Мұнай өңдеу және маркетинг

22,1 млн тонна
мұнай мен конденсатты өткізу көлемі, оның ішінде мұнай экспорты 13 7 млн тонна, ішкі мұнай жеткізу көлемі 8,4 млн тонна
19,9 млн тонна
сұйық көмірсутек шикізатын өңдеу, оның ішінде Қазақстанда өндірілген 14,3 млн тонна рекордтық көрсеткіш, Румынияда 5,6 млн тонна.

Бүгінгі таңда Компанияның Қазақстан Республикасы мен Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту бойынша ірі жобалары аяқталды. Жаңғырту жұмысының нәтижесінде мұнай өңдеу тереңдігінің жаңа деңгейіне қол жеткізілді. 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегия аясында мынадай мақсаттар белгіленді:

  • қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу тереңдігінің көрсеткішін кемінде 89%-ға жеткізу;
  • қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында маржиналдығы жоғары мұнай химия өнімдерін шығару көлемін өсіру;
  • KMGI тиімділігін жоғарылату үшін қызметін жүргізетін елдерде ЖМҚС санын ұлғайту есебінен компанияның вертикалды интеграциясын кеңейту.

Мұнай мен конденсат маркетингі

2022 жылы ҚМГ өзі өндірген мұнай мен конденсатты өткізу көлемі 22 126 мың тоннаға жетті, оның ішінде мұнай экспорты — 13 712 мың тонна, ішкі мұнай жеткізу көлемі — 8 415 мың тонна. Ел ішінде жеткізу көлемі Қазақстандағы ҚМГ-нің МӨЗ-деріне жеткізуді толығымен қамтиды: 3 043 мың тонна — АМӨЗ-ге, 3 340 мың тонна — ПМХЗ, 1 568 мың тонна - ПҚОП.

ҚМГ мұнайы мен конденсатын сату, мың тонна
Активтер 2020 2021 2022
Экспорт ішкі нарық Барлығы Экспорт Ішкі нарық Барлығы Экспорт ішкі нарық Барлығы
Операциялық активтерӨзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «ПетроҚазақстан Инк.» АҚ, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «ҚазақойлАқтөбе» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Амангелді Газ» ЖШС, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС 7 524 6 849 14 373 6 126 7 916 14 042 5472 8 412 13 884

Соның ішінде ЕТҰ«Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС

4911 3514 8 428 3 805 4 458 8 262 3 173 4907 8080
Мегажобалар«ҚМГ Қашаған Б.В.», «ҚМГ Қарашығанак», «Теңізшевройл» ЖШС 7 637 2 7 639 7619 0 7619 8 240 3 8 243
Барлығы 15 161 6 851 22012 13 745 7 916 21 661 13 712 8415 22 126

Мұнай мен конденсат экспорты

2022 жылдың маусым айынан бастап барлық қазақстандық жүк жөнелтушілер мұнайды KEBCO (Kazkhstan Export Blend Crude Oil) маркасымен ресімдей бастады, 2022 жылдың 1 қарашасында әлемдік Platts агенттігі KEBCO мұнайының бағасын жеке белгілей бастады. Ресей мұнайына санкцияның салынуы және нарықта Urals мұнайына сұраныстың төмендегені кезінде KEBCO мұнайына бағаның белгіленуі тұрақты оң динамиканы көрсетіп келеді.

Brent маркалы мұнайдың бағасымен есептеліп, мемлекеттік бюджетке төленуі тиіс төлемдерге келсек, экспортқа мұнай сатудың шығыны 2022 жылы мұнайға әлем бағасының өсуі есебінен ұлғайды.

Мұнай мен конденсатты ішкі нарыққа жеткізу

Мемлекет басшысының мұнай өңдеу зауыттарын аралас схемаға көшіру жөніндегі тапсырмасын және Үкіметтің осы бағыттағы бұдан кейінгі тапсырмаларын орындау үшін ҚМГ «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізуге қатысты қазіргі кезде енгізіліп жатқан түзетулерді назарға ала отырып, мұнай өңдеу зауыттарын аралас схемаға көшіру бойынша жұмыс атқарып жатыр.

Аралас схема бойынша және Заңға түзетулерге сәйкес жер қойнауын пайдаланушымен (ЖҚП) байланысты тұлға төменде көрсетілген талаптардың кемінде біреуін сақтаған кезде ғана мұнай жеткізушісі болып танылады:

  • жер қойнауын пайдаланушының акцияларының (қатысу үлесінің) елу және одан да көп пайызы мұнай жеткізушіге тиесілі;
  • мұнай жеткізушінің акцияларының (қатысу үлесінің) 50 және одан да көп пайызы жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі;
  • мұнай жеткізуші мен жер қойнауын пайдаланушыны оған/ оларға мұнай жеткізушінің және жер қойнауын пайдаланушының акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ікелей немесе жанама түрде жиынтықты тиесілі тұлға/тұлғалар басқарады.

ҚМГ-нің өз мұнайынан мұнай өнімдерін өндіруге шикізат ӨМГ, ЕМГ, ҚТМ мен ӨО кәсіпорындарынан АМӨЗ, ПМХЗ және ПҚОП-қа жеткізіледі. Өңделіп шығарылған мұнай өнімдері ішкі нарық пен экспортқа көтерме бағамен өткізіледі.

