Төмен көміртекті дамыту бағдарламасы
Бүгінгі таңда климаттың өзгеруіне қарсы күрес аясында өнеркәсіпті декарбонизациялау әлемдік саяси, инвестициялық және сауда саласының өзекте мәселесіне айналды.
Көміртек ізін азайту жаһандық жылынуға қарсы күресте маңызды фактор болып отыр.
Декарбонизацияның тұрақтылығы мен ұзақ мерзімділігі Париж климаттық келісімінде бекітілген, оның жаһандық мақсаты - климаттың өзгеруінің тежелуін 2100 жылға дейін 1,5 С-тан асырмай ұстап тұру және СО 2 өнеркәсіптік шығарындыларын 2030 жылға қарай 25%-ға, 2050 жылға қарай 70%ға, ал 2070 жылға қарай 100%-ға қысқарту (толық декарбонизация)
Өз кезегінде, Қазақстан Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолында күш-жігерді жандандыру және амбицияларды өсіру жөніндегі халықаралық бастамаларды қолдайды және 2030 жылға қарай парник газдары шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15%-ға қысқарту бойынша ерікті үлес қосты.
2020 жылдың қарашасында Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттық амбициялар жөніндегі саммитте сөз сөйлеп, еліміздің 2060 жылға қарай климаттың өзгеруімен күресуге және көміртек бейтараптығына қол жеткізуге дайын екенін мәлімдеді. Осы мақсатты іске асыру үшін 2060 жылға қарай Қазақстан Республикасының көміртек бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі стратегия әзірленді.
ҚМГ 2022-2031 жылдарға арналған төмен көміртекті дамыту бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама ҚМГ- нің төмен көміртекті дамытудың бірыңғай негізін айқындайды және Компанияның көміртек ізін азайту саласындағы қызметін жүйелейді.
2021 жылғы қарашада бекітілген бағдарламаны іске асыру шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2022 жылдан 2031 жылға дейінгі кезеңге арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) әзірленіп, бекітілді
Жоспар төрт бағыт бойынша парник газдары шығарындыларын азайтуға бағытталған бірқатар іс-шараларды қамтиды: энергия тиімділігі, ЖЭК, метан мониторингі, ұйымдастырушылық іс-шаралар. Осы шараларды іске асыру ҚМГ-нің Төмен көміртекті дамыту бағдарламасында қойылған парник газдары шығарындыларын 2031 жылға қарай 15%-ға төмендету жөніндегі мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді
Жоспардың іс-шараларын іске асыру шеңберінде парник газдары шығарындылары бойынша мониторинг және есептілік бойынша корпоративтік әдістеме (бұдан әрі — Әдістеме) және ішкі көміртек бағасын белгілеу бағдарламасы (бұдан әрі – ІКБ бағдарламасы) әзірленді.
Әдістеме ҚМГ еншілес тәуелді ұйымдарының парник газдарының шығарындыларын түгендеу мен мониторингілеудің негізгі тәсілдерін айқындайды және ҚМГ ЕТҰ парник газдары шығарындыларын есептеу үшін бірыңғай әдіснамалық негізді қамтамасыз етеді. Әдістеме Қазақстан Әдістеме ҚМГ еншілес тәуелді ұйымдарының парник газдарының шығарындыларын түгендеу мен мониторингілеудің негізгі тәсілдерін айқындайды және ҚМГ ЕТҰ парник газдары шығарындыларын есептеу үшін бірыңғай әдіснамалық негізді қамтамасыз етеді.
ІКБ бағдарламасын әзірлеудің негізгі мақсаты – көміртекті реттеуді қатаңдатудан компанияның қаржылық тәуекелдерін бағалау және азайту, сондай-ақ көміртекті көп қажет ететін жобалардан төмен көміртекті жобаларға инвестициялардың бір бөлігін қайта бөлу. Көміртекке ішкі баға белгілеуді енгізу Климаттық реттеудің компания қызметіне әсері бойынша тәуекелдерді басқарудың стратегиялық құралы ретінде және өндірісті жаңғырту және ҚМГ-нің парник газдары шығарындыларын азайту жөніндегі мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу үшін қосымша мүмкіндіктер жасау үшін қаралады.
