БҰҰ ЖАҺАНДЫҚ ШАРТЫНЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫН ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ 17 БАСТЫ МАҚСАТЫН ҰСТАНУ

БҰҰ-ның жаһандық компакт логотипі

ҚМГ-нің Тұрақты даму мәселелеріне деген көзқарасы Компанияның мүдделері мен жоспарларының БҰҰ-ның негізгі қағидаттарымен, жалпы адамзаттық құндылықтармен, жаһандық үрдістермен және Қазақстанның даму басымдықтарымен сәйкестігіне негізделген.

ҚМГ БҰҰ Жаһандық шартының барлық 10 қағидатын ұстанады.

  • №1-қағидат: Іскерлік орта Халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қолдап, құрметтеуі тиіс.
  • №2-қағидат: Іскерлік орта адам құқықтарының бұзылуына қатыспауы тиіс
  • №3-қағидат: Іскерлік орта адам құқықтарының бұзылуына қатыспауы тиіс
  • №4-қағидат: Іскерлік орта мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық нысандарын жоюды қолдауы тиіс
  • №5-қағидат: Іскерлік орта балалар еңбегін толығымен жоюды қолдауға міндетті.
  • №6-қағидат: Іскерлік орта еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды қолдауы тиіс.
  • №7-қағидат: Іскерлік орта сақтық қағидатына негізделген экологиялық мәселелерге көзқарасты сақтауы тиіс.
  • №8-қағидат: Іскерлік орта қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдауы тиіс.
  • №9-қағидат: Іскерлік орта экологиялық қауіпсіз технологиялардың дамуы мен таралуына жәрдемдесуі қажет.
  • №10-қағидат: Іскерлік орта сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына, соның ішінде бопсалау мен парақорлыққа қарсы тұруы тиіс.

SDG логотипі

Компания БҰҰ-ның барлық 17 тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) ұстанады.

Компания үшін стратегиялық мақсаттар мен басым міндеттерді назарға ала отырып, ҚМГ БҰҰ-ның алты басымдықты ТДМ мен 14 міндетіне қол жеткізудегі өзінің үлесі туралы ақпаратты жария етеді

Мақсаттар мен міндеттер ҚМГ-да жүзеге асырылатын стратегиялық және бизнес бастамаларына сәйкес келеді.


Компанияда тұрақты даму мақсаттарының іске асырылуы

Тұрақты даму мақсаттары Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамдардың әл-ауқатына ықпал ету
Басым міндеттер ҚМГ үлесі
3.6. 2020 жылға қарай дүниежүзі бойынша жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын адам өлімі мен жарақат алу санын екі есе азайту

Сапарларды басқару жобасы

Көлік қауіпсіздігінің деңгейін арттыру, қауіпсіз жүргізу мәдениетін және бірыңғай орталықтандырылған цифрлық платформаны құру мақсатында «Сапарларды басқару» пилоттық жобаны ҚМГ-нің басқа еншілес және тәуелді ұйымдарына тарату жоспарланып отыр.

Алдағы уақытта жасалатын қадамдар:

  • ЕТҰ-да автоматтандыру деңгейі, GPS-трекерлермен қамтылуы ескеріліп, процестердің жетілуін диагностикалау
  • әрбір ЕТҰ үшін көлікті басқару процестерін дамытудың жеке бағдарлама әзірлеу;
  • қозғалыс қауіпсіздігіне ден қоя отырып, көлікті басқару жүйесін кезең-кезеңімен енгізу.

Нәтижесі

«Ембімұнайгаз» АҚ-та «Сапарларды басқару» көлік құралдарын автоматты түрде мониторингілеу жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асыру аяқталды:

  • жылдамдық режимі бойынша бұзушылық саны 62 %-ға қысқарды
  • ЕМГ өндірістік құрылымдық бөлімшелердің жолдарында жылдамдық режимін шектейтін 591 жол белгісі қойылды/жаңартылды;
  • жүргізу мәнері және тіркелген бұзушылықтарды балл бойынша бағалау негізінде жүр гізушілердің рейтингі енгізілді;
  • кәсіптік және қара жолдардың өзекті электрондық картасы және ЕМГ кен орындары объек тілерінің координаттары жасақталды;
  • жаңа функционал енгізілді (жол парақтары, маршруттан ауытқу, онлайн хабарламалар)
3.8. Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту, соның ішінде сапалы негізгі медициналық-санитариялық қызметтерге қолжетімділік және қауіпсіз, тиімді, сапалы және арзан негізгі дәрілік заттар мен вакциналарға қолжетімділік

