ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ

ҚМГ қызметін жүзеге асыратын өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуда. Компания жергілікті басқару органдарымен белсенді өзара іс-қимыл жасайды және негізгі мүдделі тараптармен тұрақты диалогты қолдайды, жас білікті мамандарды дамытуда және даярлауда белсенді жұмыс жүргізеді, ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетеді, оффтейк-шарттарға қол қою арқылы отандық өндірушілерді қолдауға ұмтылады. ҚМГ кәсіпорындары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және кешенді даму жоспары шеңберінде әлеуметтік маңызы бар объектілерді, спорт кешендерінің құрылысын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және т. б. қаржыландыруды жүзеге асырады

ҚМГ еншілес ұйымдарының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарында өндірістік қатысу өңірлерін дамытуға және халықтың мұқтаж топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге айтарлықтай ақша қаражатын бөлу көзделген, сондай-ақ облыстардың әкімдіктерімен жасалған келісімдер мен меморандумдар негізінде ҚМГ ЕТҰ қаражатты жергілікті қоғамдастықтардың қажеттіліктерін негізге ала отырып, қаражатты бөлетін жергілікті атқарушы органдарға аударады. Сонымен қатар, ҚМГ Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, өз міндеттемелерін уақытылы орындайды. 2022 жылы ҚМГ тобы бойынша осы мақсаттарға 12 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, оның ішінде, Атырау және Маңғыстау облыстарын дамытуға салымның негізгі үлесі «Қашаған Б.В.» ЖШЖК компаниясына тиесілі, ол 2022 жылдан бастап ҚМГнің 100% еншілес кәсіпорны. Атап айтқанда:

  • «Өзенмұнайгаз» АҚ Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға 1 700 млн теңге бөлді.
  • «Ембімұнайгаз» АҚ Жылыой ауданы Құлсары қаласында және Атырау қаласында мектеп салуға 831 млн теңге бөлді.
  • «Қазгермұнай» БК» ЖШС Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына 149 млн теңге көлемінде қаражат бөлді.
  • «Қаражанбасмұнай» АҚ Маңғыстау облысының әкімдігімен жасалған келісім негізінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына 480 млн теңге аударды
  • Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС – 169 млн теңге, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС 46 млн теңге бөлді, бұдан басқа, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС келісімшартты орындау үшін Маңғыстау облысының әкімдігіне 44 млн теңге аударды.

«Қашаған Б.В.» ЖШЖК компаниясының қаражатына есепті кезеңде 8 млрд теңгеден астам сомаға әлеуметтік жобалар аяқталды – шағын аудандарды абаттандыру, Ақтау қаласында 500 орындық студенттік жатақхана салу, Атырау облысының Құлсары қаласында үш қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй салу. Сондай-ақ, 2022 жылы Береке шағын ауданында 50 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу, Атырау қаласының Өрлеу тұрғын алабында (Тасқала-2 ауылы) 160 орындық балабақша салу, Қызылқоға ауданы Миялы ауылында үш қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй салу, Махамбет ауданы Махамбет ауылында үш қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, Атырау облысы Аққыстау ауылында 3 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы сияқты жобалар басталды, Ақтау қаласында 2021 жылы басталған «Оқушылар сарайы» мекемесінің құрылысы жалғасуда.

Көрсеткіш 2020 2021 2022
Жергілікті атқарушы органдарға аударылған қаражат (жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттар) 4,5 8 Бұл жергілікті атқарушы органдарға 5 млрд теңге көлемінде аударылған қаражатты және Жаңаөзен қаласының кешенді даму жоспары бойынша 3 млрд теңге мөлшерінде бөлінген қаражатты қосқандағы сома 11,7 Атырау және Маңғыстау облыстарын дамытуға салымның негізгі үлесі 2022 жылдың 15 қыркүйегінен бастап ҚМГ-нің 100% еншілес кәсіпорнына айналған Қашаған Б В компаниясына тиесілі

Демеушілік және қайырымдылық

Компанияның қайырымдылық және демеушілік қызметін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы болып табылатын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.

Samruk-Kazyna Trust қайырымдылық қызметі адамдарға, әлеуметтік және медициналық сектордағы қоғамдастықтарға көмек көрсетуге, медиа және мәдени қоғамдастықты дамытуға, адам әлеуетін дамытуға, еңбек қатынастарын, ұлтаралық қатынастарды нығайтуға, қоғамның орнықты дамуына инвестиция салуға, өңірлік бизнес-бастамаларды қолдауға бағытталған.

