ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

Крис Уолтон

Жалпы біз ҚМГ-нің әлеуетін ашқан 2022 жылдың нәтижелерін мақтанышпен айтамыз. Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиевке және Компания Басқармасына нәтижелі еңбектері үшін алғысымды білдіремін. Қол жеткізген нәтижелері болашақта одан да жоғары жетістіктердің іргетасы болады деп сенеміз

ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР МЕН МЫРЗАЛАР!

2022 жыл ҚМГ қызметі маңызды әрі түрлі оқиғаларға толы жыл болды деп айтуға болады. Оның үстіне жаһандық турбуленттілік күшейе түсті. 2021 жылдың өзінде біз өзгеру кезеңі пісіп-жетіліп келе жатқанын және компанияның жаңа жаһандық шынайы өзгерістерге тиімді бейімделу қажеттігін түсіндік.

Компанияның әлеуеті жаһандық қажеттіліктер мен мүмкіндіктерге дер кезінде бейімделе отырып, компания ретіндегі және Қазақстанның өңірдегі маңызды ойыншысы ретіндегі бәсекелестік артықшылықтарын тиімді пайдалану арқылы жүзеге асырылатын болады.

Компанияның өзін тиімді басқаруы басым рөл атқарады және ол табысқа апатын жолдардың бірі деп пайымдаймыз. ҚМГ өзінің эволюциялық дамуында 2022 жылы корпоративтік басқарудың жаңа деңгейіне шықты. Компания өз акцияларын қор нарығына жария орналастыруды жүзеге асырды және бұл KASE және AIX қазақстандық қор биржаларындағы ең ірі IPO болып саналды. 2022 жылдың 8 желтоқсанында биржаларда ҚМГ акцияларының қайталама сауда-саттығы басталды. Жариялы компанияның мәртебесі ашық бизнесті жүргізумен қатар барлық стейкхолдердің, соның ішінде миноритарлық акционерлердің мүдделері ескерілген кезде компанияның тұрақты дамуына серпін береді. Біз өткізілген ҚМГ IPO-сы қазіргі заманғы жаһандық компаниялардың жоғары стандарттарына сәйкес қызметін жүзеге асыратын мықты компанияның қалыптасуына қосқан үлесін едәуір ұлғайтатынына сенімдіміз.

ҚМГ даму стратегиясына сәйкес тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясының қызметін сақтай отырып, құн тізбегінің өндірістік тиімділігін қамтамасыз етіп, мұнай өндірудегі өз үлесін ұлғайтуды күшейтуде. Осы стратегиялық міндетті іске асыру аясында «Самұрық-Қазына» АҚ-тан Қашаған мега жобасындағы 8,44% үлесті 3,8 млрд АҚШ долларына сатып алды. Бұл мәміле ҚМГ үшін соңғы жылдардағы ең ірі мәмілелердің бірі болды. Қашаған жобасындағы ҚМГ үлесін 16,88% дейін арттыру нәтижесінде компанияның 2P қорларының қорытынды деңгейі 9,8%ға артып, 707 млн тонна м.э. (5,5 млрд баррелль м.э.) жетті. Мәмілені инвестициялық қауымдастық пен барлық кредиттік рейтинг агенттіктері оң бағалады.

ҚМГ өнімдер портфелін кеңейту жөніндегі стратегиялық міндет аясындағы дамудың тағы бір бағыты ретінде мұнай-газ химия саласын кеңейтуді қолға алды. Бұл бағытта қазірдің өзінде айтарлықтай жетістіктер бар. 2022 жылдың қараша айында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС аумағында ауқымды біріктірілген газ-химия кешені іске қосылды. Бұл жобадағы ҚМГ сатып алған үлесі есепті жылы 49,5% құрады. Қазіргі кезде ҚМГ жылдық қуаты 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін басқа ірі мұнай-газ-химия жобасын іске асыру мүмкіндігін қарастыруда.

Компанияның теңгерімді дамуының тағы бір маңызды аспектісі ҚМГ-нің тұрақты даму саласындағы жетістіктері деп айтар едім. 2022 жылғы желтоқсанда «Sustainalytics» рейтингтік агенттігі ҚМГ ESG тәуекелдерін басқаруды 28,4 балл деңгейінде бағалады. Бұл ESG факторлары тарапынан орташа тәуекелге ұшырады, бірақ бұл газ-мұнай саласындағы компаниялар үшін төмен деңгей болып саналады. Бұл ретте ҚМГ өңірлердегі жергілікті қоғамдастықтармен өзара тиімді жұмыс жүргізгені, салық төлемдерінің ашықтығы, сондай-ақ қоршаған ортаны және биоәртүрлілікті сақтауға бейілділігі үшін жоғары бағаға ие болды. Сонымен қатар сарапшылар есепте ҚМГ компаниялар тобындағы корпоративтік басқаруды жоғары бағалады және оның бизнес-этиканың жоғары стандарттарын ұстанатынын атап өтті.

Крис Уолтон
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ директорлар кеңесінің төрағасы