Персонал денсаулығын басқару

Компанияда персоналдың денсаулығын басқару бағдарламасы әзірленеді. Бағдарламаның негізгі бағыттары:

  • кәсіби аурулардың алдын алу;
  • өндірістік объектілерде жұмыс істейтін қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетудің және медициналық көмек көрсетудің минималды стандарттарын әзірлеу;
  • ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерінің денсаулығына жүйелі мониторинг жүргізу;
  • медициналық көмектің сапасын арттыру және қызметкерлерді салауатты өмір салтына ынталандыру.

Денсаулықты медициналық сақтандыру

Қызметкерлерді медициналық тексеруден өткізу, екпе егу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.

«Сауықтыруға 10 қадам» бастамасы

ҚМГ қызметкерлерінің денсаулығы мен әл-ауқаты еңбек өнімділігі, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығы туралы сөз болғанда маңызы бар басымдықққа ие. Бағдарлама ең алдымен физикалық белсенділікті арттыруға және зиянды тамақтану әдеттерін жоюға бағытталған және жұмысшылардың денсаулығына байланысты нәтижелерді жақсартуда тиімді

Нәтижесі

ҚМГ қызметкерлерінің 100%-ы медициналық сақтандыру бағдарламасымен қамтылған

3.9. 2030 жылға қарай қауіпті химиялық заттардың, ауаның, судың және топырақтың ластануы мен улануының салдарынан өлім мен аурудың санын едәуір қысқарту

Қорғау картасы

Қауіпті жағдайды/қауіпті әрекетті/қауіпті әрекетті/қауіпті анықтау және хабарлау бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Тұрақты даму мақсаттары Қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, өндірістегі энергия тиімділігін арттыру және қолжетімді таза энергия үлесін ұлғайту
Басым міндеттер ҚМГ үлесі
7.1. Қымбат емес, сенімді және заманауи энергиямен жабдықтауға жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету

ҚМГ компаниялар тобының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары - технологиялық жабдықты жаңғырту, энергия үнемдеу технологияларын енгізу, жылу энергиясын өндіру мен тұтынуды оңтайландыру, сондай-ақ жеке генерациялау көздерін, оның ішінде ЖЭК пайдалана отырып дамыту

2031 жылға дейінгі Төмен көміртекті дамыту бағдарламасы бекітілді, қызметтің басым бағыттары айқындалды:

Энергия тиімділігін арттыру үшін:

  • ең жақсы қолжетімді технологияларды енгізу;
  • қазан және пеш жабдығын жаңғырту;
  • жылу энергиясын тұтынатын технологиялық қондырғыларды жаңғырту;
  • механикалық қорды жаңғырту;
  • ЖРЖ енгізе отырып, механикалық қор мен сорғы жабдықтарын оңтайландыруға бағытталған басқару бағдарламаларын іске асыру;
  • негізгі және қосалқы жабдықты жылумен оқшаулау;
  • көлік техникасын оңтайландыру;
  • отын-энергетикалық ресурстарды есептеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу;
  • энергия менеджменті қызметтерін құру
7.b. Заманауи және тұрақты энергиямен жабдықтау үшін инфрақұрылымды кеңейту және технологияларды жаңғырту

ЖЭК жобаларын дамыту үшін:

  • Total Eren компаниясымен бірге 1 ГВт ЖЭС;
  • Eni бар 120 МВт гибридті электр станциясы;
  • Eni компаниясымен бірге Астана қаласындағы 50 МВт ЖЭС;
  • ЕТҰ-да жиынтықты қуаты 6,9 МВт шағын қуатты КЭС;
  • ЖЭК генерациясы көздерінен алынатын электр энергиясын тұтынуды растау үшін I-REC халықаралық стандарты бойынша жасыл сертификаттарды сатып алу.

Нәтижесі

2022 жылдың 31 мамырында Төмен көміртекті дамытудың 2031 жылға дейін бағдарламасын іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспары бекітілді.