Өңдеуші активтері

ҚМГ активтерінің құрылымында сұйық СКШ-ны, негізінен мұнай өңдеуді Қазақстанда төрт МӨЗ және Румынияда екі МӨЗ жүзеге асырады.

Өңдеу активтері

ҚМГ-нің мұнай өңдеу зауыттары
Көрсеткіш Қазақстан Румыния
АМӨЗ ПМХЗ Шымкент мұнай өңдеу зауыты (ПҚОП) Caspi Bitum «Петромидия» «Вега»
Орналасқан жері Атырау Павлодар Шымкент Ақтау Неэводарь Плойешть
Пайдалануға берілген жылы 1945 1978 1985 2013 1979 1905
Өңдеудің жобалық қуаты, млн тонна 5,5 6,0 6,0 1,0 6,0Жобалық қуат жылына 5 млн тонна көлеміндегі мұнайды және жылына 1 млн тонна басқа да КСШ-ны қамтиды 0,5
2022 жылы өңделген КСШ көлемі, млн тонна 5,2 5,5 6,2 0,9 5,34,86 млн тонна — жалпы өңдеу көлемі, бұған шикі мұнайды (3,98 млн тонна), өзге де және баламалы шикізатты (0,88 млн тонна) өңдеу көлемі кіреді. 0,4
2022 жылы жүктемесі, % 95 92 103 90 88Соломон әдісі бойынша (Solomon Associates) «Петромидия» МӨЗ-нің жүктемесі — 97,5% 75
ҚМГ-нің иелік ету үлесі, % 99,53 100 49,72 50 54,63 54,63
Нельсон индексі 13,9 10,5 8,2 - 10,5 -
2022 жылы өндірілген ашық түсті мұнай өнімдері, % 59 71 76 - 86 -
МӨЗ-дің тең иелері - - CNРC CITIC Румыния үкіметі Румыния үкіметі
Өңделген КСШ-нің шоғырландырылған көлемі 2020 2021 2022
Қазақстандағы МӨЗ-дер:
АМӨЗ 5016 5473 5 224
ПМХЗ 5004 5407 5480
ПҚОП (50%) 2397 2582 3 103
Caspi Bitum (50%) 433 464 461
Қазақстандағы МӨЗ-дер бойынша барлығы 12 849 13 927 14 269
Румыниядағы МӨЗ-дер
«Петромидия» 4 864 4 586 5 258
«Вега» 364 321 373
Румыниядағы МӨЗ-дер бойынша барлығы 5 228 4907 5 631
Жиыны 18 077 18 833 19 900
Өндірілген мұнай өнімдерінің шоғырландырылған көлемі 2020 2021 2022
Қазақстандағы МӨЗ-дер:
АМӨЗ 4525 4 867 4647
ПМХЗ 4609 4 935 5 168
ПҚОП (50%) 2145 2352 2857
Caspi Bitum (50%) 428 460 456
Қазақстандағы МӨЗ-дер бойынша барлығы 11 707 12 614 13 128
Румыниядағы МӨЗ-дер
«Петромидия» 4 749 4 831 5 512
«Вега» 361 320 370
Румыниядағы МӨЗ-дер бойынша барлығы 5 110 4 790 5 142
Жиыны 16 817 17445 18 639

Қазақстанда мұнай өңдеу

2022 жылы барлық басты көрсеткіштер бойынша рекордық нәтижеге қол жеткізілді. Бұл мұнай өңдеу көлемі де, бензин, солярка, авиакеросин өндірісі де. Шығын мен технологиялық жағудың ең төменгі көрсеткіштер анықталды.

2022 жылы Шымкент МӨЗ-і мұнайдың рекордтық көлемін өңдеді – 6 млн тоннадан астам. Зауыт жөндеу аралықтың үш жылдық кезеңіне шықты, жақын арада бұған Атырау МӨЗ-і де қол жеткізеді.

ПМХЗ маңызды жобаларды іске асыруда, соның ішінде елімізде тапшы болып отырған қысқы дизель отын өндіру жобасын қолға алды.

белгішесі
МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТТАРЫН ДАМЫТУ ЖОСПАРЛАРЫ

Қазақстандағы МӨЗ-дерде маржиналды өнім өндірісін кеңейту есебінен операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған бірқатар бастама жоспарланып отыр.

  • 3 жылдық жөндеу аралық кезеңіне көшу бойынша техникалық аудит;
  • Энергия мен ресурстарды сақтау және 2031 жылға дейін ауаға зиянды заттардың шығарылуын азайту бойынша мақсатты көрсеткіштері қамтылған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру.

АМӨЗ

  • Жобалық іздестіру жұмыстары (риформинг қондырғысының жұмыс қабілетін қалпына келтіру, газтурбиналық электр стансасының құрылысы, Prime D гидротазарту мен депарафанизациялау қондырғысының өнімділігін кеңейту, АТҚҚ-да құюға толығымен ауысу үшін жаңа сорғы станциясын салу, тікелей айдалған нафта мен КГФ-ны ағызу эстакадасының құрылысы).
  • Техникалық экономикалық негіздеме (баяу кокстеу қондырғысын реконструкциялау, деасфальттау қондырғысын салу).
  • Теңіз кен орнының мұнайын өңдеуге қабылдау үшін резервуарларда мұнайды есепке алудың коммерциялық түйінін және понтондарды монтаждау.
  • «Тазалық», «АМӨЗ-дің механикалық тазарту құрылыстарын реконструкциялау», «Булану алқаптарын реконструкциялау» жобасын аяқтау.

