2022 ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ ҚАРЖЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ Сомалар ыңғайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша АҚШ долларымен көрсетілген (2022 және 2021 жылдардағы орташа бағамдар 1 доллар үшін тиісінше 460,93 теңге және 426,06 теңге болды. 2022 жылғы 31 желтоқсандағы және 2021 жылғы 31 желтоқсандағы кезең соңындағы курстар 1 доллар үшін 462,65 теңге және 431,80 теңгені құрады).

Табыс, млн АҚШ долл. (млрд теңге)
202 1202 2(8 686 )(6 459 )18 84515 161
EBITDA көрсеткіші, млн АҚШ долл. (млрд теңге)
202 1202 25 5054 730(2 538 )(2 01 5 )
Түзетілген EBITDA көрсеткіші, млн АҚШ долл. (млрд. теңге)
202 1202 24 3584 108(2 009 )( 1 750 )
Компанияның таза пайдасы, млн АҚШ долл. (млрд. теңге)
202 1202 22 8583 020(1 31 7 )(1 287 )
«ҚМГ Қашаған Б.В» үлесін есептемегендегі еркін ақша айналымы, млн АҚШ долл. (млрд. теңге)
202 1202 22 4211 774( 1 1 1 6 )( 756 )
«ҚМГ Қашаған Б.В» үлесін есептегендегі еркін ақша айналымы, млн АҚШ долл. (млрд. теңге)
202 1202 2–1791 774( -82 )( 756 )
Жалпы қарыз, млн АҚШ долл. (млрд теңге)
202 1202 28 9568 676( 4 143 )( 3 746 )
Таза қарыз, млн. АҚШ долл. (млрд. теңге)
202 1202 24 6324 594( 2 143 )( 1 984 )
2022 жылғы кіріс
34,5 % өсті
(6,4 млрд теңгеден 8,6 млрд теңгеге дейін)
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардың 2022 жылдағы кіріс үлесі
45,7 % өсті
ХҚЕС бойынша шоғырландырылған қаржы нәтижелері
Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2022 2021
Мұнай, Dated Brent $/барр 101,32 70,91
Орташа айырбастау бағамы теңге/АҚШ долл. 460,93 426,06
Кезең соңындағы бағам теңге/АҚШ долл. 462,65 431,80
Түсім млрд теңге 8 686 6 459
млн АҚШ долл. 18 845 15 161
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлесі млрд теңге 991 680
млн АҚШ долл. 2151 1 597
Таза пайда млрд теңге 1 317 1 287
млн АҚШ долл. 2858 3020
Кезең ішінде бас компанияның акционерлеріне тиесілі таза пайда млрд теңге 1 289 1 305
млн АҚШ долл. 2797 3062
EBITDA EBITDA: кірістер плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесі, нетто, минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыс минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және сату бойынша шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар млрд теңге 2538 2015
млн АҚШ долл. 5 505 4 730
Түзетілген EBITDA көрсеткіші EBITDA түзетілген көрсеткіші: кірістер плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және сату бойынша шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар. млрд теңге 2009 1750
млн АҚШ долл. 4 358 4 108
Бос ақша ағымы: Бос ақша ағымы: операциялық қызметтен түскен ақша ағымы минус негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, инвестициялық жылжымайтын мүлікті және барлау мен бағалау активтерін сатып алу. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд операциялық қызметтен түскен ақша ағымына кіреді. млрд теңге 1116 756
млн АҚШ долл. 2421 1 774
Бос ақша ағымы (дивиденд саясаты бойынша) Еркін ақша ағымы (дивиденд саясаты бойынша): есепті кезеңдегі қызмет қорытындысы бойынша компанияның операциялық қызметтен түскен шоғырландырылған ақша ағымы (бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтерді қоса алғанда, бірақ мұнай жеткізу үшін алынған аванс бөлігінде айналым капиталындағы таза өзгеріс қосылмайды) минус негізгі құралдарды сатып алу (соның ішінде, негізгі құралдарға берілген аванс) минус материалдық емес активтерді сатып алу минус кен орнын игеру бойынша активтерді сатып алу минус бағалау мен барлау активтерін сатып алу минус еншілес ұйымның/бірлескен кәсіпорынның үлесін сатып алу плюс еншілес ұйымға/бірлескен/қауымдасқан кәсіпорынға қатысу үлестерін сатудан түскен қаражат (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 және 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулыларымен бекітілген тізімдер бойынша компанияның активтерін бәсекелес ортаға беруден түскен қаражатты қоспағанда) млрд теңге –82 756