2022 жылғы бюджеттен жасақталған жобалар портфелінде жалпы сомасы 10,4 млрд теңге болатын 43 жоба бар, оның ішінде төрт жоба ҚМГ қажеттіліктерін ескере отырып іске асырылды/іске асырылуда:

  • «Жарылқау» ҚҚ – «Жаңаөзен қаласының жалпы білім беретін мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту» жобасы 168,9 млн.теңге сомасында;
  • «IQanat білім беру қоры» ҚҚ – 253 млн теңге сомасына «IQanat-Жарқын болашақ» жобасы;
  • «Білім қоры» ҚҚ – «Жарқын болашақ» жобасы 292,5 млн.теңге;
  • «Объектілерді салу жөніндегі компания» КҚ – «Жаңаөзен қаласы мен Жетібай кентінде спорт алаңдарын салу» жобасы 1,01 млрд теңге сомасы

2022 жылы Қор басқармасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына кіретін ұйымдардың қайырымдылық көмекті (қайырымдылық жобасын) жоспарлау, қарау және алдын ала мақұлдау қағидаларын бекітті, олардың негізінде ҚМГ және оның еншілес кәсіпорындары үшін қайырымдылыққа белгілі бір шектеу белгіленеді. ҚМГ соның негізінде 2023 жылы ҚМГ қайырымдылық саясатын қабылдауды жоспарлап отыр.

2022 жылы Қордың директорлар кеңесінің шешімімен «Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық бағдарламасына келесі компаниялардың қаржы есебінен әлеуметтік жобалар енгізілді:

  • «Өзенмұнайгаз» АҚ – Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 8 224 545 мың теңгеге болжам бойынша сыйымдылығы бір ауысымда 500 орындық Оқушылар сарайын салу;
  • «Ембімұнайгаз» АҚ - 1) Атырау облысының Жылыой ауданында 591 832 863 теңгеге 150 мүмкіндігі шектеулі балаға арналған түзету кабинеті ғимаратының құрылысы; 2) Атырау облысы Исатай ауданының Доссор және Мақат, Қызылқоға ауданы Мұқыр, Аққыстау кенттерінде жалпы сомасы 706 228 840 теңгеден аспайтын төрт көпфункционалды спорт алаңының құрылысы.

Сондай-ақ, ҚМГ еншілес кәсіпорындары Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары және Астана қаласы өңірлерінің жергілікті қоғамдастықтарына 2,5 мдрд теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетті.

Студенттермен және жас мамандармен жұмыс

ҚМГ компаниялар тобы студенттермен және жас мамандармен жұмыс істеуге көңіл бөледі. Саланың даму үрдісі мен заманауи технологиялық талаптарды ескере отырып, өндірістік объектілер бар өңірлерде оқу орындарымен жұмыс белсенді жүргізілуде.

Осылайша, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС компаниялары базасында, сондай-ақ Ақтау қаласындағы «Қаражанбасмұнай» АҚ кәсіпорнында дуальды оқыту бағдарламасы тұрақты негізде іске асырылуда. 2022 жылы осы бағдарламаның 26 түлегі ҚМГ өндірістік нысандарына жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетімен бірлесіп, одан әрі жұмысқа орналасу үшін кіші мамандықтар бойынша жас мамандарды даярлау бағдарламасын белсенді іске асыруда. Бағдарлама шеңберінде қазіргі уақытта «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС базасында осы ЖОО-ның 10 студенті тереңдетілген оқу бағдарламасын өтіп, білім алып жатыр, сондай-ақ тәжірибеден өтіп жатыр

Бұдан басқа, 2022 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-пен бірлесіп әлеуметтік, еңбек және экономикалық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ орнықты даму саласындағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, атап айтқанда Маңғыстау облысындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігіне байланысты Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің базасында Маңғыстау облысының жұмыссыз азаматтары қатарынан жас мамандарды даярлау жөніндегі бірегей жобаны іске асырды. Жұмыссыз азаматтарды одан әрі жұмысқа орналастыруға дайындау үшін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ базасында «Интенсивті білім беру» бағдарламасы дайындалды, бұл оларға жұмысқа орналасу және жұмыс орнында бейімделу үшін қажетті білім мен дағдыларды игеруге көмектесті. Бағдарламанының нәтижесі бойынша 223 азамат «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-қа жұмысқа орналастырылды, көпшілігі үшін бұл – алғашқы жұмыс орны.