541 029 ш.о. тоннасы мөлшерінде энергия тиімділігін арттыру әлеуетін іске асыру, ол төмендегілердің есебінен болады:

  • электр энергиясының 426 421мың кВт•сағ, 292 541 Гкал жылу энергиясын, отын ресурстарының 439 246 ш.о. тоннасын үнемдеу;
  • ЕТҰ-дағы шағын қуатты жеке ЖЭК-тен жасыл электр энергиясын кемінде 60 978 мың кВт•сағ шығаруды қамтамасыз ету.
    • 15% – ҚМГ электр энергиясын тұтыну балансындағы ЖЭК үлесі.
    • Кемінде 300 МВт жаңартылатын энергия жобаларын іске асыру.
    • Барлық ЕТҰ-ны энергия менеджменті қызметтерімен толық қамту.
Тұрақты даму мақсаттары Тұрақты, жан-жақты және тұрақты экономикалық өсуге, толық және өнімді жұмыспен қамтуға және барлығына лайықты жұмыс істеуге жәрдемдесу
Басым міндеттер ҚМГ үлесі
8.5. Барлық әйелдер мен ерлер, оның ішінде жастар мен мүгедектер үшін толық және өнімді жұмыспен қамтуды және лайықты жұмысты және құндылығы бірдей еңбек еткені үшін тең ақы төлеуді қамтамасыз ету

Нәтижесі

ҚМГ 44 мың адамды жұмыспен қамтып отыр, соның ішінде ерлер 82 % және әйелдер үлесі 18 %

8.6. Жұмыс істемейтін, оқымайтын және кәсіби дағдыларды үйренбейтін жастардың үлесін едәуір қысқарту

«Жас маман» бағдарламасы — АМӨЗ бен ПМХЗ-да жас мамандарды тарту және дамыту бағдарламасы.

Дуалды оқыту — оқуды, тағылымдаманы, әрі қарай ҚМГ компаниялар тобына жұмысқа орналасуды қамтитын бағдарлама.

Нәтижесі

Өндірісте жас мамандарды дамыту және тарту бағдарламасы бойынша 2019 жылдан 2021 жылға дейін АМӨЗ-де 23 адам оқиды және жұмыс істейді, оның 9-ы жұмысқа орналастырылды, ПМХЗ-да-14 адам, оның 10-ы жұмысқа орналастырылды.

Дуалды оқыту бағдарламасы бойынша 2019-2021 жылдар аралығында ЕМГ-де осы бағдарлама бойынша оқитын 114 адамнан 2 адам жұмысқа орналастырылды; АМӨЗ-де 56 адамнан 7 адам жұмысқа орналастырылды, ПМХЗ-да 57 адамнан 41 адам жұмысқа орналастырылды.

8.8. Еңбек құқықтарын қорғау және барлық еңбекшілер үшін сенімді және қауіпсіз жұмыс жағдайларын жасау

Әлеуметтік қолдау көрсетудің үлгілік қағидалары

ҚМГ ЕТҰ-ның қызметкерлерін әлеуметтік қолдау олардың ұжымдық шарттарында және әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларында белгіленеді. ҚМГ компаниялар тобының барлық кәсіпорындары бойынша әлеуметтік қолдаудың түрлері мен нормаларын біріздендіру мақсатында, ҚМГ ЕТҰ-ның қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің үлгілік қағидалары қабылданды

Тұрақты даму мақсаттары Тұрақты инфрақұрылым құру, тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу
Басым міндеттер ҚМГ үлесі
9.1. Экономикалық даму мен адамдардың әл-ауқатын қолдау мақсатында өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылымды қоса алғанда, сапалы, сенімді, тұрақты және орнықты инфрақұрылымды дамыту

ҚМГ цифрлық трансформациялау бағдарламасы ғылыми зерттеулерді кеңейтуге, өнер кәсіптік секторлардың технологиялық мүмкіндіктерін жетілдіруге ықпал етеді. ҚМГ ғылыми зерттеулерге және осы саладағы жергілікті әлеуетті арттыруға қомақты қаражат инвестици ялайды. Өнеркәсіптік әртараптандыруды қамтамасыз ету үшін отандық технологиялық қуат тарды дамыту елдегі климаттық жағдайға да оң әсер етеді

«ABAI ақпараттық жүйесін әзірлеу» жобасы

ҚМГ тобының барлық өндірістік ақпаратын Big Data платформасындағы бірыңғай дерекқорда орталықтандыруды, сондай-ақ жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолдана отырып, оны өңдеуді және талдауды көздейді.

ABAI ақпараттық жүйесі - 17 автономды модульден тұрады, олардың әрқайсысы нақты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған

Нәтижесі

ABAI 5 пилоттық модулі әзірленді

  • «Деректер базасы»;
  • «Визуализация орталығы»;
  • «Қиындықтарды мониторингілеу»;
  • «Технологиялық режим»;
  • «Терең сорғы жабдықтарын таңдау».