ПМХЗ

  • «Депарафиндеу блогымен біріктіре отырып, дизель отынын гидротазалау қондырғысын реконструкциялау» жобасының ЕРС мердігерін анықтау.
  • «Сұйытылған көмірсутек газын тазарту қондырғысының құрылысы» жобасына құрал-жабдық сатып алу және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы.

ПҚОП

  • «ПҚОП-тың өндіріс қуаттарын кеңейту» (зауыт қуатын жылына 9 немесе 12 млн тоннаға дейін ұлғайту) жобасы бойынша алдын ала техникалық экономикалық негіздеменің аяқталуы.

Caspi Bitum

  • Жылына 1,0 млн тонна мұнай өңдеу бойынша жобалық қуатқа шығу жоспарланған.
  • «Caspi Bitum» ЖШС қуатын арттыру» жобасы бойынша алдын ала техникалық экономикалық негіздеменің қорытындысын алу.
  • Caspi Bitum» ЖШС қуатын арттыру» жұмыс жобасын әзірлеуді бастау.

Перспективті жобалар мен жаңа технологиялар

  • ЛГ-35-11/300-95 риформинг қондырғысының жұмыс қабілетін қалпына келтіру, іске асыру мерзімі – 2022-2025 жылдар.
  • Теңіз кен орнының мұнайын қабылдауға дайындық жұмысына байланысты және каталитикалық крекинг қондырғысын толық қуатында пайдалану нәтижесінде балансқа қойылған тікелей айдалған нафтаның көлемі артылады. Ендігі жерде ЛГ 35/11-300/95 қондырғысын қысқы уақытта пайдалану қажеттілігі туындайды.
  • Газ-турбиналық стансаның құрылысы, іске асыру мерзімі – 2023-2026 жылдар.
  • Баяу кокстеу қондырғысын реконструкциялау
  • Авиаотынның қосымша көлемін өндіріп шығару (перепрофилирование установки гидроочистки ЛГ35-11/300-95 гидротазарту қондырғысын қайта бейіндеу), іске асыру мерзімі – 2023-2025 жылдар.
  • Prime D гидротазарту мен депарафанизациялау қондырғысының өнімділігін кеңейту (үшінші толықтырушы компрессорды іске қосу)
  • Жұмыс істеп тұрған автоматтандырылған тактілік құю стансаны кеңейту (жаңа сорғы стансасының құрылысы)
  • Тікелей айдалған нафта мен КГФ-ны ағызу эстакадасының құрылысы
  • Теңіз кен орнының мұнайын өңдеу
  • Энергия мен ресурстарды сақтау және 2031 жылға дейін ауаға зиянды заттардың шығарылуын азайту бойынша мақсатты көрсеткіштері қамтылған іс-шаралар жоспары.

Аталған жоспар аясында АМӨЗ 2031 жылға қарай тікелей және жанама шығарындыларды 2019 жылдың деңгейінен кемінде 12%-ға қысқарту бойынша жұмыс атқарып жатыр.

ПМХЗ

  • «Депарафиндеу блогымен біріктіре отырып, дизель отынын гидротазалау қондырғысын реконструкциялау» жобасы. Бұл жобаны жүзеге асыру нәтижесінде қысқы дизель отыны жылына 160 мың тонна көлемінде шығарылатын болады.
  • «Сұйытылған көмірсутек газын тазарту қондырғысының құрылысы» жобасы.

Жоба бойынша тауарлық сұйытылған мұнай газын жылына 100 мың тонна көлемінде тазарту мен өндіру қарастырылған.

  • Энергия мен ресурстарды сақтау және 2031 жылға дейін ауаға зиянды заттардың шығарылуын азайту бойынша мақсатты көрсеткіштері қамтылған іс-шаралар жоспары.

Аталған жоспар аясында ПМХЗ 2031 жылға дейін тікелей және жанама шығарындыларды 2019 жылдың деңгейінен кемінде 15%-ға қысқарту бойынша жұмыс атқарып жатыр.

ПҚОП

  • ПҚОП-ты кеңейту жобасы (зауыт қуатын жылына 9/12 млн тоннаға дейін ұлғайту)

Қазіргі уақытта қолданыстағы өндіріс қуаттарын жылына 9 млн тоннаға немесе 12 млн тоннаға арттыру үшін зауыттың түрлі конфигурацияларының салыстырмалы талдау жұмысы жүріп жатыр.

Honeywell UOP компаниясы (АҚШ) алдын ала ТЭН әзірлеп жатыр.

  • Энергия мен ресурстарды сақтау және 2031 жылға дейін ауаға зиянды заттардың шығарылуын азайту бойынша мақсатты көрсеткіштері қамтылған іс-шаралар жоспары

Аталған жоспар аясында ПМХЗ 2031 жылға қарай тікелей және жанама шығарындыларды 2019 жылдың деңгейінен кемінде 13%-ға қысқарту бойынша жұмыс атқарып жатыр.