Бұдан басқа, ҚМГ компаниялар тобы бойынша тұрақты негізде Қазақстанның жоғары оқу орындарымен және ТжКБ-мен студенттердің өндірістік және диплом алдындағы практикасын ұйымдастыру және өткізу бойынша өзара іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізіледі.

Ішкі коммуникациялардың бірыңғай жүйесі

ҚМГ компанияларының тобында қолданылатын ішкі коммуникацияның бірыңғай жүйесінің регламенті жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында кері байланысты құру мен қолдау және ҚМГ компаниялар тобының еңбек ұжымдарында әлеуметтік-психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында құрылды. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында кері байланыс құру, қолдау және ҚМГ компаниялар тобының еңбек ұжымдарында әлеуметтік-психологиялық ахуалды жақсарту және қызметкерлермен тұрақты байланыста болу, ҚМГ кәсіпорындары бойынша «кері байланыс тетігін» ұйымдастыру мақсатында жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында ішкі коммуникациялардың бірыңғай жүйесі енгізіліп, жұмыс істеп келеді, оның маңызды элементі – еншілес ұйымдардың бірінші басшыларының еңбек ұжымдарымен жылына кемінде екі рет есептік кездесулері. Бірінші басшылар өз есептерінде ұжымға қазіргі жағдайды баяндайды: экономика, жұмыс көлемі, өндірістік жоспарлар, еңбекті қорғау, кадрлық және әлеуметтік мәселелер. Кездесулерде қызметкерлер өз сұрақтарын қоюға және оларға жауап алуға мүмкіндік алады

Ішкі коммуникацияның басқа түрлері де бар:

  • жедел шешім қабылдауды талап ететін мәселелерді талқылау мақсатында кәсіпорын басшыларының кәсіподақтармен, еңбек ұжымдарымен жоспардан тыс кездесулері;
  • корпоративтік ақпараттық сайт, газет;
  • бейне хабарландыру мониторы, қызметкерлердің ұсыныстары жәшігі;
  • команданы біріктіру: кәсіби жарыстар, спорттық іс-шаралар, корпоративтік мерекелер және т.б.

Бұл ереже әрбір қызметкердің сұрақтарын қойып, дер кезінде жауап алу мүмкіндігін қарастырады.

2022 жылы өндірістік персоналы бар 20 еншілес және тәуелді ұйым топ басшыларының еңбек ұжымдарымен 80-ге жуық есептік кездесуін өткізді. Жиындарда жұмысшылар көтерген негізгі мәселелер жалақыны көтеру, жұмысшылардың балаларын жұмыспен қамту, медициналық қызмет көрсетудің нақты мәселелері, еңбек жағдайын жақсарту мәселелері, соның ішінде ғимарат пен үй-жайларды жөндеу немесе салу қажеттілігі болды. Барлық сұрақтар бойынша қызметкерлерге тиісті түсініктемелер берілді, шешімдер қабылданды.

Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау

ҚМГ компанияларының тобында ҚМГ ЕТҰ-ның қызметкерлеріне көрсетілетін әлеуметтік қолдау түрлері мен нормаларын біріктіретін ҚМГ-нің кәсіпорындары үшін Ұжымдық шарттың үлгілік нысаны қабылданды.

ҚМГ компанияларының тобы бойынша барлық ұжымдық шарттарға сәйкес, әлеуметтік қолдау 35 түр бойынша көрсетіледі. Есепті кезеңде ұжымдық шарттар нормаларының барлық талаптары, кәсіпорындардың қаржы-экономикалық жағдайына қарамастан, ҚМГ-нің барлық кәсіпорындарында толық көлемде сақталды және қолданылады. 2022 жылы «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС, «Кеңқұрылыссервис» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «АМӨЗ» ЖШС, «Петроқазақстанойл Продактс» ЖШС,2022 жылы ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлерін әлеуметтік қолдау құны кәсіпорындардың жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне әлеуметтік көмекті қосқанда шамамен 24 млрд теңгені құрады. «Маңғыстауэнергомунай» ЖШС, «Мұнайтелеком» ЖШС ұжымдық шарттарының мерзімі аяқталуына байланысты жаңа редакцияда қол қойылды, көптеген әлеуметтік төлемдер бойынша мөлшерлер ұлғайтылды, бұл ретте ҚМГ тобы бойынша қолданыстағы нормалар ескерілді. Әлеуметтік төлемдер көлемі алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда айтарлықтай өскенін айта кету керек.