Қол жеткізілген жетістіктер:

  • «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де барынша тиімді технологиялық режим есебінен қосымша өндіру көлемі алынды;
  • «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-та терең сорғы жабдықтардан бас тартуының төмендеуі есебінен ұңғымаларды жерасты жөндеу саны азайды;
  • «Өзенмұнайгаз» АҚ-та тотығудың нақты жылдамдығы ескеріліп, химиялық реагенттердің нақты мөлшері жоғарылады»;
  • есеп берудің 12 түрін автоматтандырылды (мұнай өндіруді өлшеу, ұңғымалар бойынша өндіру көрсеткіштерінің динамикасы және т.б.).
9.4. Инфрақұрылымды жаңғырту және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мен таза және экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процестерді анағұрлым кеңінен қолдану есебінен өнеркәсіптік кәсіпорындарды қайта жабдықтау

2022 жылдың 31 мамырында Төмен көміртекті дамытудың 2031 жылға дейін бағдарламасы бекітілді, энергия тиімділікті арттыру бойынша қызметтің басым бағыттары айқындалды:

  • энергия менеджментін оңтайландыру және энергия менеджменті қызметтерін құру;
  • отын-энергетикалық ресурстарды есепке алу және басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу;
  • нақты ЕТҰ-ның активтерінде серпінді жобалардың қолданылуын анықтау;
  • озық қолжетімді технологияларды енгізу;
  • механикалық қорды жаңғырту, көлік техникасының құрамын оңтайландыру және жаңғырту.

Нәтижесі

2031 жыл:

  • барлық ЕТҰ-ны энергия менеджментінің қызметтерімен толығымен қамту;
  • энергия сыйымдылығын 2019 жылдың деңгейінен 10%-ға төмендету
Тұрақты даму мақсаттары Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау
Басым міндеттер ҚМГ үлесі
13.2. Климаттың өзгеруіне ден қою шараларын саясатқа, стратегияларға және жоспарлауға енгізу

Парник газдары шығарындыларын саны бойынша бағалаудың корпоративтік әдістемесі

Парник газдары шығарындылары бойынша түгендеу, мониторинг жүргізу және есептілікті тапсыру кезіндегі тәсілдерді стандарттау және парник газдары шығарындыларын есептеу үшін бірыңғай әдіснамалық негізді қамтамасыз ету үшін парник газдары шығарындыларын мониторингілеу мен түгендеудің корпоративтік әдістемесі әзірленді және бекітілді.

Төмен көміртекті дамыту

Төмен көміртекті даму департаменті құрылды.

Жасыл кеңсе

Корпоративтік жасыл бағыт белсенді дамып келеді және қалдықтарды бөлек жинауды енгізу, кеңсе үй-жайларында су мен энергияны үнемдеу және т. б. сияқты жасыл кеңсе принциптері кезең-кезеңімен енгізілуде.

Нәтижесі

2022 жылдан 2031 жылға дейінгі кезеңге арналған Төмен көміртекті дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.

ҚМГ парниктік газдарды азайту әлеуеті 2 893 460 тонна СО2 құрайды, оның ішінде тікелей шығарындылар 2 189 483 тонна СО2 және жанама эмиссиялар 703 977 тонна CO2-экв., бұл 2019 жылғы шығарындылар деңгейінің 27%-ын құрайды.

«КМГ Инжиниринг» ЖШС базасында «Сутегі энергиясы» құзыретті орталығы құрылды.

Көмірқышқыл газын ұстау және сақтау бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде және таусылған мұнай қабаттарының мұнай бергіштігін арттыру үшін СО2 айдау әлеуетін анықтау үшін СО2 шығарындыларының көздерін скринингтік тексеру жүргізілді, қазіргі уақытта кен орындарын скринингтік тексеру жүргізілуде. CO2 айдау үшін қолайлы резервуарды таңдау жүргізілуде

13.3. Оқу-ағарту, ақпаратты таратуды және адамдар мен мекемелердің климаттың өзгеру күшін жұмсарту және салдарын әлсірету, оларға бейімделу және ерте алдын алу бойынша мүмкіндіктерін жақсарту

Ішкі көміртегі бағасын белгілеу тұжырымдамасы

ЕТҰ парник газдары шығарындыларын азайту үшін қосымша ынталандыру жасау, сондай-ақ көміртекті реттеудің қаржы-экономикалық көрсеткіштерге әсерін жан-жақты есепке алу мақ сатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі көміртекті бағасын белгілеу бағдарламасы әзірленіп, бекітілді.