млн АҚШ долл. –179 1 774
Жалпы қарыз Облигациялар мен қарыздарды (ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді) қамтиды. Берілген кепілдіктер есепке алынбайды. млрд теңге 4413 3 746
млн АҚШ долл. 8 956 8 676
Таза қарыз Таза қарыз: облигациялар плюс қарыздар минус ақша қаражаттары және олардың баламалары, минус банктік салымдар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке алынбайды. млрд теңге 2143 1984 жыл
млн АҚШ долл. 4632 4 594
Кіріс пен шығын туралы шоғырландырылған есеп
Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2022 2021 Өзгерісі %
Түсім және өзге де кіріс
Сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша түсім млн теңге 8 686 384 6 459 335 2 227 049 34,5
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлесі, нетто млн теңге 991 310 680 292 311 018 45,7
Қаржы кірісі млн теңге 120 587 85 226 35 361 41,5
Бірлескен кәсіпорындар шыққан түсетін кіріс млн теңге 0 19 835 (19 835) (100,0)
Өзге операциялық кірісі млн теңге 22 283 30 779 (8 496) (27,6)
Түсім және өзге де кіріс бойынша барлығы млн теңге 9 820 564 7 275 467 2 545 097 35,0
Шығындар
Сатып алынатын мұнайдың, газ-дың, мұнай өнімдерінің және басқа да материалдардың өзіндік құны млн теңге (4 954 384) (3 607 202) (1 347 182) 37,3
Өндірістік шығындар млн теңге (1 142 388) (721 057) (421 331) 58,4
Табыс салығынан басқа салықтар млн теңге (677 805) (461 244) (216 561) 47,0
Тозу, сарқылу және амортизация млн теңге (506 585) (523 044) 16 459 (3,1)
Тасымалдау мен сату бойынша шығын млн теңге (205 340) (183 439) (21 901) 11,9
Жалпы және әкімшілік шығындар млн теңге (160 168) (151 392) (8 776) 5,8
Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және сату арналған деп жіктелген активтердің құнсыздануы млн теңге (708) (20 724) 20 016 (96,6)
Барлау шығындары млн теңге (12 113) (79 083) 66 970 (84,7)
Қаржы шығыстары млн теңге (306 846) (262 823) (44 023) 16,8
Жағымды бағамдық айырма, нетто млн теңге 40 925 17 565 23 360 133,0
Өзге де шығын млн теңге (84 586) (27 714) (56 872) 205,2
Шығын бойынша барлығы млн теңге (8 009 998) (6 020 157) (1 989 841) 33,1
Табыс салығын есептегенге дейінгі пайда млн теңге 1 810 566 1 255 310 555 256 44,2
Табыс салығы бойынша шығын млн теңге (493 247) (321 248) (171 999) 53,5
Жалғасып жатқан қызметтен бір жылда түскен пайда млн теңге 1 317 319 934 062 383 257 41,0
Тоқтатылған қызмет
Тоқтатылған қызметтен салық салынғаннан кейінгі пайда млн теңге 0 352 478 (352 478) (100)
Бір жыл ішіндегі таза пайд млн теңге 1 317 319 1 286 540 30 779 2,4
Бір жылда төмендегілерге тиісілі таза пайда (залал):
Бас компанияның акционерлері млн теңге 1 289 118 1 304 761  (15 643) (1,2)
Бақыланбайтын қатысу үлесі млн теңге 28 201 (18 221) 46 422 (254,8)
млн теңге 1 317 319 1 286 540 30 779 2,4

Түсім

Түсім 8 686 млрд теңгеге (18 845 млн АҚШ доллары) жетті, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 34,5%-ға жоғары. Түсім динамикасына Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының жылына 42,9%-ға өсуі және теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа айырбас бағамының 8,2% әлсіреуі оң әсер етті.

