Омбудсмен қызметі
Омбудсмен қызметінің (бұдан әрі — омбудсмен) негізгі функцияларының бірі – компанияның барлық қызметкерлерінің әділдігі мен мүдделерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету: даулар мен жанжалдарды ерте ескерту және реттеу; жүйелі сипаттағы және шешуді талап ететін проблемалық мәселелерді тиісті органдар мен лауазымды адамдардың қарауына шығару; жанжалды жағдайларды тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар беру. ҚМГ іскерлік этика кодексінде ҚМГ қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының нәсілдік, діни, ұлттық, жыныстық, саяси немесе өзге де ерекшелігіне, әлеуметтік шығу тегі, мүлкі мен лауазымдық жағдайы, қарым-қатынас тілі мен басқа да мән-жайлар негізінде кемсітушілікке жол бермеу, сондай-ақ осы белгілерге қарай жекелеген қызметкерлерге қандай да бір артықшылықтар берілуіне жол бермеуге қатысты қағидаттар туралы нақты жазылған. Өз қызметін іске асыру кезінде ҚМГ омбудсмені Қазақстан Республикасының заңнамасын және ҚМГ ішкі құжаттарын басшылыққа алады. Директорлар кеңесі үшін омбудсмен қызметі туралы жыл сайынғы есепті дайындау кезінде ҚМГ Омбудсмен қызметі жүйелі мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар/ұсынымдар түрінде ұсыныстар береді. Омбудсмен жұмысына келесі міндеттер кіреді:
- жергілікті жерлердегі әлеуметтік жағдай туралы мәліметтерді жинау және талдау, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының пайда болуына жол бермеу бойынша жүйелі алдын алу және жедел шаралар әзірлеу;
- ҚМГ қызметін жүргізетін өңірлердегі жедел жағдайдың дамуын бағалау және оның негізінде проблемалық мәселелер бойынша нақты шешімдер мен ұсынымдар әзірлеу
2022 жылы шілдеде ҚМГ омбудсмені тағайындалғаннан кейін іскерлік этика кодексінің талаптарымен, омбудсмен функциялары мен міндеттерімен танысу мақсатында ҚМГ ЕТҰ басшылығымен, құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС кәсіподақ өкілдерімен кездесулер өткізді.
ҚМГ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 19 қыркүйектегі шешімімен бекітілген Омбудсмен қызметі туралы ережеге сәйкес, Омбудсмен қызметі өтініштерді қарау, есепке алу, оның ішінде жедел желі бойынша жұмысты ұйымдастырды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Омбудсмен бес өтінішті қарады.
Ауызша өтініштер бойынша (телефон байланысы, жеке қабылдаулар арқылы) омбудсмен/Омбудсмен қызметі консультациялар өткізді, ұсынымдар берді. Барлық келіп түскен өтініштерді қызмет ұсынымдық сипаттағы, оның ішінде бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдай отырып, туындаған проблемалық мәселелерді ерте кезеңде реттеу жөнінде барынша ықтимал шаралар қабылдай отырып қарады. Бұдан басқа, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС ұжымдарындағы толқулар мен әлеуметтік шиеленістердің алдын алды
Омбудсмен қызметіне жүгінудің негізгі себептері:
- ҚМГ Іскерлік әдеп кодексінің нормаларының бұзылуы;
- басшылық құрамның бағынышты қызметкерлерге қатысты кемсітушілік әрекеттері мен дөрекі көзқарасы.
2022 жылы «Нысана» колл-орталығының «Жедел желісіне» ҚМГ атына 226 өтініш келіп түсті. ҚМГ Омбудсмен қызметі оларды тиісті құрылымдық бөлімшелердің уақтылы қарауына бақылау жүргізеді.