ІРІ МӘМІЛЕЛЕР ЖӘНЕ МҮДДЕЛІ МӘМІЛЕЛЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

Ірі мәмілелер

Есепті кезеңде Директорлар кеңесі және (немесе) акционерлердің жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және ҚМГ ішкі құжаттарына сәйкес ірі деп танылатын мәмілелер бойынша шешім қабылданған жоқІрі мәміле деп Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес мәміле немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығы танылады, оның нәтижесінде қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің 25% және одан астамын құрайтын мүлікті сатып алады немесе иеліктен шығарады (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін).

Қызығушылық бар мәмілелер

2022 жылы 15 қыркүйекте Компания «Самұрық-Қазына» АҚ-тан «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК-ның 50% акциясын 3,8 млрд АҚШ долларына қайта сатып алды. Бұл оқиға компания мүддесі бар мәміле ретінде танылды және бір мезгілде құны ҚМГ активтерінің жалпы баланстық құнының мөлшерінен 10% және одан көп болатын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға сай келеді. Компания 2015 жылы жасалған колл-опцион келісімі шеңберінде өз құқығын пайдаланды және «Самұрық-Қазына» АҚ-тан Солтүстік Каспий жобасы («Қашаған» жобасы) бойынша өнімді бөлу туралы келісімде 16,88%-ына иелік ететін «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК компаниясындағы 50% үлесін сатып алды.