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесі

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірсіндегі үлесі негізінен «Теңізшевройл» ЖШС пайдасының 301 млрд теңгеге (575 млн. АҚШ) ұлғаюы нәтижесінде 45,7%ға артып, 991 млрд теңгеге (2 151 млн АҚШ доллары) жетті.

Өзіндік құн

Сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа да материалдардың өзіндік құны 37,3%-ға өсіп, 4 954 млрд теңгеге (10 749 млн АҚШ доллары) жетті. Өзіндік құнның өсуіне негізінен мұнай мен мұнай өнімдеріне бағаның қымбаттауы себеп болды.

Басқа да шығындар

Өндіріс шығыстары негізінен ҚМГ қызметін жүзеге асыратын өңірлердегі қызметкерлердің жалақысын көтеруге жұмсалған шығынның артуына байланысты 58,4%-ға өсіп, 1 142 млрд теңге (2 478 млн АҚШ доллары) болды.

Тасымалдау және сату бойынша шығыстар 205 млрд теңгені (445 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 11,9%-ға жоғары.

Жалпы және әкімшілік шығыстар өңірлердегі қызметкерлердің жалақысы мөлшері көтерілуіне байланысты 5,8%ға 160 млрд теңгеге (347 млн АҚШ доллары) дейін ұлғайды.

Табыс салығынан басқа салықтар 47,0%-ға өсіп, 678 млрд теңгеге (1 471 млн АҚШ доллары) жетті. Бұған негізінен мұнай бағасының өсуіне байланысты рента салығы мен акциз салығы бойынша шығынның ұлғаюы себеп болды.

Жалақы бойынша шығыстар 2022 жылы 528 млрд теңгені (1 145 млн АҚШ доллары) теңгені құрап, бір жылда 33,0%-ға өскенін көрсетті. Олар өндірістік шығыстар, тасымалдау және іске асыру шығыстары және жалпы және әкімшілік шығыстар жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте берілді.

Қаржы шығындары негізінен теңге бағамының әлсіреуіне байланысты қарыздар мен облигациялар бойынша пайыздық шығыстардың артуына, сондай-ақ кейбір пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне байланысты 307 млрд теңге (666 млн АҚШ долларын) болды, бұл 16,8%-ға көп.

Активтердің құнсыздануы

2022 жылы жүргізілген бағалау нәтижесінде активтердің құнсыздануынан болған шығын 0,7 млрд теңгені (1,5 млн. АҚШ долл.) құрады, бұл 2021 жылы 21 млрд теңге (49 млн АҚШ долл.) сомасында танылған құнсызданудан 96,6%-ға төмен. Құнсыздану бойынша шығын сомасына «Барыс», «Бүркіт», «Бекет Ата» және «Түркістан» теңіз кемелерінің 1,8 млрд теңге (3,9 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі құнсыздану және минус 1,1 млрд теңге (-минус 2,4 млн АҚШ доллары) көлеміндегі өзге де құнсыздану кіреді. 2022 жылғы активтердің құнсыздануы бойынша залал ҚМГИ есепті кезеңде негізгі құралдарды инспекциялау нәтижелері бойынша негізгі құралдардың құнсыздануынан болған залалды мойындауына, сондай-ақ өртке әкеп соқтырған оқиғаның салдарын бағалау жөніндегі жұмысты ҚМГИ еншілес ұйымы Petromidia мұнай өңдеу зауытында жүргізгеніне және негізгі құралдардың құнсыздануынан болған залалды мойындауына байланысты айтарлықтай азайды.

Таза пайда

Есепті кезеңде Компанияның таза пайдасы 2021 жылғы 1 287 млрд теңге (3 020 млн АҚШ доллары) көрсеткішімен салыстырғанда 1 317 млрд теңгеге (2 858 млн АҚШ доллары) жетті.

Есепті кезеңдегі бас компанияның акционерлеріне тиесілі таза пайда 1 289 млрд теңгені (2 797 млн АҚШ долларын) құрады.