Өңдеу тарифтері

Алыс-беріс мұнайды өңдеу тарифі операциялық, инвестициялық шығынынан, қаржы міндеттерінен, КТС шығынынан тұрады, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді жұмысы мен шығынсыз қызметін қамтамасыз ететіндей табыс табу мүмкіндігін ескереді.

Қазақстандық МӨЗ-дердің орташа есептелген тарифі бойынша кесте, тоннасына теңгемен, ҚҚС-сыз
Зауыт 2020 2021 2022
АМӨЗ 41 168 42 434 42 515
ПМХЗ 20 904 23 033 23 240
ПҚОП 30 783 35 191 35 336
Caspi Bitum 18 003 18 472 24 901

Қазақстанда көмірсутек шикізатын өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру көлемдері

2022 жылы Қазақстанның МӨЗдерінде КСШ өңдеу көлемі (ҚМГ үлесіне) 14 269 мың тоннаны, ал мұнай өнімдерін өндіру — 13 101 мың тонна (ҚМГ үлесіне) дайын өнімді құрады. 2021 жылмен салыстырғанда есепті кезеңде КСШ өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру көрсеткіштері тиісінше 2,5%-ға және 4,1%-ға өсті. Бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекодтық көрсеткіш. Өндірістің өсуіне «ПҚОП» ЖШС-де жоспарлы жөндеуді 2022 жылдан 2023 жылға ауыстыру және «ПМХЗ» ЖШС-де мұнай өңдеу көлемінің ұлғаюы оң ықпал етті.

ҚМГ үлесіне көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі, мың тонна
‘20‘21‘2212 84913 92714 269202020212022АМӨЗ5 0165 4735 224ПМХЗ5 0045 4075 480ПҚОП (50%)2 3972 5823 103Caspi Bitum (50 %)433464461
ҚМГ үлесіне мұнай өнімдері өндірісінің көлемі, мың тонна
Мұнай өнімдері 2020 2021 2022
АМӨЗ 4 525 (100%) 4 867 (100%) 4 647 (100%)
Ашық түстіАвтобензин, дизель отыны, авиаотын және сұйытылған газ. 2 737 (60%) 3 169 (65%) 2 988 (64%)
Қара түстіМазут, вакуумды газойль, битум. 1 383 (31%) 1 499 (31%) 1 447 (31%)
Мұнай химиясыБензол, параксилол. 250 (6%) 52 (1%) 85 (2%)
Басқалары 155 (3%) 147 (3%) 127 (3%)
ПМХЗ 4 609 (100%) 4 935 (100%) 5 137 (100%)
Ашық түсті 3 438 (75%) 3 736 (76%) 3 879 (76%)
Қара түсті 896 (19%) 862 (18%) 927 (18%)
Басқалары 275 (6%) 337 (7%) 331 (6%)
ПҚОП (50 %) 2 145 (100%) 2 352 (100%) 2 857 (100%)
Ашық түсті 1 970 (92%) 2035 (87%) 2 348 (82%)
Қара түсті 172 (8%) 313 (13%) 504 (18%)
Басқалары 3 4 5
Caspi Bitum (50 %) 428 (100%) 460 (100%) 460 (100%)
Қара түсті 185 (43%) 203 (44%) 203 (44%)
Басқалары 243 (57%) 257 (56%) 257 (56%)
Барлығы 11 707 12 614 13 101
Өңдеу тереңдігі, %
Зауыт 2020 2021 2022
АМӨЗ 77,15 77,24 75,72
ПМХЗ 87,20 87,79 88,19
ПҚОП 90,14 85,96 82,79

PETROSUN үлесін сатып алу. ҚазМұнайГаздың мұнай өнімдері маркетингінде қызмет аясы мен жауапкершілігі

«PETROSUN» ЖШС Қазақстан Республикасында 2012 жылдың 17 қаңтарында тіркелді

Компанияға қатысушылар мыналар:

  1. «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КННК ИНТЕРНАЦИОНАЛ» ЖШС.
  2. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

2022 жылдың маусым айында ҚМГ «PETROSUN» ЖШС-не 49% қатысу үлесін сатып алды, бұл мұнай өнімдерін үлестірудегі ҚМГ-нің үлесін ағымдағы 28%-дан 80%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.

«PETROSUN» компаниясының негізгі қызмет түрлері:

  • сыртқы экономикалық қызмет, сауда-коммерциялық және экспорт-импорттық операциялар;
  • көмірсутек шикізатын және көмірсутек шикізатын өңдеу өнімдерін сату;
  • көмірсутек шикізатын және оны өңдеу өнімдерін өңдеу;
  • Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде мұнай, газ, мұнай өнімдерін және жанар-жағармай материалдарын (бұдан әрі – ЖЖМ) сатып алу мен өңдеу, соның ішінде табиғи монополия саласын қоспағанда, мұнай мен мұнай өнімдерін, көмірсутек пен оларды өңдеу өнімдерін дайындау, сақтау, маркетинг пен сату, үлестіру, импорт пен экспорт, материалдық техникалық қамтамасыз ету;
  • мұнай өнімдерін сатып алу, сақтау және ауыстырып тиеу.
  • мұнай өнімдерін тасымалдау.