2022 жылы ҚМГ компаниялар тобының қызмет керлерін әлеуметтік қолдауға жұмсалған шығы стар көлемі, кәсіпорындардың жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне берілген әлеуметтік көмекті қоса алғанда, шамамен 24 млрд теңге болды.

Параметр 2020 2021 2022
Қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға жұмсалған қаражат, млрд теңге 21 22 24
ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлеріне көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың бөлінісі
Көрсеткіш %
Қызметкерлерді және олардың отбасыларын медициналық сақтандыру 33
Жұмыс істемейтін зейнеткерлерге материалдық көмек 17
Демалыс/қызметкерлердің тұрмыс жағдайын жақсарту/спорттық нысандарға бару 15
1 қыркүйекке дейін балалардың туылуына байланысты материалдық көмек / жүктілік және босану / ата-ананың демалысы / мектепке дейінгі мекемелерге төлем / оқу құралдарын сатып алу 13
Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға/әсіресе мұқтаж қызметкерлерге/мүгедектерге, жұбайы бар қызметкерлерге, бала кезінен мүгедек балаларына (1, 2 және 3 топ)/ қызметкердің қайтыс болуына байланысты материалдық көмек / оның мүшелерінің отбасыларына / жалпы мүгедектікке, мүгедектікке байланысты / емделуге ақы төлеуге / интернационалист-жауынгерлерге (ауғандықтар) / Чернобыль АЭС, Семей полигонын жоюға қатысушылар / жеңілдетілген шарттар негізінде уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы 8
Жасқа жетуіне байланысты (мерейтойлық/зейнеткерлікке) 6
Әлеуметтік қолдаудың басқа түрлері 8

2022 жылы ҚМГ тобы мердігерлердің еңбек заңнамасын сақтауына 177 тексеру жүргізді. Оның ішінде 156 тексеру жоспарлы болса, қалғаны жоспардан тыс тексеріс болды. Мониторинг барысында қызметкерлердің негізгі талаптары еңбекақыға және ҚМГ ЕТҰ қызметкерлеріне қабылдауға қатысты екені анықталды.

2022 жылы ҚМГ
177 тексеру
жүргізген

ЕТҰ-ның мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимылы

ҚМГ-де мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін олармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Регламент бекітілген.

Мердігерлік ұйымдардың еңбек қатынастары саласындағы міндеттемелерді сақтауы мақса- тында ҚМГ ЕТҰ-ның 21-і шарттық міндеттемелерге үлгілік регламент талаптарын енгізді.

Аталған жұмысты орталықтандыру шеңберінде корпоративтік орталықта мердігерлік ұйымдармен жұмыс жөніндегі сектор (IR) құрылды. ҚМГ ЕТҰ-да тиісті құрылымдық бөлімшелер ашылды. Осы бөлімшелердің қызметі еңбек заңнамасын сақтау, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету саласында мониторинг пен бақылауды жүзеге асыруға бағытталған

Маңғыстау облысында 12 ҚМГ ЕТҰ-да жеке IR бөлімшелері құрылды, ал бір ЕТҰ-да дербес IR бөлімі құрылмаған, ИК жұмысы басқа салалармен біріктірілген.

Атырау облысында ҚМГ үш ЕТҰ-да жеке IR бөлімшелері ашылды.

Ақтөбе облысында бір ТДК-да IR бөлімшесі ашылды, ал екі СДК IR жұмысын басқа салалармен біріктіреді.

Павлодар, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласында жекелеген IR құрылымдары жасақталған жоқ, мердігерлермен жұмыс басқа облыстармен біріктірілген.

Жергілікті жерлерде еншілес және тәуелді ұйымдарда мердігер ұйымдардың жұмыскерлерге қатысты қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауына тексеру жүргізетін жауапты тұлғалар тағайындалды.

Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың басынан бастап ҚМГ біздің ЕТҰ мен олардың мердігерлері арасындағы жалақыдағы алшақтықты азайту бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Осы мақсатта келесі шаралар қабылданды:

  • мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру;
  • тапсырыс берушінің жалақысына ұқсас инфляция деңгейіне дейін мердігерлердің жалақысын жыл сайынғы индексациялау туралы шешім қабылданды;
  • мердігер ұйымдардың қызметкерлеріне кепілдік берілген әлеуметтік пакет енгізілді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар Жаңаөзен, Атырау және Павлодар облыстарындағы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ведомствоаралық штабпен келісілген.