Күрделі шығындар

2022 жылы компанияның күрделі шығындары (есептеу әдісі бойынша, сегменттік есептілікте ашылған) 535 млрд теңгені (1 161 млн. АҚШ) құрап, 2021 жылмен салыстырғанда негізінен мұнай мен газды барлау және өндіру сегментінде 13,4% - ға өсті.

EBITDA

Шоғырландырылған EBITDA көрсеткіші 2021 жылғы 2 015 млрд теңгемен (4 730 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 25,9%ға өсіп, 2 538 млрд теңгеге (5 505 млн АҚШ доллары) жетті

EBITDA түзетілген көрсеткіші 2021 жылғы 1 750 млрд теңгемен (4 108 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 14,8% өсім көрсетіп, 2 009 млрд теңгеге (4 358 млн АҚШ доллары) жетті

ҚМГ-нің тігінен интеграцияланған қызметін ескере отырып, біз төмендегі сегменттердің бөлінуінде EBITDA көрсеткішін талдаймыз. Біз сегменттік ақпаратты ХҚЕС негізінде талдаймыз және ашамыз. Сегменттердің пайдасы кіріс пен таза пайда көрсеткіштері негізінде қарастырылады. ҚМГ компаниялар тобының операциялық сегменттері өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлеріне сәйкес келетін жеке құрылымы мен басқаруына ие, ал барлық сегменттер әртүрлі өнім түрлерін ұсынатын және әртүрлі нарықтарға қызмет көрсететін бизнестің стратегиялық бағыттарынан тұрады. ҚМГ қызметі мынадай операциялық сегменттерді қамтиды: мұнай мен газды барлау және өндіру, мұнайды тасымалдау, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу және өткізу, ҚМГ корпоративтік орталығының қызметі және т.б. (мұнай сервистік және басқа да маңызды емес ұйымдар). Компания корпоративтік орталықтың қызметін бөліп көрсетеді, өйткені ҚМГ бас компанияның функцияларын орындап қана қоймай, операциялық қызметті де жүзеге асырады (алынған мұнай өнімдерін ішкі және экспорттық нарықтарға одан әрі сата отырып, АМӨЗ және ПМХЗ-да шикі мұнайды өңдеу)

2021-2022 жылдары мұнай мен газды барлау мен өндіру сегментіндегі түзетілген EBITDA көрсеткіші.
Сегмент Өлшем бірлігі 2022 2021 Өзгеріс
Мұнай мен газды барлау және өндіру млн теңге 1 843 075 1 449 088 393 987
млн АҚШ долл. 3 999 3401 597
% 73 73 0 б.б.
Мұнай тасымалдау млн теңге 238 237 211 356 26 881
млн АҚШ долл. 517 496 21
% 9 10 -1 б.б.
Шикі мұнайды өңдеу, мұнай өнімдерін өндіру және сату млн теңге 458 194 289 422 168 772
млн АҚШ долл. 994 679 315
% 18 14 4 б.б.
Корпоративтік орталық млн теңге 60 570 71 449 (10 879)
млн АҚШ долл. 131 168 (36)
% 3 3 0 б.б.
Өзгесі млн теңге (39 404) 12 400 (51 804)
млн АҚШ долл. (85) 29 (115)
% -2 1 -3 б.б.
Элиминация млн теңге (23 063) (18 422) (4 641)
млн АҚШ долл. (50) (43) (7)
% -1 -1 0 б.б.
EBITDA млн теңге 2 537 609 2015 293 522 316
млн АҚШ долл. 5 505 4 730 775
2021-2022 жж. EBITDA көрсеткіші, млн АҚШ доллары
Upstream EBITDABrent, кезең ішіндегі орташа бағасы202120225 5054 73070,91101,32
2021-2022 жж. EBITDA түзетілген көрсеткіші, млн АҚШ доллары
EBITDA, түзетілген көрсеткішіBrent, кезең ішіндегі орташа бағасы202120224 3584 10870,91101,32
Сегменттер бойынша 2021 және 2022 жылдардағы EBITDA көрсеткіші, млн АҚШ доллары
202120222 9522 62470,91101,32Upstream EBITDABrent, кезең ішіндегі орташа бағасы