«PETROSUN» ЖШС мақсаттары – Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері нарығында тиімді жұмыс істеу, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ЖЖМ-ды мұнай өнімдерінің ішкі нарығы мен экспортқа сатқан кезде барынша көп табыс табу.

«PETROSUN» ЖШС сатып алған шикі мұнайды мына мұнай өңдеу зауыттарында өңдейді:

  1. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (үлесі 72%);
  2. «Павлодар мұнай-химия зауыты ЖШС (үлесі 41%);
  3. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (үлесі 29%).

«PETROSUN» ЖШС жоғарыда аталған МӨЗ-дерден алынған мұнай өнімдерін көктемгі және күзгі дала жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер-операторларға, локомотив бөлімшелердің қажетілігін өтеу үшін «ҚТЖ – жүк тасымалы» АҚ-ға, Қазақстан Республикасының ірі ЖМҚС желілеріне, биржадағы сауда-саттық арқылы сатып алушыларға, қала құраушы өнеркәсіптік кәсіпорындарға өткізеді.

Қазіргі уақытта ҚР МӨЗ-деріне мұнай жеткізу мен өңдеу аралас схема бойынша жүріп жатыр, яғни мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды жеткізу мен өңдеуді тікелей жер қойнауын пайдаланушылар, жер қойнауын пайдаланушылармен үлестес және өзара байланысты маркетинг құрылымдары және мұнай өнімдерін өндіруші – МӨЗ-дің өзі жүзеге асырады. МӨЗ мұнай өңдеу қызметтерін көрсетіп, ары қарай МӨЗ-ден тиіп әкету үшін мұнай иелеріне (ресурс ұстаушылар) мұнай өнімдерін қайтарады немесе әрі қарай зауыттан жөнелту үшін мұнай өнімдерін өзі сатады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «PETROSUN» ЖШС мұнай өнімдерін өткізудің ішкі көтерме нарығында басым орынға ие, жалпы сату көлемінен ортақ үлесі АИ-92 автобензині бойынша– 91,3%, АИ-95 автобензині – 71,4%, дизель отыны – 81% (2021 жылдың қазан айы мен 2022 жылдың қыркүйек айы аралығында).

ҚМГ мұнайынан мұнай өнімдерінің өндірісі және маркетинг

ҚМГ мұнайынан мұнай өнімдерін өндіру үшін шикізат ӨМГ, ЕМГ, ҚТМ және ӨО компанияларынан АМӨЗ, ПМХЗ және ПҚОП-қа жеткізіледі. Өңдеуден кейін мұнай өнімдері көтерме нарық бағаларымен ішкі нарықта және экспортқа сатылады.

2022 жылы ӨМГ, ЕМГ, ҚТМ және ӨО өңдеуге 4 966 мың тонна мұнай, оның ішінде АМӨЗ-ге 2 363 мың тонна, ПМХЗ-ға 1 992 мың тонна және ПҚОП-қа 611 мың тонна жеткізді. МӨЗ-дер 4 893 мың тонна мұнай өнімін өндірді, бұл ретте ашық түсті мұнай өнімдерінің өндірісі 60%, қара түсті мұнай өнімдері — 22%, мұнай-химия өнімдері - 0,8% және өзге де мұнай өнімдері 17%-ды құрады.

2022 жылы МӨЗ-дерде ҚМГ мұнайынан мұнай өнімдерінің өндірісі, мың тонна
Мұнай өнімдері АМӨЗ ПМХЗ ПҚОП Барлығы 2022 жылғы 12 айда мұнай өнімдерінің орташа көтерме бағасы, бір тоннаға теңгемен
Ашық түстіАвтобензин, дизель отыны, авиаотын. 1 284 1 241 426 2951 191 453,50
Қара түстіМазут, вакуумды газойль, битум, ауыр мұнай шикізаты. 646 327 99 1071 181 615,34
Мұнай химиясыБензол, параксилол. 38 0 0 38 405 172,46
Басқалары 362 392 80 834 37 837,07
Барлығы 2329 1960 604 4 893 166 674,85

ӨМГ, ЕМГ, ҚТМ және ӨО-дан алынған мұнайды өңдегеннен кейін өндірілген мұнай өнімдерін ҚМГ Қазақстанның МӨЗдерінен көтерме саудада өткізеді. 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанында 4 908 мың тонна мұнай өнімдері сатылды, олардың негізгі бөлігін ашық түсті мұнай өнімдері мен мазут (79%) құрады

Мұнай өнімдерінің басым бөлігі ішкі нарықта сатылды (4 908 мың тоннаның 4 091 мың тоннасы немесе 80%-ы), ал қалған бөлігі экспортқа жөнелтілді (816 мың тонна). 2021 жылмен салыстырсақ, 2022 жылдың 12 айында ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салуына байланысты сатылған жалпы көлемінен мұнай өнімдерін экспортқа жеткізу үлесі -3%-ға төмендеді