ІКБ бағдарламасы ІКБ тетіктерін енгізу бойынша негізгі тәсілдер мен бағыттарды, оларды қолданудың әлемдік тәжірибесін, сондай-ақ парник газдарының шығарындыларын басқару жүйесін одан әрі дамыту бағытын қалыптастыру мақсатында ҚМГ-да ІКБ жұмыс істеуі бойынша жалпы ұсыныстарды сипаттайды. Механизмдерді егжей-тегжейлі әзірлеуді және оларды ҚМГ ішкі нормативтік құжаттарына енгізуді 2023 жылы жүзеге асыру болжанып отыр.
2022 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Шеврон» корпорациясы (NYSE: CVX) өзінің «Шеврон Мұнайгаз Инк.» (бұдан әрі — «Шеврон») Қазақстанда көміртегі шығарындыларын азайту саласындағы әлеуетті жобаларды зерделеу үшін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылғанын жариялады.
ҚМГ және «Шеврон» көміртекті тұту, кәдеге жарату және сақтау (CCUS), метанның ағып кетуін басқару, энергия тиімділігін арттыру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін әлеуетті мүмкіндіктерді зерделеуді жоспарлап отыр
ҚМГ мен «Шеврон» арасында орнаған ынтымақтастық – 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін Қазақстанның мақсаттарын қолдау жөніндегі екі компанияның күш-жігерінің бір бөлігі.
2022 жылғы маусымда ҚМГ және Еуропалық қайта құру және даму банкі (бұдан әрі — ЕҚДБ) декарбонизация саласындағы стратегиялық ынтымақтастыққа қатысты өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды
Ынтымақтастықтың мақсаты – бекітілген ҚМГ төмен көміртекті дамыту бағдарламасын іске асыру және оның тиімділігін арттыру шеңберінде көміртегі ізін азайту бойынша ҚМГ-ға қолдау көрсету.
Тараптардың күш-жігері TCFD ұсынымдарына сәйкес есептілікті қалыптастыру саласындағы ҚМГ әлеуетін арттыруға, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыру, жаңартылатын энергетиканы дамыту, төмен көміртекті сутегі бойынша пилоттық жобаларды іске асыру және көмірқышқыл газын тұту және сақтау технологияларын қолдану саласындағы төмен көміртекті жобаларды қаржыландыру әлеуеті мен мүмкіндіктерін талдауға бағытталатын болады.
Мақсатты көрсеткіштер
2022 жылдың қорытындысы бойынша төмен көміртекті даму жоспа- рының 49 іс-шарасы орындалды, отын-энергетикалық ресур- стардың есептік жылдық үнемделуі 1,504 млн ГДж құрады, оның ішінде: 33 448 мың кВт электр энергиясы, 1 531 Гкал жылу энер- гиясы, 25 292 тн қазандық-пеш отыны және 7 570 мың м3 табиғи газ, бұл шығарындыларды 106 965 тонна СО2 азайтумен тең.
TCFD есептілігін енгізу туралы ниет білдіру
- ҚМГ климаттық тәуекелдерді бағалауға және олардың компания қызметіне қаржылық ықпалына назар аудара отырып, TCFD қағидаттарына сәйкес климаттың өзгеруіне байланысты қаржылық ашу бойынша есептілікті енгізу ниеті туралы ресми түрде мәлімдеді.
- Бастапқы ақпаратты дайындау мақсатында ҚМГ ЕҚДБ-мен бірлесіп көміртексіздендіру саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, оның аясында ЕҚДБ ҚМГ-ға өзінің алғашқы TCFD есебін әзірлеуге көмектеседі.