жеке мінез-құлық және тиісті саясаттар мен стандарттарды сақтау жолымен тұрақты даму саласындағы қағидаттар мен іс-шараларды енгізеді.
ҚМГ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІН РЕГЛАМЕНТТЕЙТІН НЕГІЗГІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
- Экологиялық саясат.
- Зиянды шығарындыларды басқару саясаты
- ҚМГ-нің 2022-2031 жылдарға арналған төмен көміртекті дамыту бағдарламасы
- Су ресурстарын басқару жөніндегі корпоративтік стандарт
- Белгіленген қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсеріне бағалауды жүргізу жөніндегі корпоративтік стандарт
- Денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы менеджмент жүйесі жөніндегі нұсқаулық
- ҚМГ дағдарыстық жағдайларды басқару регламенті
- Сапа жөніндегі нұсқаулық
- 2018–2028 жылдарға арналған кадр саясаты.
- Ішкі коммуникациялардың бірыңғай жүйесінің үлгі регламенті
- Әлеуметтік қолдаудың үлгілік қағидалары
- ЕТҰ-ның «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ объектілерінде жұмысын жүргізетін мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимылы кезіндегі қызмет жөніндегі үлгілік регламент
- Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы «Алтын қағидалар» кодексі
- Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясат
- Жерүсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану саласындағы саясат
- Денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы бойынша корпоративтік стандарт
- Өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару бойынша корпоративтік стандарт
- Еңбекті, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыреттерді қамтамасыз ету жөніндегі корпоративтік стандарт
- Еңбекті, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі корпоративтік стандарт
- Арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі корпоративтік стандарт
- Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі
- «Қорғау» картасын қолдану регламенті
- Компаниялар тобында жерүсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану регламенті
- Корпоративтік басқару кодексі.
- Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік кодексі.
- Тұрақты даму саласындағы тұжырымдама
- Ішкі бақылау жүйесінің саясаты
- Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі жөніндегі саясат
- ҚМГ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу қағидалары
- ҚМГ физикалық қауіпсіздігі мен терроризмге қарсы қорғаурдың корпоративтік регламенті
- Ішкі бақылау жүйесінің регламенті
- ҚМГ экономикалық қауіпсіздік регламенті
- Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі жөніндегі нұсқаулық
- Қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың мүдделер қақтығысын реттеу саясаты
- Ішкі бақылау жүйесінің саясаты.
- Корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша саясат.
- ҚМГ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидалары.
- ҚМГ физикалық қауіпсіздігі мен терроризмге қарсы қорғанысының корпоративтік ережелері.