Қазақстан Республикасында өндірілген ҚМГ-нің мұнай өнімдерін көтерме бағамен өткізу көлемі, мың тонна
2021 2022
Ішкі нарық Экспорт Барлығы Ішкі нарық Экспорт Барлығы
Бензин 1 195 1 195 1 333 7 1 340
Дизель отыны 1 291 57 1 348 1513 1513
Авиациялық отын 120 120 161 161
Мазут 241 542 783 265 588 853
Вакуумды газойль 166 166 105 105
Битум 83 83 125 125
Кокс 79 66 144 56 65 121
Күкірт 3 17 20 5 14 19
Бензол 4 4 3 3
Параксилол 25 25 34 34
Сұйытылған газ 162 1 163 204 204
Пеш отыны 4 4
Технологиялық отын 382 382 408 408
Басқалары 18 18 22 22
Барлығы 3 577 877 4454 4091 816 4 908

ҚМГ ауыл шаруашылық дала жұмыстарын жүргізуге дизель отынын жөнелтеді, сондай-ақ әлеуметтік өндірістік нысандар мен мекемелерді жылыту маусымы кезінде мазутпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ҚМГ 2022 жылы «ҚМГ-Аэро» ЖШС мен биржадағы сауда-саттық арқылы жергілікті әуежайлар мен авиакомпанияларға, сондай-ақ коммерциялық компанияларға авиациялық отын сатуды жүзеге асырды. Мұнай өнімдерінің қалған бөлігі ішкі нарық пен экспортқа басқа сатып алушыларға өткізіледі. 2022 жылдың сәуірінде ҚМГ АИ-92 бензинін экспорттады (7 мың тонна). 2021 жылмен салыстырғанда ашық түсті мұнай өнімдері экспорты көлемінің 85%-ға төмендеуіне Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тұтыну көлемінің артқаны себеп болды. Мұнай өнімдерін экспортқа жеткізу құрылымында 2022 жылы қара түсті мұнай өнімдерін Еуропаға жөнелту басым болды. Дизель отыны, мұнай химиясы, кокс, күкірт пен бутан көлемі Еуропа, Қытай, Нигерия, Ресей, Өзбекстан пен Тәжікстанға жеткізілді.

Жеткізу үлесі мен бағыттарға бөле отырып, мұнай өнімдерінің экспортқа өткізілуі
Мұнай өнімдері 2021 2022
Көлемі, тн Мемлекет Үлесу, % Көлемі, тн Мемлекет Үлесі, %
Мазут 541 967 Еуропа 100 585 152 Еуропа 100
ВГО 165 724 Еуропа 100 105 467 Еуропа 100
Тазалығы жоғары параксилол 25 172 Қытай 100 33 763 Қытай 100
Жазғы дизель отыны К4, К5, Е-К4 19 198 Еуропа 34
28 461 Өзбекстан 50
9 465 Тәжікстан 17
Бензол 3 523 Ресей 100 1684 Ресей 53
1498 Африка 47
Күңгірт кокс 28 790 Қытай 59 18 066 Қытай 30
20 121 Ресей 41 42 978 Ресей 70
Күйдірілген кокс 10 819 Қытай 65 780 Қытай 20
5 918 Ресей 35 3 170 Ресей 80
Күкірт 12 069 Еуропа 71 8041 Еуропа 59
4 885 Африка, Нигерия 29 5 577 Африка 41
Газ (бутан) 489 Тәжікстан 50
482 Ресей 50
АИ-92 К4 бензині 7454 Еуропа 100
Техникалық көміртек өндірісіне арналған ауыр мұнай шикізаты 2630 Ресей 100
Барлығы 877 083 816 259

Румыниядағы мұнай өңдеу

KMG International негізгі қызметі – КСШ өңдеу мене мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізу. Шикізатты бастапқы өңдеумен ҚМГИ-дің жеке МӨЗ-і «Петромидия» айналысады, ал қайталама өңдеуді «Вега» МӨЗ-і жүзеге асырады. «Петромидия» мен «Вега» зауыттары мынадай схема бойынша жұмыс істейді: зауыт өзінің балансына КСШ сатып алады, оны өңдейді, содан кейін өзінің ЖМҚС бөлшек желісі арқылы көтерме немесе бөлшек саудада өткізеді.

Сондай-ақ ҚМГИ тығыздығы жоғары және төмен полипропилен мен полиэтилен (LDPE мен HDPE) өндіретін ірі мұнай-химия кешеніне иелік етеді. Жоғарыда аталғаннан бөлек, ҚМГИ-дің тағы бір еншілес ұйымы – «ҚМГ Трейдинг АГ» шикі мұнай мен ҚМГИ-дің МӨЗ-дерінде, сондай-ақ үшінші тарап өндірген мұнай өнімдерінің трейдингімен айналысады.

2022 жылы Румыниядағы МӨЗдерде көмірсутек және өзге де шикізатты өңдеу көлемі 5 631 мың тоннаны, ал мұнай өнімдерінің өндірісі 5 512 мың тоннаны құрады. Көрсеткіштер 2021 жылмен салыстырғанда орта есеппен, тиісінше, 14,8%-ға және 14,1%-ға артты. Алдыңғы жылмен салыстырғанда шикі мұнайды өңдеу мен мұнай өнімдерінің өндірісінің көлемі. Көрсеткіштер 2021 жылмен салыстырғанда орташа есеппен 14,8 және 14,1% - ға өсті, шикі мұнайды өңдеу көлемінің және мұнай өнімдері өндірісінің ұлғаюына өткен жылмен салыстырғанда 2021 жылғы сұраныстың төмендеуіне байланысты импорттық SRGO өңдеу көлемінің азаюына әкелген пандемия кезіндегі шектеу шаралары, сондай-ақ 2021 жылдың шілдесінде «Петромидия» МӨЗ-де болған оқиға (зауыттың тоқтауы) себеп болды.