Ақша қаражатының қозғалысы

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2022 2021 Өзгеріс
Операциялық қызметтен түскен таза ақша ағымдары млн теңге 1 567 307 1 209 475 357 832
Инвестициялық қызметте пайдаланылған таза ақша ағымдары млн теңге (2 302 309) (1 084 028) (1 218 281)
Қаржылық қызметте пайдаланылған таза ақша ағымдары млн теңге 287 753 (273 989) (561 742)
Айырбастау бағамдары өзгерісінің ақша қаражаты мен олардың баламаларына ықпалы млн теңге 65 759 26 482 39 277
Болжамды кредиттік шығындарға арналған резервтегі өзгеріс млн теңге 114 (136) 250
Ақша қаражаты мен олардың баламаларындағы таза өзгеріс млн теңге (381 376) (122 196) (259 180)
Ақша қаражаты мен олардың баламаларындағы таза өзгеріс млн АҚШ долл. (827) (287) (541)
Ақша қаражатының қозғалысы, млн. АҚШ доллары
4,3 5,9 %
млрд доллар
шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары

Ақша қаражаттары және олардың баламалары

2022 жылғы 31 желтоқсанда шоғырландырылған ақша қаражаты, ақша қаражатының баламалары, оның ішінде депозит түріндегі ақша қаражаты 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдаймен салыстырғанда 13,5%-ға өсіп, 2 000 млрд теңгеге (4 323 млн АҚШ доллары) жетті. Доллар түрінде осы көрсеткіш те 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы 4 082 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі сомамен салыстырғанда 5,9%-ға артып, 4 323 млн АҚШ долларына жетті. Ақша қаражаты мен олардың баламаларының ұлғаюына 1 567 млрд теңге (3 400 млн АҚШ доллары) сомасына операциялық қызметтен түскен оң таза ақша ағымы әсер етті, бұл ҚМГ

Алынған дивиденд

2022 жылғы 31 желтоқсанда шоғырландырылған ақша қаражаты, ақша қаражатының баламалары, оның ішінде депозит түріндегі ақша қаражаты 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдаймен салыстырғанда 13,5%-ға өсіп, 2 000 млрд теңгеге (4 323 млн АҚШ доллары) жетті. Доллар түрінде осы көрсеткіш те 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы 4 082 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі сомамен салыстырғанда 5,9%-ға артып, 4 323 млн АҚШ долларына жетті. Ақша қаражаты мен олардың баламаларының ұлғаюына 1 567 млрд теңге (3 400 млн АҚШ доллары) сомасына операциялық қызметтен түскен оң таза ақша ағымы әсер етті, бұл ҚМГ Қашаған Б.В. акцияларын сатып алуға және акционерлерге дивиденд төлеу үшін ақша қаражатының жұмсалуымен ішінара реттелді. Шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары доллармен есептегенде 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы 4 082 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 5,9%-ға, яғни 4 323 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды.

Алынған дивиденд, млн АҚШ долл.

Төленген дивиденд

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2022 жылғы 20 маусымдағы шешіміне сәйкес ҚМГ 202 млрд теңге (438 млн. АҚШ долл.), оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Ұлттық Банкіне 200 млрд теңге (448 млн АҚШ доллары) сомасында дивиденд төледі