Маңғыстау облысы ҚМГ ТДК мердігерлермен осы өзгерістерді және тиісінше қызметтерге тарифтерді көтеруді көздейтін 158 қосымша келісім жасады. Жалақыны көтеру бойынша қабылданған шаралар 19 мыңнан астам жұмыскерді қамтиды. Орташа алғанда, жалақының өсуі шамамен 35-40% құрайды. Ақшалай есептегенде қосымша қол қойылған келісімдер сомасы 37,2 млрд теңгені құрайды.

Атырау облысында (АНПЗ) 12 қосымша келісімге қол қойылды. Жалақыны көтеру бойынша қабылданған шаралар 1,3 мыңнан астам жұмыскерді қамтиды. Орташа алғанда, жалақының өсуі 13-тен 76 пайызға дейін болады. Ақшалай есептегенде қосымша қол қойылған келісімдер сомасы 3,5 млрд теңгені құрайды.

Павлодар облысында (ПМХЗ) 29 қосымша келісімге қол қойылды. Жалақыны көтеру бойынша қабылданып жатқан шаралар 2,4 мыңнан астам қызметкерді қамтиды. Орташа алғанда, жалақының өсімі 14-тен 56%-ға дейін. Ақшалай есептегенде қосымша қол қойылған келісімдер сомасы 5,9 млрд.

Жалпы корпоративтік іс-шаралар

ҚМГ компаниялары тобында жыл сайын түрлі іс-шаралар өткізіледі. Салауатты өмір салтын насихаттау және кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында Спартакиада және «Үздік маман» сияқты іс-шаралар өткізіледі.

«Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы

2022 жылы 3-7 қазан аралығында Ақшабұлақ және Нұралы ҚГМ кен орындарында 17 ҚМГ ЕТҰ өкілдерінің қатысуымен 13 жұмысшы мамандығы бойынша конкурс өткізілді: мұнай және газ өндіру операторлары, ұңғымаларды сынау, қабат қысымын ұстау, мұнайды өңдеу. , технологиялық қондырғылар, жөндеу және жөндеу жұмыстары бригадалары, слесарлар, электр және газбен дәнекерлеушілер, электриктер, химиялық талдау зертханашылары, компрессорлық қондырғылардың машинистері мен токарлары.

ҚМГ корпоративтік байқауына бірінші жүлдені жеңіп алған ҚМГ еншілес ұйымдарының ішкі конкурстарының жеңімпаздары қатысты.

Байқаудың теориялық бөлімі онлайн режимінде электронды тестілеу форматында өтті. Тәжірибелік тапсырмаларды орындау үшін нормативтік-құқықтық актілер әзірленді, пайдаланылған жабдықтар, құралдар, жұмыс орындары ҚМГ конкурстық комиссиясымен қаралды және келісілді. Тәжірибе ҚМГ кәсіпорындары қызметкерлерінің өндірістік персоналының арасынан таңдалған қазылар алқасының мүшелерімен бағаланды.

Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау драма театрында өтті. Бекежанов Қызылорда облысының жергілікті саз өнерпаздарының өнерімен.

Жарыс жеңімпаздары жүлделі орындарға ие болып, «Үздік Маман» медальдарымен және дипломдармен марапатталды. Олар сондай-ақ ҚМГ Басқарма Төрағасының қатысуымен Қазақстан Республикасы күніне арналған ҚМГ салтанатты жиналысына шақырылған. Іс-шараға барлығы 230-дан астам қатысушы, оның ішінде 120 үміткер қатысты.

ҚМГ спартакиадасы

Еңбек ұжымдарын біріктіру мақсатында 2022 жылы ҚМГ спартакиадасы өткізілді.

Спартакиадаға сегіз топқа бөлінген 33 кәсіпорынның 1,6 мыңнан астам адам қатысты. Спартакиада екі кезеңде өтті: ЕТҰ орналасуы бойынша бөлінген сегіз топтағы бірінші іріктеу кезеңі сол жылдың жылдың 18 шілдесіне дейін өтті. Ақтық кезеңі Атырау қ. 2022 жылдың 8-12 тамыз аралығында өтті.

Соңғы бөлімге еншілес және тәуелді ұйымдардың 400-ге жуық өкілі қатысты.

Жарыс келесі спорт түрлері бойынша өткізілді: шағын футбол, волейбол, баскет- бол, үстел теннисі, теннис, шахмат, жүзу, тоғы- зқұмалақ, арқан тарту, жеңіл атлетика.

«Самұрық-Қазына» АҚ спартакиадасының фина- лында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ суперкубок жеңіп алды