«Петромидия» МӨЗ-нің өңдеу маржасы
Өлшем бірлігі 2020 2021 2022
Тоннасына АҚШ доллары -5 7,2 135
Барреліне АҚШ долларыменТоннаны баррельдеу үшін 7,6 коэффициенті қолданылды. –0,7 1 17,8
ҚМГ үлесіне мұнай өнімдері өндірісінің көлемі, мың тонна
Зауыт 2020 2021 2022
«Петромидия» 4 749 4 470 5 142
Ашық түстіАвтобензин, дизель отыны, авиаотын және сұйытылған газ. 4009 3 590 4075
Қара түстіМазут, вакуумды газойль, битум. 575 530 889
Басқасы 165 152 178
«Вега» 361 320 370
Қара түсті 123 93 100
Басқасы 238 226 270
Барлығы 5 110 4 790 5 512
ҚМГ үлесіне КСШ өңдеу көлемі, мың тонна
202020212022Петромидия4 8644 5865 258Вега3643213732020202120225 2285 631

2022 жылы Urals сортының шикі мұнайына белгіленген баға мен өндірілген мұнай өнімдеріне (бензин, дизель, нафта, сұйытылған газ, авиаотын, мазут, пропилен, күкірт және мұнай коксы) белгіленген баға арасындағы айырма ретінде есептелген «Петромидия» МӨЗ-нің өңдеу маржасы барреліне 135 долларды құрады. Бұған Украинадағы қақтығыстан және одан кейінгі оқиғалардан соң нарықтың теңгерімсіз құрылымы себеп болды.

Бензин

ҚМГИ-дің трейдинг операциялары шеңберінде 2022 жылы қайта сатуға арналған шикі мұнай көлемі 6,2 млн тоннаны құрады.

Қайта сатылатын шикі мұнай, мың тонна
2020202120228 5226 2078 342

ҚМГИ бөлшек сауда желісі

Румынияның ритейл нарығы - бұл ҚМГИ мұнай өнімдерін өткізудің ең табысты нарығы.

2021 жылы ҚМГ Инвестициялық комитеті Румынияның бөлшек сауда желісін дамыту мақсатында Қазақстан-Румын инвестициялық қоры шеңберінде 44 жаңа ЖҚС салу жобасын бекітті, оның ішінде 2022 жылы Румынияның ірі автомагистралінде орналасқан сегіз станцияның құрылысы аяқталды.2021 жылы Румынияның бөлшек сауда желісін дамыту мақсатында Қазақстан - Румын инвестициялық қоры аясында 25 жаңа ЖМҚС салу бағдарламасы аяқталды.

2021 жылы Румыниядағы бөлшек сауда нарығының үлесі 17,1%-ды құрайды, бұл 2021 жылмен (16,3 %) салыстырғанда 0,8%-ға жоғары.

2022 жылдың соңында ҚМГИ бөлшек желісіне мыналар кірді:

  • Румыния: 304 ЖМҚС және 953 сату пункттері (DOEX, RBI және Cuves). Келесідей станциялар ашылды: сегіз CODO, төрт DODO, 19 DOEX ,екі жаңа резервуар (RBI) және 19 CUVE;
  • таяу шет елдері: 262 ЖМҚС және сату пункттері, оның ішінде Болгарияда — 60 ЖМҚС, Грузияда — 105 ЖМҚС (сегіз станция ашылды, бірақ келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты 19 станция жабылды), Молдовада — 96 ЖМҚС (ауылдық аудандардың шығындылығына байланысты үш станция жабылды).

ҚМГИ МӨЗ-дерін дамыту бойынша жоспарлар

МӨЗ активтерін дамытуға бұрыннан назар аударумен қатар, сондай-ақ өткен жылдардағы нарықтық конъюнктура және 2020 жылдан бастап атмосферадағы көмірқышқыл газының құрамын төмендету жөніндегі шараларды реттейтін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы шеңберіндегі Париж келісімі аясында ҚМГ тобына қатысты бірқатар мәселелер туындады, атап айтқанда: 1) топ активтерінің теңгерімсіз портфелі және өңдеу саласының нарық маржасының тұрақсыздығы қаупінің жоғары болуы; 2) логистикалық шектеулер – өңдеу қуатын ұлғайтуға салынған капитал салымдарынан кейін ұлғайған көлемдерді ескере отырып, логистикалық инфрақұрылым жаңғыртылған жоқ; 3) ұлғайған өндірістік қуаттарына сай емес автожанармай құю желісі.

Тігінен интеграциялау Румынияда және таяу шет елдерде бақыланатын өткізу арналарының қарқынды дамуымен қатар дамудың негізгі бағыты болып қала береді. МӨЗ-дерге салынатын кейінгі капитал жоғары тығыздықтағы полиэтилен өндірісінің қондырғысын полипропилен өндіретін қондырғысына қайта жабдықтау сияқты бекітілген жобалармен шектелуі тиіс болатын, даму жобалары ҚМГИдің декарбонизациялау стратегиясы шеңберінде іске асырылуы тиіс.