Қаржы жағдайы туралы есеп
Баптың атауы Өлшем бірлігі 2022 2021 Өзгерісі
Активтер
Негізгі құралдар млн теңге 6 989 837 6 725 910 263 927
Ұзақ мерзімді банк салымдары млн теңге 59 229 56 058 3 171
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компанияларға салынған инвестиция млн теңге 4 947 403 4 145 646 801 757
Өзге ұзақ мерзімді активтер млн теңге 1 518 986 1 462 758 56 228
Қысқа мерзімді банк салымдары млн теңге 1 178 138 562 352 615 786
Ақша қаражаты мен олардың баламалары млн теңге 762 817 1 144 193 (381 376)
Өзге қысқа мерзімді активтер млн теңге 1 193 894 1 759 740 (565 846)
Сатуға арналған деп жіктелген активтер млн теңге 459 795 (336)
Активтер, барлығы млн теңге 16 650 763 15 857 452 793 311
Активтер, барлығы млн АҚШ долл. 35 990 36 724 (734)
Капитал және міндеттемелер
Капитал, барлығы млн теңге 9 873 450 10 016 906 (143 456)
Капитал, барлығы млн АҚШ долл. 21 341 23 198 (1857)
Міндеттемелер
Ұзақ мерзімді қарыздар млн теңге 3 775 891 3 261 347 514 544
Өзге ұзақ мерзімді қарыздар млн теңге 1 398 328 1 145 634 252 694
Қысқа мерзімді қарыздар млн теңге 367 443 484 980 (117 537)
Өзге қысқа мерзімді қарыздар млн теңге 1 235 651 948 585 287 066
Міндеттемелер, барлығы млн теңге 6 777 313 5 840 546 936 767
Міндеттемелер, барлығы млн АҚШ долл. 14 649 13 526 1 123
Капитал мен міндеттемелер, барлығы млн теңге 16 650 763 15 857 452 793 311
Капитал мен міндеттемелер, барлығы млн АҚШ долл. 35 990 36 724 (734)

Қарызды басқару

Компанияның қаржылық міндеттемелері облигациялар мен қарыздардан тұрады. Борыштық портфель негізінен негізі кіріс валютасы – АҚШ долларымен жасақталған. Тиісінше, туынды қаржы құралдарын пайдаланбай валюталық тәуекелді органикалық хеджирлеу әсеріне қол жеткізіледі.

Жалпы қарыз

2022 жылдың 31 желтоқсанында жалпы қарызКепілдік міндеттемелерді есепке алмағанда. 4 143 млрд теңгені (8 956 млн АҚШ доллары) құрап, 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы көрсеткішпен салыстырғанда теңгемен 10,6% өсім көрсетті (доллармен 3,2%-ға өсті). Бұл көрсеткішке ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы үлесті кері сатып алуді қаржыландыру үшін 751,6 млрд теңге мөлшеріндегі жаңа облигацияларды орналастыру әсер етті.

Компанияның борыштық жүктемесіндегі валюталық тәуекелді азайту мақсатында қарызды қайта қаржыландыру бойынша мәміле жүзеге асырылды

2022 жылғы қаңтарда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) сыйақыны қосқанда Эксимбанктен алынған 604 млн АҚШ доллары (259 млрд теңге) мөлшеріндегі қарызды мерзімінен бұрын толық өтеді. Қарызды өтеу үшін 2021 жылдың қарашасында резервке қойылған қаражат пайдаланылды.

2022 жылғы қыркүйекте Компания жылдық 3,0% купон мөлшерлемесімен және 2035 жылы өтеу мерзімімен 752 млрд теңге сомасына облигация орналастырды. Бұл облигацияларды KMG Kashagan B.V. акцияларын сатып алу мәмілесі аясында «Самұрық-Қазына» АҚ толық сатып алды.

2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ алдындағы берешек негізінен 165 млрд теңге сомасына опционды жүзеге асырғаны үшін берешекпен ұсынылған. Бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ алдындағы Қашағандағы үлесін кері сатып алу бойынша опционды жүзеге асырғаны үшін берілген берешекті ескере отырып, компанияның жалпы қарызы 4 308 млрд теңгені (9 312 млн АҚШ долларын) құрады.

4,1 10,6 %
трлн теңге
2022 жылғы 31 жетоқсандағы жалпы қарыз

Таза қарыз

2022 жылғы 31 желтоқсандағы таза қарыз 2 143 млрд теңгеге (4 632 млон АҚШ доллары) жетіп, 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдаймен салыстырғанда теңгемен 8,0%-ға жоғары болды.

2,1 8 %
трлн теңге
2022 жылғы 31 желтоқсандағы таза қарыз
Номинал бойынша қарызды өтеу кестесі, млн АҚШ долл.
20232024202520262 0 2720302033203520472048Облигация0050001 0001 2507 501 6251 2501 500Қарыз3292482482522262600002023202420252026202720302033204520472048ОблигацияҚарыз