CDP

Компания көміртегі ізін есептейді және климаттық сауалнаманы CDP алаңына орналастырады (бұрын— Carbon Disclosure Project)

Task Force on Climate-related Financial Disclosures (TCFD)

ҚМГ ЕҚДБ-мен компанияның климаттық тәуекелдерге тұрақтылығына талдау жүргізуге және TCFD ұсынымдарына сәйкес ақпаратты жария ету бойынша есеп дайындауға қатысты келісімге қол қойды.

Тұрақты даму мақсаттары Құрлықтың экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды ұтымды басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу процесін тоқтату және кері қайтару және биологиялық әртүрлілікті жоғалту процесін тоқтату.
Басым міндеттер ҚМГ үлесі
15.3. Шөлейттенуге қарсы күрес жүргізу, шөлейттену, құрғақшылық және су тасқыны әсер еткен жерлерді қоса алғанда, тозған жерлер мен топырақты қалпына келтіру және бүкіл әлемде жердің жағдайын нашарлатпауға ұмтылу

ҚМГ ластаушы заттардың төгінділерін азайтуға және табиғи көздерден су алуды азайтуға бағытталған мынадай жобалар мен іс-шараларды іске асыруда

CDP

Компания су ізін есептейді және CDP сайтында су қауіпсіздігі сауалнамасын орналастырады.

TAZALYQ

АМӨЗ Атыраудың қоршаған ортасы жағдайын жақсартуға бағытталған TAZALYQ ауқымды экологиялық жобасын белсенді түрде жүзеге асыруда.

Тұщыландыру зауыттарын салу

Қабаттық суды тұщыландыру зауыты Маңғыстау облысын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешудегі бірегей жоба. Зауыт өңірді дамыту үшін жылына кем дегенде 6,2 млн. м3 көлемінде Еділ суының көлемін босатады.

Маңғыстау облысының «Кендірлі» демалыс аймағы ауданындағы тұщыландыру зауыты Болжамды қуаты тәулігіне 50 мың м3 суды құрайды.

Жерді қалпына келтіру

Компанияда бұрыннан жиналған мұнай қалдықтарын жою және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесі

TAZALYQ: Жайық өзенінен су алуды 10%-ға төмендету, зауытта тазартылған зауыт ағындарын қайта пайдалану – 15%. 2022 жылы 1-ші және 2-ші секцияларда ағын сулары болған булану алқаптары кептірілді.

2024 жыл: Компанияның бұрыннан жиналған мұнай қалдықтарын толық жою, 2019-2022 жылдары 2,1 млн тонна мұнай қалдықтары тазартылды.

15.5. Табиғи мекендеу ортасының деградациясын тежеу жөнінде маңызды шараларды дереу қабылдау, биологиялық әртүрліліктің жоғалуын тоқтату және жойылу қаупі бар түрлердің сақталуын және жойылуын болдырмауды қамтамасыз ету

Орман-климаттық жобалар

ҚМГ-нің 2031 жылға дейінгі төмен көміртекті дамыту бағдарламасының шеңберінде құрлық экожүйелерін сақтауға қолайлы әсер ететін орман-климаттық жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Биоәртүрлілікке әсер ету салдарын жұмсарту жөніндегі шаралар иерархиясы

Компанияда өндірістік қызметті жоспарлау және жүзеге асыру кезінде негізгі төрт іс-әрекетті ескере отырып, биоәртүрлілікке әсер ету салдарын жұмсарту жөніндегі шаралар иерархиясы қолданылады: әлеуетті елеулі тікелей әсер етудің алдын алу, азайту, қалпына келтіру және орнын толтыру

Нәтижесі

2031 жыл: 2 мың га алаңда орман-климаттық жобаларды іске асыру

ҚМГ жыл сайын GRI халықаралық стандарттарына сәйкес тұрақты даму туралы есеп шығарады. 2022 жылға арналған есепті Компанияның веб-сайтынан оқи аласыз.


Сондай-ақ Компанияның тұрақты дамуы туралы жыл сайынғы есебі БҰҰ Жаһандық шартының шеңберіндегі прогресс туралы хабар- ламасы ретінде ұсынылған.