Жаңа технологияларды енгізу, өндірісті оңтайландыру, тиімділікті арттыру (енгізу мысалдары, нәтижелер, болашаққа жоспар)

ЕО елдерінің European Green Deal (Еуропалық жасыл бағыт) бойынша міндеттемелеріне қатысты декарбонизация стратегиясын әзірлеу процесі басталды, оның шеңберінде 2050 жылға қарай ЕО климаты бойынша бейтарап болуы тиіс. Операциялық қолжетімділікті сақтау мақсатында «Петромидия», «Вега» МӨЗ және мұнай-химия кешені үшін активтердің тұтастығын қамтамасыз ету жобаларына инвестиция салу жалғасты. Жобалардың басым бөлігі резервуар паркін жөндеуге және қалпына келтіруге, 2022 жылғы технологиялық тоқтап қалумен байланысты іс-шаралармен бірге ISCIR автоматтандыруға бағытталған, негізінен технологиялық қауіпсіздікке қатысты жобаларды жүзеге асыруға көп көңіл бөлінген. Сондай-ақ, 2022 жылы әдеттен тыс нарықтық жағдайлар мен геосаяси ықпалға байланысты біз жағдайға бейімделіп, әрекет еттік: отын газын өндіруді барынша арттырып, бу құнын азайттық.

Жаңа технологияларды енгізу

Жаңа жобалар

ЖЭС құрылысы жобасы: бұл жоба «Петромидия» МӨЗ қажеттіліктері үшін бу мен электр энергиясының барлық қажетті көлемін қамтамасыз етеді. Жобаны 2020 жылғы 16 наурызда ҚМГ Инвестициялық комитеті бекітті. Бүгінгі таңдағы негізгі жағдайы:

  • Жобалау бойынша жұмыстар аяқталды: базалық жоба, ЖЭС және табиғи газ құбырын салуға рұқсат алуға құжаттама, ЖЭС жәнен газ құбырын салуға рұқсат қағазы.
  • Құрал-жабдық сатып алу: газ турбиналары, негізгі және қосалқы трансформаторлар; өзге де электр жабдықтары.
  • Құрылыс бойынша жұмыстар аяқталды: ескі ғимараттарды сырып тастау, барлық жабдықтың іргетасы қаланды, басшылықтың бас ғимараты, трансформаторларды монтаждау
  • Құрылыс бойынша ағымдағы жұмыстар: басты құбыр эстакадалары, жерасты жұмыстар, табиғи газ құбыры бойынша іргетас салу, газ турбиналарын монтаждау.

«44 станция» бөлшек сауда желісін салу жобасы: KMG International Жаңа жобалар ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес бөлшек сауда сегментін дамытудың негізгі бағыты бөлшек сауда үшін ең тартымды болып саналатын Румыния нарығындағы экспансия. Жобаның негізгі мақсаты – Румыниядағы мұнай өнімдерінің бөлшек сауда нарығының үлесін арттыру. Жобаны 2021 жылғы 4 қарашада ҚМГ Инвестициялық комитеті бекітті. Бүгінгі таңдағы негізгі жағдайы:

  • Магистралды ЖМҚС-тың жаңа тұжырымдамасын 2021 жылы тендер арқылы жеңіп алды. Бұл магистраль Румыниядағы ең маңызды транзиттік маршрут екенін, сондай-ақ оның стратегиялық орналасуын ескере отырып, дүкеннің аумағы үлкен жаңа және заманауи тұжырымдама әзірленді (240 м2 болатын стандартты ЖМҚС-пен салыстырғанда 600 м2дейін). Бұл формат мейрамхана мен фастфуд кәсіпорындарымен серіктестікті қамтиды, бұл жанармайсыз сатылымның рентабельділігін арттырады, сонымен қатар бүкіл бөлшек сауда желісінің имиджіне және жалпы компанияның имиджіне оң әсер етеді. 2023 жылы CNAIR жаңа ашық тендерінің нәтижесінде автожолдағы тағы алты учаскені жеңіп алды, олар 2023 жылы бекітіліп, салынуы қажет.
  • ҚМГИ 2022 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде 8/14/12/10 есептелген ЖМҚС-тың жылдық құрылысын үлестіру кестесін жаңартты (2022 жылдан бастап 2024 жылға дейінгі кезеңде 16/16/12 болып алғашқы бағалаумен салыстырғанда)
  • Сонымен қатар 2022 жылдың соңында: 1) рұқсат берілгенге сәйкес 19 учаске бойынша жер беру келісімшарттарына қол қойылды, оның ішінде құрылыс бастауға бес рұқсат 2022 жылдың ішінде алынады деп күтіліп отыр; 2) стандарттық станцияларға арналған құрылыс санаттарын (қызмет көрсету мен жабдық) сатып алуға тендерлік рәсімдер өтуде

МӨЗ-дегі «Дельфин» жобасы үздіксіз жақсарту, энергия тиімділігі, техникалық қызмет көрсету, ұйымдық тиімділік, цифрландыру, технологиялық шығын сияқты негізгі бағыттар бойынша өндірістік блоктың тиімділігіне бағытталған.